Еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыттау, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау
көрсету арқылы жүзеге асырамын.
Пәнаралықбайланыс
дүниетану, көркем еңбек, жаратылыстау, қазақ тілі. Берілген өлең мазмұнына сәйкес сурет салуы көркем еңбек пәнімен байланыс пайда болады. Қорытынды ой айтылған өлең жолын тауып жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс
Нұсқау: Ортаға шығып шеңбер жасап тұрыңыздар. Түн деген кезде бір-бірлеріңіздің иықтарыңызға басыңызды түйістіріп ұйықтаңыздар. Әтештің дауысы естілгенде ұйқыдан оянасыздар. Сағаттың шырылы естілгенде терезеге қарайсыздар. Шыққан күнге қарап күлесіздер, қолдарыңызды үш рет шапалақтайсыздар, орындарыңыздан үш рет секіресіздер.
Күн Түн Таң
Кеш деп
жазылған қима қағаздар
«Жарқырап төбеден нұрын төгіп тұрамын» демекші, алдарыңыздағы таңғы табиғаттың күйі жазылған қима қағаздарды алу арқылы 4 топқа бөлінеміз. (сөздер жазылған қима қағаздар төңкеріліп тұрады)
1 топ – Күн 2 топ – Түн 3 топ – Таң 4 топ – Кеш
Оқушылар таңдап алған сөздері туралы өз ойларын көркем сөздермен суреттеп айтады.
Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.