Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы Қызылорда, 2022 жыл


Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер



бет5/14
Дата06.06.2022
өлшемі170,11 Kb.
#36415
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ақбота диплом

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер.

  • жастарға спорт өнері арқылы эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеуге арналған әдістемелік ұсыныс;

  • спорт өнері арқылы жастарға эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруге арналған арнайы тәрбие жұмысының бағдарламасы.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және 41пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 4-кесте, 2 суреттен тұрады.



  1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



1.1 Жастардың рухани, мәдени, дүниетанымдық деңгейінқалыптастырудың кейбір мәселелері

Біздің өміріміз әртүрлі жағдайларға толы. Оның қиыншылығы мен қуанышы, рахаты мен қасіреті де бар. Өмір бірыңғай әзіл-күлкіден немесе керісінше мұңнан да тұрмайды.


Ендеше, күнделікті тұрмыстық жағдайымызда әр кезде кездейсоқ кездесетін осындай күрделі құбылыстарды қалай шешеміз? Қарсы келген қиыншылықтарға қалай төтеп береміз? Тіпті ауру-сырқаудың жетегінде кетіп қалсақ ше? Әрбір іске табандылық танытып, қажырлы да қайратты, икемді де епті, төзімді де шыдамды, алғыр болуға қалай үйренеміз? – деген т.б. сұрақтар жауабын спорт өнерінен іздеуіміз керек[14].
Біздің өміріміз сәби жастан қартаң жасқа дейінгі аралықтағы көптеген қимылдарды қарастырады, қамтиды. Әрбір дене қимылы – бұл дененің жетілуін, қимыл машықтығын, сауығуын, шынығуын қамтамасыз етеді. Ал, бұлардың бірі спорт өнерінен көрініс табады.
Дене қимылы ойыңды ұштап, көңіліңді сергек етеді. Өмірде кездесетін қиын сәттерді оңай шешуге көмектеседі, ерік-жігеріңді шыңдайды. Сондықтан, спорт өнерінің қадір-қасиетін неғұрлым жас сәби кезеңінен қастерлеп серік еткейсің.
Спорт өнерін неғұрлым жас кезеңнен бастап серік етсең, соғұрлым оның саған тарту етіп берері де мол. Ол бізді тәртіптілікке, өнегелілікке, азаматтыққа, батылдыққа баулиды. Жаман әдеттен сақтандырады. Бойымызда ізгілік, адамгершілік қасиеттеріңді, жақсы мінез-құлықты қалыптастыруды дамытады. Тек оған саналы түрде үзбей қатысу керек[15].
Спорт өнеріне қатыса жүріп оның көптеген басқа ілімдермен тығыз байланыста болатынына да көз жеткізесің. Адам қимылының биохимиялық (қозғалу, қимылдау заңдылықтарын), әрбір жаттығу сабағында денеге түсетінфизиологиялық жүктемелер әсерін, әрбір жауапты жарыстар барысындағы психикалық, логикалық, тактикалық ой-әрекет қақтығыстарын санаңнан сүзіп өткізесің. Бұл ақыл-ойыңды ұштай түседі.
Адам денесінің, ағзасының даму, жетілу заңдылықтарын меңгересің. Әртүрлі гигиеналық факторлардың денеге, денсаулыққа әсерін анықтай аласың. Нәтижесінде адам өмірінің ұзақ, әрі іскер болып өмір жасау сырларын аша түсесің.
Спорт өнері жылдап тер төгуді, ерінбей еңбектенуді қажет етеді. Сонда ғана өз жемісін береді. Темекі шегу, ішімдік қолдану сияқты жат қылықтар спорт өнерінің қасында қабат жүре алмайды. Сен спорт өнері арқылы мінез-құлық, жақсы әдет қалыптастырамын десең, теріс қылықтардан әркез аулақ болуың керек. Бұл қағиданы еш кақытта естен шығарма! Әйтпесе, жылдап төккен терің зая кетеді...
Сен – болашақ әкесің, анасың. Бұл – биологиялық құбылыс. Ендеше сенің болашақ ұл-қызыңның жаман әдеттен аулақ болуын қаласаң, ондай әдетке осы бастан өзіңді үйір етпе.
Мақтаншақтық, еріншектік, әлжуаздық, қорқақтық, жігерсіздік, т.б. сенімсіздік көріністері спорт өнерімен шұғылданбаушылардың бойына ғана тән. Ал, бұл кейіптегі адамдар өмірдің қиын сәттерінде өзіне де, өзгеге де қамқоршы болып, қайраттылық танытпайды. Сағы сынғыш болып, тез мойды. Шынында бойын үрей билеп, екі иығы енкіш тартып жүретін адамнан қандай қамқор күтер едің... Оларды қарттық ертерек қуып жетеді. Денесінің функционалдық мүмкіндігі төмен болады.
Спорт жарыстарына қатысу арқылы біз көптеген әртүрлі тұлғамен, мінез-құлықпен, жер-сумен, қала-шаһармен жүздесіп, кездесеміз, көреміз. Мұның бәрі түптеп келгенде біздің дүниетанымымызды, айналаңа көзқарасымызды, әстетикалық талғампаздығымыздыды, пайымдаушылығымызды дамытып, адамдар арасындағы ізгілік қалыпты, қатынасты жетілдіреді [13].
Басқа мамандық иесі болып тұрып та спорт өнерін серік етуге әбден болады. Бұл сенің интеллектуалды, жан-жақты білімді, өнегелі, өнерлі, жоғары әрудициядағы азамат екеніңді танытар еді. Спортпен тиянақты шұғылдану сені тұлғалы етеді. Дене қасиеттерін, қимыл-қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Нәтижеде дене мәдениетін жетілдіру арқылы жалпы мәдениетіңнің де деңгейін жоғары болуын қамтамасыз етесің. Жақсы, нағыз спортшы еш уақытта көп сөйлеп көпірмейді, әлжуаздарға күш көрсетіп, мақтанбайды. Өзінің спорттық атағын, даңқын, тұғырын абыроймен сақтап қалуға, оған дақ түсірмеуге тырысады. Спорттық этикаға жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды.
Қазіргі кезде жастар тәрбиесінде назар аударарлық бірқатар келеңсіздіктерді, олқылықтарды байқауға болады. Бұған бейтарап қарауға болмайды. Біз жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтардан гөрі, уақытымыздың көбісін күнкөріс, ақша табу бағытына бұрып жібергендейміз.
Қазір жастарды «тик-ток»,» «инстаграмм», т.б. әлеуметтік желілердің келеңсіз бағыттары тәрбиелеп жатыр. Санасын, ой-түйсігін, ойлау қабілеттерін деградацияға ұшыратуда. Бұларды жастармен өзара пікір алмасулар мен сөз қатынастары барысында байқауға болады. Көптеген нақты мысалдар да келтіруге болады. Бұл «қаңтар оқиғасы» кезіндегі жағдайларда да көрініс тапты.
Осыдан кейін, оқу орнындағы студенттерге төрт жыл мерзімінде ұлттық құндылықтарды, мәдениеттілікті, интеллектісін, дүниетанымдарын, үлгілі мінез-құлық этикеттерін қалыптастыра алдық па? – деген заңды сұрақ туындайды. Ұстаздар мен тәлімгерлер жадынан бір сәтте осы сұрақтар түспеуі керек-ақ. Оны өзара қатынастарда, әртүрлі мәдени-спорттық шараларында, пікірталас, дебат клубтарында дәріс, тәрбие сабақтарында жүзеге асырылатын дүниелер. Бұлай ету әрбір жастардың ішкі-сыртқы мәдениеттілігін, ұлтқа, елімізге, жерімізге, тілімізге, дінімізге деген ұлттық патриоттық жауапкершілігін, ұстанымдарын қалыптастырар еді.
Кері кеткен тәрбие жағымсыз ойларға, іс-қимылға, әрекеттерге бой алдырады. Жастарға көркем мінезді, жақсы әдетті, жақсы орта қалыптастыруымыз керек. Көп оқу, көп іздену, көп еңбектену, ақылды істерге ұмтылу сөз жоқ жастар болмысына, мінездеріне жақсы әсер етіп, ұлттық болмыстарын шыңдай түседі. Бұл тұста мұндай ізгілікті істерді кімдер, қалай, қайтіп жүргізіп ұйымдастырып жүргізуде деген заңды сұрақ туындайды?
Ал, дүниетанымдылықты қалыптастыруды жүзеге асыру үшін адамдар арасында жағымды қатынастар, елді, жерді, табиғатты, әсем қалаларды көру, бару, аралау тікелей жақсы әсер етеді. Бұл әсіресе спортшылар, өнер адамдары өмірінде жағымды, жақсы әсер етеді. Олар көп елді, жер-жаһанды аралайды. Өзге халықтың мәдениетімен, тарихымен, әсем табиғатымен, сұлу қала көріністерімен танысып, мінез-құлқын тәрбиелеп, ой-өрісін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді. Әртүрлі ұлт өкілдерімен танысып, жолдастық, достық қатынастарын нығайтады.
Студент жастарға төмендегідей сұрақтар қоюға да болады: Қай елді, қай жерді араладың? Ортада, достарыңнан қандай ізгі қасиеттерді, ақылды үйрендің? Өз қатарларыңның алдынан көрініп жүрсің бе? Қандай спорт түрлерімен шұғылданасың? Қандай өнерді меңгердің (сурет, би, ән, т.б.)? Мұражайға, театрға неше рет бардың? Қандай кітаптар оқыдың? Осындай ұлттық құндылықтарға үйндейтін, жол ашатын сұрақтар әрбір жастарға тән болуы керек.
Оқуға, ізденуге, еңбектенуге ықыласы төмен, енжар жастар ұлттық құндылықтардан кенже қалып қояды. Мінезі шәлкес, кертартпа, еріншек, жалқау, өзін үнемі жетілдіріп отырмайтын жастар өсе келе өмірден өз орнын табуда көп қателіктерге жол береді.
Сондықтан жастар орда бұзар отызға дейін өмірден өз орнын адаспай, шатаспай тауып жатса дұрыс. Тәрбиелік ұстанымға лайық орта, ақылы, мінезі үлгі боларлық шынайы достармен өзара игілік, ізгілікке толы қатынастар да біздің ұлттық болмыс, рухымызды дамытып, қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Ол үшін дуалы ауызды, ақылы мен нақылы, өмірі мен өнегесі, өмірде тоқығаны мол, көргені, естігені көп ата-әжелерді, ұстаздарды тыңдап жүрсек артық болмас. Әрі ұрпақ сабақтастығындағы ұстанымдары жалғасын табар еді.
Кезінде Абай да айтқан: «Адамнан адамнан артықшылығы ғылым, мінез,, ақыл, ар-ожданы арқылы ерекшеленеді», - деп[11]. Бұл қабілет-қасиеттерге ұмтылу, ие болу бәріміздің ұстанымымыз болу керек. Ұлы адамдардың сөзіне құлақ асып, сол ізбен жүрсек жаман ойға, жолға түспесіңіз анық.
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын, ұлттың бет-бедері болатын көк жәшігіміз көңілден шықпай тұр. Үнді мен кәрістің, түріктің хикаяларын көрсетуден жалықпайтын арналарда талғам аз. Бір-бірінен көшіріп басу. Ұлттық мәдениетті, тарихты, өнерді дәріптемейтін арналар кімге опа? Шоу, арзан күлкі, орынсыз оспақты арқау ерткен жобаларды азайтатын көркемдік кеңес, арнайы Заң керек. Әр арна ойына келгенді көрсетіп, жастардың санасын улап жатыр. «Қалаулым», «Астарлы ақиқат» сынды жобалар ұлттық құндылықты әспеттеп жатқан жоқ, есесіне қор етуде. «Келініне нәпсісі қозған ата», «Ағасының келіншегін жәукімдеген іні», «Балдызын зорлаған жезде», т.б. сынды тақырыптарда қазақы мәдниет сезіледі ме? Керісінше ұлтты аздырудың лебі сезіледі. Ал, жігіт іздеп жүрген қыздың сиқы қазақы салт-дәстүрімізге тән бе? Қазақтың ұлттығы, ұлылығы - қазақ экранында сезіліп тұру керек. М.Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе», - деп бекерге айтпаған[12].
Тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Көршілес елдер осы мәселені терең түсініп, экран арқылы жастардың бойына ұлттың мәдниетін, тарихын, намысын, өнерін сіңіруді, насихаттауды әлдеқашан қолға алған. Бізде де жастар тәрбиесіне жіті назар аударатын кез келді.
Л.Толстой «Мектепте көптеген пәндер оқытыла береді. Оның ішінде керегі бар, керек емесі бар. Бірақ та адамгершілік пәні оқытылмайды», - деп ХҮІІІ ғасырда айтып кеткен[13].
Бүгінгі күні осы сөздің мәнін, құнын мәңгілік жоймайтындығын түсініп келеміз. Адамда адами қасиет болмаса хайуанға айналатыны белгілі. Оны өмірдің өзі дәлелдеуде. Кешегі қаңтар қасіретіндегідей орын алған ашу-ызаға, кектенуге, айқай-шуға беріліп, қайғы-қасірет, мұңға толы келеңсіздіктерге жол бермеудің жолы да жастар тәрбиесінің осал тұстарын көрсетсе керек. Мәдениетті, ақылын алға қойып, ашуын тежей алатын, адамгершілігі мол азаматтарды тәрбиелеу бағытында жұмыс жасайтын тәрбие құрылымдарын түбегейлі жаңа форматта, жаңа сипатта қарастырылуы керек. Материалдық құндылықтан гөрі рухани құндылықтар алға шыққаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет