Дипломдық ЖҰмыс 5В070100 «Биотехнология» мамандығы


  Цианобактериялардың жасушаларын сандық есептеу



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21674
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
2021 БАК Ағыбаева Айдана Сәндібекқызы

2.6  Цианобактериялардың жасушаларын сандық есептеу 

Цианобактериялардың  жасушаларының  санын  есептеу  үшін  Горяев 

камерасы  қолданылды.  Камераның  орташа  көлемде,  көлденең  бөлінген 

пластинкаларының ішіндегі жасушалардың саны тіркелінді. Горяев камерасының 

ортаңғы  бөлігі  0,1  мм  болғандықтан,  яғни  басқа  аймақтарынан  төмен 

орналасқандықтан  жабынды  шыны  сол  аймақты  толық  жаппайды.  Сондықтан, 

ортаңғы  аймақта  орналасқан  жасушаларды  тіркеу  қолайлы  болып  табылды. 

Микроскоптың астында көрінген торлы шаршыларды торлы қабатты жабындық 

шынымен  жауып,  үстіне  имерсиондық  май  тамызылды.  Жабындық  шыныға 

нақтылап бекіткен соң, төмеңгі оң жақ бүйіріне аздап жасушалардың сұйытылған 

тобы  тамызылды.  Шыныны  мықтылап  орналастырғаннан  кейін,  астаушаның 

айналасындағы  артық  сұйықтық  фильтр  қағазының  көмегімен  алынып 

тасталынды.  Әрбір  квадраттағы  цианобактерия  жасушаларының  саны  есепке 

алынып,  Горяев  камерасының  көлемі  және  биіктігі  есептелініп,  1  мл  қоректік 

ортадағы жасушаның саны төмендегі формула бойынша анықталды. Камерадағы 

әрбір үлкен шарша 16 кіші шаршылардан тұрады. Егер 25 үлкен шаршылардағы 

жасушалардың саны c- ға тең болса, онда кішкентай бір шаршыда жасуша саны 

сәйкесінше: 

 

n=c/16 х 25, 



ал 1 см

3

 қоректік ортадағы жасуша саны: 



x = nх4х10

6

 = 4cх10



6

/16х25=cх10

6

/100 


 

Сонымен, 1 см3 қоректік ортадағы жасуша санын анықтау үшін 25 шаршыны 

санау кезінде жасушалардың мөлшері m 100-ге бөлініп, 106-не көбейтілді. 

Жасушалардың тығыздығы 1,0-3,0х106/см3 болу үшін суспензия 50х, 100х, 

250х,  500х  сұйылту  жұмыстарынан  өткізілді.  Көп  жағдайда  жоғары 

концентрациядағы Жасушалардың санын есептеу 100% нақты нәтиже бермейді. 

Себебі,  сұйылту  кезінде  суспензияда  жасушалардың  бөлуінің  ауытқуы  жоғары 

болып келеді [84]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет