4. Ондатр сою.Ондатрды мылтықпен атып алса, терісінің тауарлық құндылығы төмендейді. Сондықтан оны қақпанмен ұстайды. Содан кейін ғана оны ұрып өлтіреді. Өлген ондатрды өткір пышақпен артқы тесігінен артқы аяғының тұсына дейін, артқы аяғының тұсынан басына дейін тіледі. Екіншісін де дәл солай етеді. Сонан соң құйрығын кесіп алып тастайды.