Дипломдық ЖҰмыс 5В070100 «Биотехнология» мамандығы


  Цианобактериялардың құрғақ биомассасының мөлшерін анықтау



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21674
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
2021 БАК Ағыбаева Айдана Сәндібекқызы

2.7  Цианобактериялардың құрғақ биомассасының мөлшерін анықтау 

Құрғақ  салмақты  анықтау  әдісі  2  кезеңнен  тұрды.  Бірінші  кезеңде 

балдыр+тұздарды  қоса  алғандағы  жалпы  құрғақ  салмақ  анықталынды.  Жалпы 

құрғақ  салмақты  анықтау  үшін  цианобактерия  суспензиясының  белгілі  бір 

көлемін жақсылап араластырып, 65ºС температурадағы ортадағы «SNOL 67/350» 

(AB Utenos Electrotechnika, Литва) термостатында Петри табақшасының ішіне 3 

тәулік бойына құрғатылды. Ыдыс ретінде алдын-ала аналитикалық таразыларда 



29 

 

өлшенген  және  сол  температурада  кептірілген  фарфорлы  табақшалар 



қолданылды.  Жасушаларды  буландырып,  кептіргеннен  кейін  ыдыстар 

аналитикалық  таразыларда  қайта  өлшеніп,  салмағының  айырмашылығына 

байланысты жалпы құрғақ салмақ анықталынды. 

Екінші кезеңде құрғатылған ыдыс дистилденген сумен толтырылды. Толық 

араласып, ерігеннен кейін тұз ерітінділерімен араластырып, ерімеген қалдығымен 

қоса өлшегіш пробиркаларға құйылды да, бірінші кезеңдегі сынаманың көлеміне 

дейін  дистилденген  сумен  толтырылып,  цианобактериялардың  штамдары 

центрифуганың көмегімен (5810R, Eppendorf) 5,000-10,000 айн/мин жылдамдықта 

бөлініп  алынды.  Центрифугалаудан  соң  ерітіндіні  тұңбадан  бөліп  алып,  жалпы 

құрғақ салмақты  анықтау  кезіндегі  әдіспен  зерттелінген үлгідегі  тұздың  құрғақ 

салмағы  анықталынды.  Үлгі  мен  тұздардың  құрғақ  салмағы  арасындағы 

айырмашылық  арқылы  жасушалардың  құрғақ  биомассасы  анықталынды  [84]. 

Содан соң, құрғақ биомасса лабораториялық таразыда өлшенді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет