Зерттеудің мақсаты: Бастауыштың жаңартылған білім мазмұны аясында пәнаралық байланыстың педагогикалық шарттарын, теориялық және әдістемелік негізін анықтау және оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.
Зерттеудіңміндеттері:
- бастауыштың жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту мәселесіне арналған нормативті-құқықтық құжаттарды, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау арқылы «пәнаралық байланыс» ұғымын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, анықтама беру;
- бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнына көшуде пәнаралық байланыс ұйымдастыру мен өткізудің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін айқындау.