Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет65/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

7. Тау тышқанының терісі

Тау тышқанының ерекшелігі жүні едәуір өскелең, түбітінен біршама ұзарып өскен қылшығы жақсы жетілген. Терісінің түсі сарғыштау, қара қоңыр, жотасына қарағанда бүйір жүндері ақ боз, бауыр жүні ақшыл сары. Басы қоңырқай, жотасы сарғыштау. Жүн талшықтары қылшық пен түбіт аралас өте майлы тері. Тау тышқандары жүнінің түбіті жаз айларында азайып, қысқа қарай түбіт саны артады.

Аң терілерін илеу тәсілдері

Аң терілерін илеген кезде мына тәсіл қодлданылады. Ол — жүнін тарау тәсілі, қалғаны жалпы илеу тәсіліндегідей.

  1. Сумен жібіту;

  2. Жуу;

  3. Шелдеу;

  4. Ерікке салу;

  5. Қатырып бекіту;

  6. Кептіру;

  7. Ағаш үнтағымен жұмсарту;

  8. Ыдыратып жұмсарту;

  9. Жүнін тарау;

  10. Әрлеу.


Аң терілері түбітті келеді. Аң өте түбітті және түбіт, қылшық аралас жүнді аң болып бөлінеді. Сол себептен илеу технологиясында да айырмашылық бар.

Аңның түбіті қалың терілерін бітеу барабанда ағаш ұнтағымен жұмсартқанда, ұйысып қалады. Ұйыспас үшін оған домалақ резеңке шарик салу қажет. Жүнінің ұйпаланып, оралып қалғанын тарап жазу өте қиынға түседі, кейде мұндай терілерді бракқа шығарады.

Жүн талшығының жұмсақтығы мен жібектілігін қолмен сипау, көзбен көру жолымен білеміз. Тері талшығының жібектілігі біркелкі болмайды. Бірінде ол өте жұмсақ, екіншісінде— қатқыл, үшіншісінде құрғақ болады. Талшығының жібектілігі жеткіліксіз болса терінің өзіндік құны кемиді. Талшығының жұмсақтығы секілді оның жылтырлығы да терінің маңызды элементі болып саналады.

Аң терілеріне тән толып жатқан белгілердің ең маңыздылары мыналар: көлемі, топографиясы, жүнінің ұзындығы мен қоюлығы. Аң терілерін илеу тәсілін оның түбіттілігіне, көлемділігіне, орташа, шағындығына, қалыңдығына және жұқалығына қарай қолданады. Илеген кезде ең көп өзгеріске ұшырайтыны: терінің көлемі, жүнінің қоюлығы, қалындығы.

Аң терілерінің жоғары сапада болуы оның иленуіне, ерікке салынуына, қатырып бекітілуіне, кептірілуіне, жұмсартылуына, ыдыратылуына, жүнінің таралуына, әрленуіне байланысты. Осы аталған тәсілдерді толығымен атқара білсе, жоғары сапалы тері алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет