Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет22/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Тақтұяқтылар отряды.

Бұл отрядқа қазірде 3 тұқымдас (жылқы, тапир, мүйізтұмсықтар) жатса, Қазақстанда тек жылқы тұқымдасына жататын түрлері кездеседі.



Жылқылар тұқымдасы.

Тұқымдастың өкілдері ашық далада тіршілік етуге бейімделген. Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есекқұланзебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ.дейін Батыс ҚазақстанБатыс СібірРесейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияныңсолтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.


Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет