Дипломдық ЖҰмыс 5В070100 «Биотехнология» мамандығы


 Цианобактериялардың альгологиялық таза дақылдарын бөліп алу



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21674
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
2021 БАК Ағыбаева Айдана Сәндібекқызы

2.4 Цианобактериялардың альгологиялық таза дақылдарын бөліп алу 

Цианобактериялардың  таза  түрлері  штрих  әдісімен  қайталап  егу  арқылы 

микропипетка  көмегімен  алынды.  Әдістің  сызба-нұсқасы 2-суретте  келтірілген. 

Барлық  цианобактериялардың  альгологиялық  таза  дақылдары  BG-11  қоректік 

ортасында өсірілді

дегенмен кейбір гетероцисталы түрлер үшін  BG

0

-11 



қоректік ортасы пайдаланылды. Автоклавта залалсыздандырылған, ішінде 15 мл- 

лік қоректік ортасы бар сынамаларға түтік арқылы ламинарлық бокстың астында, 

от  жалынының  қасында  цианобактериялардың  жинақы  дақылы  қосылып 

отырылды.  Арасына  1  апта  салынып  дайындалған  үш  пробиркадағы  үлгілер 

ауыстырылып  отырылды.  Қайта-қайта  егу  жұмыстарының  нәтиежесінде 

цианобактериялардың альгологиялық таза түрін бөліп алуға қол жеткіздік. Себебі, 

әрбір бір апта сайын микроскоптың астында тек қажетті жасушалар ғана алынып 

отырылды.  Үшінші  пробирка  қайтадан  150  айн/мин  жылдамдықта,  25ºС 

температурада 7 тәулік бойына дақылданды. 



27 

 

 



 

Сурет 2 – Цианобактериялардың альгологиялық таза дақылдарын алу 

сызбанұсқасы. 

Белгілеулер: 1) BG-11 және BG

0

-11 қоректік орталарын әзірлеу; 2) 15 мл-лік 



пробиркаларға құю; 3) автоклавта залалсыздандыру; 4) 

цианобактериялардың жинақы дақылынан 3 пробиркаға апталық үзіліспен 

егу; 

5) соңғы үшінші пробирканы дақылдау; 6) қатты қоректік ортаға штрих 



әдісімен егу; 7) қатты қоректік ортадан қайтадан сұйық қоректік ортаға көшіру

8) алынған цианобактериялық түрді 

сақтау. 

 

2-суреттегі 6-шы этапта көрсетілгендей дақылданған түрден 1 мл суспензия 



15  мл-лік  жаңа  қоректік  ортаға  көшірілді.  Зерттелінетін  дақылдың  біраз 

биомассасын аралас дақылдан микробиологиялық тұзақтың көмегімен жүргізіліп, 

қоректік  ортасы  бар  жаңа  Петри  табақшасындағы  агар  бетіне  штрих  жүргізу 

арқылы  қайта  дақылданды,  кейін  қалыпты  жағдайда  климатостатқа  көшірілді. 

Келесі қайта дақылдау жұмыстары штрихтап егуден өскен жеке колониялардан 

алынып жүргізілді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет