Еркебұлан (6 жаста). Суретте анасы екеуін бейнелеген. Себебі, олар екеуі ғана тұрады. Анасы екеуі арасындағы ара қашықтық қарым-қатынастағы алшақтықты білдіреді. Бала суретіндегі күрең түстер оның отбасы мүшесіне деген жағымсыз көңіл күйін білдіреді. Ол адамдардан бұрын түрлі жиһаздарды сала бастады, бұл оның түрлі тапсырмаларды орындаудағы қорғаныш реакциясы болып табылады. Бұл суреттен баланың дербестігін көруге болады.
Айым (6 жаста). Суретте отбасы мүшелерін салмаған, керісінше теледидарды салған. Бұл баланың отбасындағы оқшаулануын білдіреді. Сурет көлемінің үлкендігі – бала бойындағы эгоцентризмді, ата-ана махаббатына деген ұмтылысты көрсетеді. Бұл суреттен бала үшін ата-анасының ролін теледидар алмастырғанын көруге болады.
Балалар салған суреттерінен олардың отбасынан оқшауланғандарын көруге болады. Отбасындағы жағдай бала бойындағы жастыну, жабырқау сезімдерінің пайда болуына себепші болған. Зерттеуге қатысқан балалардың басым көпшілігінің отбасында бірлік, ынтымақтастықтың тапшылығын байқауға болады. Балалар суреттеріндегі жағымсыз эмоционалды (фон) баланың керексіз болып қалғандығының белгісі.
Зерттеуге қатысқан 25 баланың (оның ішінде 10 бала эксперименттік топ, 12 бала бақылау тобы. Балалардың 20% салған суреттері ретсіз, сызба тәріздес болып, олардың мүшелеріне деген жағымсыз қатынастарын көрсетсе, 50% суреттерінде тек өздерін ғана салған. Бұл бала бойындағы оқшаулану, отбасындағы қарым-қатынастың тапшылығын білдіреді.
Кейбір балалар тапсырманы орындауға бірден кіріссе, енді біреулері үшін тапсырма бірнеше рет қайталанды. Екіншіден, 5 бала сурет салу үрдісінде үлкендердің қосымша көмегі мен әңгімелесуін қажет етті. Үшіншіден, балалардың көпшігінің (5 бала) салған суреттері сызба түрінде болды. Ал бұл отбасындағы эмоционалды үйірлік, ынтымақтастық тапшылығын, кикілжің қатынастарды білдіреді. Балалар суретінде иерархиялық қатынастарда да ерекше байқалды.
Асқар (6жыл 4 ай). Оның суретіндегі әкесінің бойының ұзындығы сонша, ол параққа сыймай қалды. Бұл бала әкесінің доминантты екенін бейнелейді.
Айым (6 ж. 6 ай). Салған суретінен отбасы мүшелеріне деген қатынасын көреміз. Алдымен анасын, кейін өзін, тек соңында ғана әкесін бейнеледі. Бұл суретте иерархиялық қатынастар барабар (адекватты) болғанымен, әлсіз байқалған.
«Отбасы суреті» әдістемесін өңдеу төмендегі кесте бойынша жүргізіледі.
Кесте 5 - «Отбасы суреті» әдістемесін өңдеу
№
|
Ерекше белгілер
|
Суреттегі белгілер құрамы
|
1
|
Суреттің жалпы көлемі
|
|
2
|
Отбасы мүшелерінің саны
|
|
3
|
Отбасы мүшелерінің бейнесінің көлемдері:
|
|
|
Анасы
|
|
|
Әкесі
|
|
|
Әпке - сіңлі
|
|
|
Аға – іні
|
|
|
Ата
|
|
|
Апа т.б.
|
|
4
|
Отбасы мүшелерінің арасындағы ара қашықтық
|
|
|
Олардың арасындағы заттар
|
|
5
|
Жануарлар бейнесі
|
|
6
|
Суретті бейнелеу түрлері:
|
|
|
Сызба түрінде
|
|
|
Эстетикалық бейнелеу
|
|
|
Метафоралы бейнелер
|
|
|
Түрлі әрекет үстінде
|
|
7
|
Жағымды эмоциялар деңгейі (1,2,3 балдық жүйе бойынша
|
|
8
|
Жағымсыз эмоциялар деңгейі (1,2,3 балдық жүйе бойынша)
|
|
|
Сурет салудағы ұқыптылық деңгейі (1,2,3 балдық жүйе бойынша)
|
|
Зерттеу барысында анкеталық сұрақтар бердік:
Бала тағдырына деген әкелік, аналық жауапкершілігіңізді қалай түсінесіз?
Қыз баланың тәрбиесіне қаншалықты мән бересіз?
Ер баланың қандай болып өскенін қалайсыз?
Өз тілегіңіздің орындалуы үшін тәрбиені қалай, қай бағытта жүргізе
сіз?
Балаңызға кітап оқып бересіз бе? Қандай ертегі, әңгімелер оқыдыңыз? аттарын, кейіпкерлерін атаңыз.
Балаңызбен бірге ойнайсыз ба? Қандай ұлттық ойындарды ойнадыңыз?
Балаңызбен жұмбақ шешіп, мақал-мәтел, нақыл сөздер жаттадыңыз ба?
Балаңызды еңбекке қалай баулисыз?
Балаңызбен бірге қандай спорт түрімен шұғылдандыңыз?
Логопед, педагогтардың тапсырмасын қалай орындайсыз?
Экспериментке қатысқан ата-аналарға төменде берілген сөздер тізбегінен балаңызбен қарым-қатынаста жиі қолданатын сөздері көрсету тапсырылды:
Саған қаншама рет қайталауға болады? -2
Маған өз ақылыңда айтшы -0
Мен сенсіз не істегендей едім -1
Сен, өзң кімге тартып туғансың? -2
Сенің достарың жақсы балалар -1
Андағы түрің қалай? 2
Мен сендей кезімде... 2
Сен менің сүйенішім, көмекшімсің 1
Сенің достарың бұзақы балалар -2
Сен, осы не ойлайсың?! -2
Сен неткен ақылды баласың! -1
Балам, сен қалай ойлайсың? -1
Елдің баласы бала, ал сен ше? -0
Сен неткен зерек едің! -1
Сонымен, ата-аналардың берген жауаптары төмендегідей есептелінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |