Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
жаңартылған білім мазмұнын беретін оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негізінде жеке тұлғалық болмысын дамытудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
бастауыштың жаңартылған білім мазмұны негізінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыста оқушылардың ғылыми-танымдық әрекеттері, олардың жеке тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуының барысы, қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері қарастырылды;
бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушы тұлғасын дамытудың тәжірибелік-эксперименттен өткізілуі, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дәлелденуі.