Дипломдық ЖҰмыс 5В010800 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы Қызылорда, 2022 жыл


Спорт өнерінің эстетикалық мән-мағынасы



бет6/14
Дата06.06.2022
өлшемі170,11 Kb.
#36415
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ақбота диплом

1.2 Спорт өнерінің эстетикалық мән-мағынасы

Спорт өнері-тек бұлқынған бұлшық етті жетілдіру,тожарған жеке дара жеңімпаздарды дайындауды ғана мақсат тұтпайды.Олимпиадалық ойындардың негізін қалаушы Дье-Кубертон «Ең бастысы жарыста жеңімпаз атану емес, оған қатысу», - деген болатын[13].Ал, спорт жарысына қатысушы әрбір спортшының жеңімпаз болудан үміткер екенін ескерсек сол дәрежеге жету үшін қаншама еңбек, күш жұмсалып тер төгіледі десеңізші! Бұл түсінікті де. Демек, шынығу, еңбектену, тер төгу, жеңімпаз атану адамның ішкі қажеттілігінен, спорт өнерін серік етемін деген эстетикалық көзқарасынан туындайтын нәрсе. Ал, осы ізгі қасиеттерді спорт өнері арқылы жасөспірімдер бойына қалыптастыруда,олардың эстетикалық талғампаздығын жетілдіруде күнделікті іс-әрекеттеріміздің тікелей қатысы бар екенін кейде назардан тыс қалдырамыз. Жасөспірімдерді спорт өнері арқылы өзін-өзі ұстай білуге, сыпайы-әдепті болуға, киім-киюді, тіпті шаш қоюды, жинақы жүруді, күнделікті тұрмыста қалыпты іске айналдыруға үйрету әр ұстаздың төл ісі. Әдепті спортшы еш уақытта көкірек қағып жарыста алған алғашқы дипломына мақтанбайды. Керісінше, ұжым жеңісі және намысы деп түсінеді.


Бұрын арнайы спорт залдары,алаңдары жоқ мектептерде сабақ өтудің көптеген қиыншылықтары болатын. Сондықтан да сабаққа қатысатын өз талап та өз дәрежесінде емес еді. Қазір барлық мектептерде арнайы спорт залдары, киініп-шешінетін бөлмелер бар. Өкінішке орай тіпті пайдалануға берілгеніне екі жыл болмай-ақ спорт залдың дуалдары ысталып, шаң-тозаң басып кетеді. Мұның себебі, қыс мезгілінде 30-40 сыныпкешендеррін қамтитын мектептерде таңертеңгі сабақ басталу мерзімінен кешкі біту мерзіміне дейін үзіліссіз сабақ өтілуінде. Осының өзі спорт залдың арасын бұзып шаң-тозаңның жиналуына себепші болады. Осыны болдырмаудың жолы бар ма?
Ол үшін оқушыларға сабаққа арнайы, таза спорт киімімен қатысу жөніндегі бірыңғай талапты күшейту керек. Оқушы үстіндегі олпы-солпы жуылмаған спорт киімі әр жерді басып келетін табаны лас аяқкиім спорт залға тазалық әкелмесе керек. Ал, зал ішінде сырт киіммен, баскиіммен жүру біздің әстетикалық талғамымызды танытпайды.
Кейбір ауыл мектептерінің мұғалімдері оқушылардан сабаққа бірыңғай киім киіп келуді талап етеді де сабақты өзі күнделікті киіммен өткізеді. Бұл тіптен дұрыс емес. Бізге педагогикалық принцип негіздері мұндай талап қоймайды. Мұғалім - шәкірт үшін үлгі боларлық негізгі тұлға. Оның өз мамандығына сай жұмыс орнында арнайы киіммен болуы шарт. Шәкірт ұстаздың киім киісіне, іс-қимылына,оқыту әдісіне еліктейді. Оны өзіне үлгі санайды. Жақсы қасиеттерінен дәріс алуға тырысады. Демек, біз іс-әрекетіміз арқылы оларды эстетикалық талғампаздыққа, жақсыға еліктеушілік, жаманнан жиренушілік әдеттерге баулимыз.
Соңғы уақытта спорт залға кіруге дейін оқушылар шешініп-киінетін бөлмелердің гигиеналық тазалығына мән берілмей жүр. Онда киім кабиналары жасалып оқушылардың жас, жыныс, ерекшеліктеріне лайықталып киім ілгіштері ілініп,орындаықтар қойылса ол бөлмелер аяқ басты болмас еді.
Сондықтан да болар облыс көлемінде жаңа жетілдірілген оқу бағдарламасы талап дәрежесінде сабақ ұйымдастырып жүргізуге толық жауап беретін кешенді спорт алаңдарының саны аз,сапасы төмен. Қазір жаңа оқу жылының басы,осы кемшіліктерді түзетудің мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Басқа облыстарға қарағанда Қызылорда облысы жағдайында көктемнің ерте шығып қыстың кеш түсуіне байланысты дене тәрбиесі сабақтарының басым көпшілігі мектептің жазғы спорт залында өткізіледі.
Соңғы кездері түрлі спорт жарыстары көптеп өткізіліп жүр. Бұл дұрыс-ақ. Өйткені, спорт үшін неғұрлым спорт жарыстарына көбірек қатысса соғұрлым оның техникалық,тактикалық шеберліктері шыңдала түспек,ашығын айтсақ сол жарыстардың көпшілігі эстетикалық талғам дәрежесінде ұйымдастырылмайды. Өтілетін орынның тазалығы, насихат бильбордтармен безендірілуі, төрешілердің, спортшыладың арнайы киімдері, спорттық атрибутика мен ритуал,жарыстың басталуы,жабылу салтанаты,төрешілерге қойылатын талап,міне,осылар жарыс өткізудің негізгі компонентері. Ал,2-3 команданы шақырып алып,оған аудандық, облыстық деп айдар таққанмен спорттың бұқаралығы артып,халықтық сипат алмайды. Жарыс төрешілерін алдын-ала арнайы дайындықтан өткізсе құба-құп олардың тыңғылықты дайындығы жақсы аяқталған жарыстың қорытындысымен бағаланады. Жарыс барысында менмендікке, лепірме дөрекілікке жол бермеу керек. Мұның өзі жарысушылардың эмоциясына мінез-құлқына кері әсер етеді және спорттық этиканың талаптарына сай емес. Сонымен бірге өтілетін жарысты тәрбие орны десек,оны көріп тамашалайтын көрермендер де қаншама этикалық әсер алар еді. Мұның өзі адамның ішкі рухани байлығын дамытып жетілдіретіні анық.
Спорт өнерінде эстетика мәселелерінің алар орны және бір-бірін байланыстырып тұратын адамдарды ізгі қасиеттерге баулауға бағытталған болса біздер оны педагогиканың негізінде күнделікті өмірде сол салаға бағыттай білуіміз керек.
Философ Гегель: «Жан-жақты жетілген атлеттің денесі тірі ескерткіш мүсін сияқты бейне береді. Ол бейне өзінің әдемі қимылы арқылы өнер құдіретін, көркем шығармаларды туындатады» - деген екен[18].
Біздің дәуірімізге дейінгі өткізілген Олимпиадалық ойындар жеңімпаздарына арнап ескерткіш орнатылып, ән айтыльш, өлең шығарылғанын да спорт тарихынан білеміз. (Б.э.д. тұңғыш Олимпиадалық ойын 776 жылы Грециядағы Кроное тауының етегінде Альфей өзенінің жағасында өткізілді)[19].
Адам тәнінің сулулығы суретшілер мен мүсіншілердің, өнер шеберлері мен ақын-жазушылардың ойына шабыт беріп, ізгілікке жетелейді. Небір тамаша туындылар жасауға құлшындырған.
Ертедегі Греция Рим мүсін өнер шеберлері бейнелеген спортшы статуяларын көргенде ерекше тәнті боламыз. Олардың дене пішіндерінің жетілгендігі, сұлулығы, сонымен бірге қарапайымдылығы біздің еркімізді билеп, сұқтандырып, таңғажайыпқа таңдандырады, тамсантады. Сол замандағы алыптар сияқты әрі жас, әрі асқан сұлу мүсінді болсам деген қиял көз алдымызға елестейді.
Адам тәнінің жетілгендігін оның дене қозғалысының сұлулық, әсемдік бейнесінен байқауға болады. Адамның жүрісін дененің үнсіз музыкасы десе де болады. Оны көшеде жүрген адамдардың жүрісіне бір сәт назар аударып байқаймыз. Адамның жас шағында бұл әуездің (музыканың) сарыны өте айқын және жігерлі болады. Жас адамның жүрісі жеңіл, серіппелі және оңтайлы келеді. Ал, адам қартайған кезде әуез сарыны да бәсеңдеп, таусылуға айналғандай көрініс байқатады. Жүріс ауырланып, мамырлай бастайды. Шамалы нәрсе үшін демдерін әрең алып, аяқтарын зорға басып келе жатқан еңкіш, иықтары қушиған адамдардың кейпі қандай аянышты десеңізші.
Өмір сүруші әрбір адам күш-қуаты бойында, ажары қуанышқа бөленген, жан-жақты дамыған, сұлу келісті, мүсінді тұлғасы болу керек. Спорт - күш-қуатының сарқылмауы үшін күресетін құрал. Ол құрал адамның жүріс-тұрысын, сырт пішін-тұлғасын, ізгілік, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін қальштастырып тәрбиелеуге бағытталған.
Адам дүниеде ұзақ өмір сүре бермейді, бірақ өмірін ұзартып, денсаулығын жақсартамын деген адамға қол ұшын беріп жәрдем ететін спорт, дене тәрбиесі, денешынықтыру тұрғанда, кейбіріміздің оған селқос, немқүрайлы қарауымыздың реті жоқ.
Адам баласының өмір сүруіне ауа мен тамақ, еңбек пен бақыт қандай керек болса, спорт та сондай қажет. Сондықтан да спорт күнделікті өмірімізде ең жақын досымыздай орын алуға тиіс. өйткені ол біздің денсаулығымызды жақсартып, күшті, төзімді, алғыр, батыл етеді. Оқуға, жүмысқа, жолдастық қатынасқа, көпшілікпен интеллектуалдық қатынаста болуға үйретеді. Адамды тұлғалы сұлу етіп, көңілін қуанышқа бөлейді. Өмірін ұзартып, іскерлік қабілетін арттырады.
Спорт - өмір қызығы, көз жетпес кеңістік, үнемі алға ұмтылушылық. Спорт - әлемдегі бес құрлық спортшыларының достығын бейнелейтін, бірге қосарланып, өрілген бес шеңбер шығыршық. Спорт - көркемдік. Ал, көркемдік дегеніміз - сан алуан қимылдардың үйлесімділігі. Көркем, сұлу адамдарда жан сұлулығы мен тән сұлулығын бірдей байқауға болады. Адамның тән сұлулығының маңызы ішкі дүниесінің сұлулығынан кем болмайды. Себебі, ол - өмір бойы мәңгі жастықтың кепілі, символы іспеттес. Адам баласы сұлулыққа, көркемдікке ерте заманнан-ақ талпынған. Ресей елінде «адам дене бітімімен жақсы» деген мақал бар. Сол дәуірдің өзінде-ақ күшті, ақылды, мейірбан жігіттерді көп мақтаған. Олардың иықты келген дене бітімін, сұлулығын көп аңыздардан кездестіруте болады[20].
Сонымен қатар, қандай киім кисе де сұлу, сымбатты, тотықұстай таранған, он саусағынан өнер тамған бойжеткендердің даңқы да жер-жерге тараған. Олардың сұлулығы, ақылдылығы, өнегелілігі, парасаттылығы, эстетикалық талғампаздығы басқаларға үлгі болған.
Сырт пішінінің сұлулығына талпыну, әсіресе жастарға тән қасиет. Ол түсінікті де. Себебі, жастарда таусылмас күш, қажымас қайсарлық, жігер бар. Олар көп еңбек етіп, арттарына өшпестей белгі, өнегелі іс қалдыруға тырысады.
Бальзак адамзатты жікке бөлу жұмысымен көп шұғылданған. Ол адамдарды сау және ауру деп екі топқа бөлген [21]. Мұндай бөлудің жөні де бар. Сау адам мен ауру адамның өмірге көзқарасы, еңбекке қатысы және сыртқы пішіндерінде айырмашылық бар. Денсаулық сұлулықтың баламасы десек қателеспейміз.
Денсаулық адамда өзінен-өзі қалыптаса қоймайды. Ол сан алуан қимыл қозғалыстарға (ойындарға, спорт түрлеріне, дене жаттығуларына қатысу арқылы келеді. Денсаулық - әрқайсымыздың өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңу, оның тауқыметтеріне төзе алу мүмкіндігіміздің өлшемі. Демек қиындықпен күресудің құралы.
Адамға ауру жақсылық әкелмейді. Ауру адам әр уақытта ашуланшақ, өмірге өкпелі, өзін бақытсыз сезінеді. Көңілінің қошы болмайды. «Ертеңгі күнім не болар» екен)деп, сары уайым жетегінде жүреді. Керісінше, дені сау, ауру-сырқауды білмейтін адамдарға әмірде бәрі жақсы, бәрі қызық. Сұлулықты әркім де жақсы көреді. Халықты денешынықтыру мен спортқа тартуда жүргізілетін үгіт жұмыстары үшін алдымен спорттың ең негізгі пайдасы - адамның сырт пішінін сүлу етіп дамытатынын түсіндірген де жөн. Спорттың әр түрімен үнемі біркелкі дайындалған адамдардың ғана жан-жақты дамуы мүмкін. Сонда ғана олардың дене құрылысы, дене пішіні сұлу болып көрінеді.
Спорт өнеріне эстетикалық тұрғыдан қарасақ, спорттың өзі; күнделікті істейтін қызметінің бір і түрі болуға тиіс дер едік. Ол сұлулық туралы түсінік беретін еді. Өнер мен спортты бөліп қарауға болмайды. Спорт өнерінде әсемдік сазы бар, ол әрбір жаңа дәуірдің жаңалық ырғағы мен жаңалық жемісін қамтиды.
Спорт кешендеріне барғанда, айналаң көкпеңбек кілемдей, адамға дем, күш беретін марш ырғағымен айтылған өлең, күнге күйген сұлу пішінді, түрлі түсті костюм киген спортшыларды көргенде адамды бірден сұлулық пен денсаулықтың мерекелі жағдайы билейді.
Спорт сұлулығы - тек сырт пішіннің сұлу дамуы ғана емес, адамның жан-жакты даму көрінісі. Кейде мінез-кұлықты, ұстамдылыкты, парасаттылыкты сынайтын киын сәттерде «кейбір сұлу денелер» ыңғайсыз жағдайларға да тап болатынын байкауға да болады.
Сонымен денсаулык, дене шыныктыру - сұлулык дедік. Бірақ мұның бәрі жан-жакты дамудың биік шыңы емес. Спорт өнерінің негізі - спортшылардың мінез-құлқында, ерлік істерінде, төзімділігінде, салқын қандылығында, ізгілігінде, парасаттылығында және бір-бірімен жолдастыққатынастарында болуында.
Дене шыныктыру мен спорттың пайдасының негізгі көрсеткіші - адамның хал-жағдайының, жұмыс істеу кабілетінің күшейіп, көңіл-күйінің, ұйқысының, тамаққа тәбетінің жақсаруы, тамырдыңқалыпты соғуы, дене салмағының белгілі деңгейде сақталуы, өкпе жұмысының жақсаруынан, қан қысымынан, ең соңында адамның сырт пішінінен байқалады. Спорттың тигізетін пайдасына, кұдіретіне таңдануға болады, адамдардың кай жаста болса да спорт өз жақсылығын аямайды. Спортпен шұғылданғандағы ең негізгі қиыншылық - ол өз селқостығы мен жалқаулығын жеңе білу.
Дене шыныктыру және спортты адамгершілік тәрбиесінен бөліп қарауға болмайды. Ол жігерлікке, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Денені морфо-функционалдык өзгерістерге әкеледі. Әрине, адамның сырт бітімі канша әдемі, тартымды болғанымен, егер ол адамның мінез-құлқында шынайы шындық болмаса, біз оның«әдемілігін»әділетті түрде тырнақшаға аламыз да, оған нағыз әдемі адам деп карамаймыз[22].
Спорт адамға сұлулықәкеледі дедік. Ал, сұлулық - бет жүздің ажарлығы, күллі дененің мінсіз болуы, сонымен бірге рухани дүниетаным тереңдігі. Алайда адамдардың сырт бейнесі олардыңүйлесімді түрде дамығанын көрсете алмайды. Сырт көзге жақсы киінген сымбатты жігітті көріп сүйсініп (ол өз жұмысын жақсы да атқаруы мүмкін), бірақ оның мәдениетсіздігін көріп, сезгенде көңілге реніш әкелетін сәттер де болады.
Біздіңэстетикалық мұратымыз - сырт көріністіңәдемілігі мен ішкі рухани байлыктың табиғи түрде біте қайнасып, дене мүшелерінің бір қалыпты түрде жетілуі болып табылады. Кімде-кім өзінің он екі мүшесі түгел және дені сау болса, жүктелген үлкен міндеттер де, өмір салмақтары да оны мойыта алмайды. Адам мақсатқа жету үшін де жан-жақты жетілген болу керек.
Дене шыныктыру мен спорт адамға өмірдің рахаты мен игілігін көруге үлкен көмегін тигізеді. Ол жүріс-тұрысты, мінезді, адамдар арасындағы әтикалыққарым-қатынасты түзеп, киыншылықпен күресуге түскенде жеңіп шығуға сенім туғызады. Қайрат-жігер мен бұлшық еттерді, жүйке жүйеле­рін жаттықтырады, адам жаныныңөршіл-өжет болуына көп ықпал етеді.
Біз спорт өнеріне үңіле қарайтын болсақ, онда адамдардың денсаулығы өмір жастыңұзақтығын, мәңгі жастыктың символын, әсем кимыл ырғағын, көтеріңкі көңіл, сезімтал-сергектікті, жинақы, жіті қимылды, сымбат сұлу тұлғаны байқап елестетеміз. Ал, мұның бәрі сөз жоқ, әсем­дікпен өрнектеліп, эстетикамен өзара сабақтасып жатады. Спорт өнерінің эстетикалық мәнін осы айтылғандардан қарастырып ұғынуымыз керек.
Спорт – жасөспірімдерді қазіргі өмір талабына сай ақыл ойы жетілген, сезімтал,сергек,шыныққан шымыр болып өсуге баулитын үлкен тәрбиелік мәні бар халықтық өнер. Жасөспірімдерді осындай ізгі қасиеттерге дағдыландырып күшті де епті, өмірде кездескен қиындықтарға төзе білуге, шыдамдылық пен коллектившілдікке, адам бойына аса қажетті басқа моральдық қасиеттерге машықтандыруға мектептерде, төменгі дене шынықтыруұжымдарында, соның ішінде спорт мектептеріндегі ұйымдастырылатын оқу-жаттығу, сабақтарының ықпал-мәні зор. Спорт өнерін мұрат тұтқан жас спортшыларды аталған ізгі қасиеттергебаулуға спорт мектептерінде атқарылар тәрбие деңгейлері қандай? Осы сұрақтың төңірегінде бірер мәселелер туралы сөз етпекпіз. Өйткені, көп жағдайда жаттықтырушылар олармен тек жаттығу сабақтарын өткізумен ғана шектеліп, тәрбие жұмыстарының сан-салалы түрлерін, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалымдері мен класс жетек-шілері үлесіне жатқызады. Ал спорт өнері тек қана түрлі жарыстарда жеңімпаз атанып, рекордшы болуды көздемейді. Сонымен бірге ол өзінің жүйелілігі арқылы адам мінезін қалыптастырып, эстетикалық талғамын жетілдіретін тәрбие құралы десек, жасөспірімдермен жұмыс істейтін әрбір жаттықтырушы-мұғалімнің тәрбие жұмыстарын назардан тыс қалдыруының ешқандай негізі жоқ.
Әрбір мұғалім жаттықтырушы мектепте өтілетін оқу-жаттығу сабақтарын үнемі ізденімпаздықпен тартымды етіп, мазмұнды тақырыптарды қамтитын етіп жүргізгенде ғана белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаттықтырушы сабақтан тыс уақытта оқушылармен жүргізілетін саяси-тәрбие жұмыстарын жасөспірімдерді патриоттық сезімге, еңбекті сүйе білуге, үлкенге ізет, кішіге қамқоршы болуға баулитындай дәрежеде жоспарлап жүргізгені дұрыс. Бұл жерде ескеретін бір нәрсе жүргізілетін тақырып тақырып масштабын мектеп жағдайына және өзінің білім дәрежесіне, іс қабілетіне бейімдеп жоспарлағаны дұрыс. Себебі, кейбір тәжірибелі педагог спортшылардың тәрбие жоспарларын көшіріп ұсынғанымен оларды мектеп жағдайында қолдануға мүмкін болмайтын жағдайлар кездеседі.
Демек әрбие жұмыстарында жүзеге асыруға қиындық келтіретін мұндай тақырыптарды босқа қамти салғаннан гөрі межелеген аз нәрсенің өзін мәнді,мағыналы,тиімді өтілу жағын қарастыру әлдеқайда пайдалы. Жаттықтырушы қандай тақырыпта тәрбие жұмысын жүргізбесін,оның негізгі мақсаты - жасөспірімдерден үлгілі мінезді озат спортшы дайындауға бағытталған болуы керек. Ал,үлгілі мінезді озат спортшы сөз жоқ мұғалім жаттықтырушының табанды жұмыстарының жемісі.
«Сен оқитын ұжым және сенің жолдасың», «Спорттық этика және Қазақстан спортшыларының ізгі қасиеттері», «Қазақстанхалқының еңбектегі, спорттағы ерлігі», тағы да басқа осындай тәрбиелік мәні бар тақырыптар жаттықтырушылардың тәрбие жоспарларында кеңінен қамтылуы тиіс. Тәрбие жұмыстарын әсерлі ұйымдастыру мақсатында мектепте оқу жылы барысында әртүрлі тақырыптарға спорт кеші,спорттық КТК өткізіліп отырылса құба-құп. Мұндай кездесу кештерінің тәрбиелік мәні зор екендігі іс жүзінде дәлелденді. Оқушыларды спорт мектептерінде қоғамдық еңбекке қатыстыру арқылы тәрбиелеу өз алдына бөлек әңгіме. Спорт өнері ұжымдық еңбекті қажет етеді. Бұл тұста «Еңбек адамдарының бағын ашса, спорт адамның әрін ашар», - деген қанатты сөз әбден орынды-ақ айтылған. Өкінішке орай кейбір шәкірттер жаттықтырушының тек сабаққа қатысты нұсқауын ғана орындаумен, ал жаттықтырушының өзі сабақты тек бағдарламалық материал төңірегінде ғана жүргізумен шектеледі. Бұл шәкіріттің қоғамдық пайдалы еңбектен бойын аулақ салуына әкеп соғады. Әрбір оқу жылы басталарда жасөспірімдерді спорт үйірмелеріне, спорт мектептеріне іріктеп қабылдап алған күннен бастап олардың ынтасына,бейімділігіне, мінез-құлқына айрықша назар аударған жөн. Өйткені, оның алдағы уақытта жетістіктер мен жоғары көрсеткіштерге жетуі сөз жоқ аталған мәселелерге көп байланысты. Мектепке, үйірмелерге қабылданған балаларға спорт мектебінің өмірінен, спорт өнерінің тарихынан мағлұматтар берілі, мұндағы талап та өздері оқитын жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай талабымен бірдей екендігі ұғындырылуы тиіс. Тек ерінбей еңбек еткен табанды жастар ғана спорт мектебінің, спорт үйірмелерінің тұрақты оқушы, мүшесі бола алатындықтары әңгімеленуі керек.Әрине, бұл әңгімелер оқушы мен жаттықтырушының арасында өзара түсінушілік, педагогикалық, дидактикалық принцип негіздерін сақтай отырып, жүргізілген жағдайда ғана өз нәтижесін бермек.
Оқушыларды жаттығу сабақтарынан тыс уақыттарда сенбіліктерге қатыстыра отырып, спорт алаңдарын тазалау және жөндеу, бүлінген спорт құрал-саймандарын ретке келтіріп, қолдан қарапайым спорт жабдықтарын жасауға қатыстырып үйретіп отыру әрқашан назарда болуы керек. Оларды осындай жұмыстарға қатыстыру өзгенің еңбегін бағалауға үйретеді, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулып, кейбір олқылықтардан арылуға, көпшіл болуға мүмкіндік жасалады.
Оқушының үйдегі күн режимі мен сабақ үлгірімі жайлы класс жетекшісімен, ата-анасымен пікірлесіп отыру жаттықтырушының негізгі міндеттерінің бірі. Оқу жылының соңында ұжым болып суретке түсу, тынығу лагерінде бірге демалуларына ықпал жасау, өзі шұғылданатын спорт түрлеріне сыныптарын тарту, тақырыптық кинофильмдерді көріп, оны талдауға қатысу оқушыларды спорт өнері арқылы достасуға, бір-біріне қамқоршы, ізетті-ілтипатты болуға баулиды.
Жасөспірімдердің әртүрлі спорт жарыстарындағы, алғашқы жетістіктеріне, жеңісіне көңіл аударып отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Шәкірттің тер төгіп алған алғашқы жүлдесі оны зор үміттерге жетелейді, жігерлендіріп-толғандырады, жас спортшының жарыстардағы кейбір сәтсіздіктеріне мойымауы үшін оған демеу беріп, берік ынталандырып және жеңіс тұғырына көтерілуіне жігерлендіріп отыру керек. Әрине спорт мектептерінде оқудан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын түрлендіріп жүргізудің формалары мен әдістері сан алуан. Сондықтан әрбір ұстазға дайын сұрыпталған тәрбие саласының шаблонды үлгілері берілмейді. Олай ету мүмкін де емес. Тек сан-салалы әдіс-тәсілдерді әрбір ұстаз жаттықтырушы шығармашылық ізденімпаздықпен түрлендіріп жүргізген сайын тәрбие жұмыстарының маңызы жоғарылай бермек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет