Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет58/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

Майын шелдеу дегеніміз- теріні қайқы пышақпен немесе шалғымен етінен, майынан тазалау. Сонда теріге тұз жақсы сіңеді. Жақсы сіңген тұз жүн талшығының беріктігін арттырады.


Сурет 2.3.8 Ондатрдың қапшық тәрізді сыпырылған терісі

Өйткені оның құрамындағы ақуыздар, майлар, ферменттер мен сулар ұсақ ағзалардың дамуына мүмкіндік береді. Сонан терідегі жүн талшықтарының жидуіне, түсуіне әсер етеді, сондықтан оны тұздайды. Тұз бактериялық процестердің тез тоқтауына ықпал етіп, терінің төзімділігін арттыра түседі.

Кептірудегеніміз - түздалған теріні белгілі бір уақытқа дейін түзда жатқызып, сонан соң оларды алып, қанарда немесе жіпке іліп кептіру.

Тазалау.Тұздап кептірген соң оның тұзын қағып тазалап, жүндерін жақсылап тарайды.

5.Тау тышқанын сою. Тышқанды сояр алдында союшы тұмсығынан ұстап, басын шалқайтып, өткір пышақпен тамақтың түбінен тік төмен қарай тіледі. Сонан кейін сойылған тау тышқанын шалқасынан жатқызып, артқы тесігінен құрсаққа дейін, құрсақтан артқы аяғының ұшына дейін тіледі. Екіншісін де дәл солай етеді. Құйрығын кесіп алып, сонан соң артқы аяғының терісін ажыратуға кіріседі.

Терісін сыпыру.Тау тышқанын қақпанмен ұстап, ұрып өлтіреді, сонан соң ғана сояды. Терісін қапшық, шұлық, құбыр тәріздес етіп сыпыруға болады. Тау тышқанын артқы аяғының терісін ажырату үшін әуелі тұяқ көбесінен айналдырып кесіп алады, келесі аяқты да дәл осылай етеді. Сонан соң терісін аяқтан ажыратып, аяғынан іліп, терісін сыпыра бастайды. Сыпырылған тері қапшық сияқты болып, алдыңғы аяғына келіп тіреледі. Алдыңғы аяғының терісін абайлап ашып алады. Екінші аяғын да дәл солай етеді.

Ең соңында бас теріге келіп тіреледі. Бас теріні сыпыру әрине қиындау. Сондықтан бас терісін пышақпен абайлап осып, тарта отырып, құлағын ашып, сыпырып алады. Тау тышқанының қапшық тәріздес сыпырылған терісі көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет