Дипломдық ЖҰмыс 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»


Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау



бет12/17
Дата20.03.2022
өлшемі1,63 Mb.
#28477
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жуиелие багдарлама

2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға нұсқау

«Жүйелік бағдарламалау» курсының компью­терлiк оқыту құралын iске қосу үшін “Uchebnik.exe” программасын жұктеу қажет. Нәтижеде экранда алты бөлiктен тұратын оқулықтың негiзгi терезесi ашылады (13-сурет). Экранның сол жақ бетiнде курс мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.



13-сурет. Жүйелік бағдарламалау компьютерлiк оқулығының негiзгi мәзiрi
Суреттен көрiп тұрғанымыздай оқулық алты пункттен тұрады:

1.Мазмұн. Мұнда құрылымданған курс мазмұны, бақы­лау сұрақтары орналасқан оқу материалдарының негiзгi терезесi ашылады. Терезенiң сол жақ бөлiгiнде орналасқан курс мазмұнынан сәйкес тарауды не тақрыпшаны таңдау арқылы оқу материалының керектi түсын ашып алуға болады (14-сурет).




14-сурет. Жүйелік бағдарламалау компьютерлiк оқулығының теориялық материалдары

2.Тапсырма. «Жүйелік бағдарламалау» курсының компьютерлiк оқыту құралының Негiзгi мәзiрiнiң Тапсырма пунктiнде курсты игеруде орындалуы тиiс лабора­ториялық тапсырмалар жүйесi берiлген. Орындалуы тиiс тапсырмалар қадамдап берiлген. Пайдаланушы әрбiр қадамдағы iс-әрекеттi ретiмен мұқият орындау арқылы суретте көрсетiлген нәтиженi ала алады. Бұл оқушының мұқияттығын ғана дамытып қоймай, сонымен бiрге курс мазмұнын игерудегi ебдейлiгi мен дағдысының да жылдам қалыптасуына әсерiн тигiзедi. Тапсырмалар жүйесінде тапсырманы орындаудың дұрыс нәтижесi де келтiрiлген. Бұл оқушының қашан дұрыс нәтижеге қол жеткiзгенше, тапсыр-маны қайталап орындауына әкеледi. Ал дұрыс нәтижеге жеткен кезде оқушы нәтиженi оқытушыға көрсету арқылы өзiнiң қандай деңгейге жеткендiгiн анықтап бередi. Бұл оқытушыға да оқушының бiлiм деңгейiн объективтi бағалауына өз әсерiн тигiзедi.



3.Тест жүйесінде оқушы тест тапсырмаларын орындау арқылы өз бiлiмiн тексеруiне болады. Тест жүйесін iске қосқан кезде оқушылардың аты-жөнi, пароль енгiзу өрiсi пайда болады .


15-сурет. Тапсырмалар жүйесі

Тест тапсыру терезесiнiң мәзiрi бiрнеше пункттерден тұрады:



  • ОК пунктi оқытушы енгiзген берiлгендер қорындағы тест сұрақтарын өңдеп, кездейсоқ жолмен шығарып бередi;

  • Нәтиже оқушының тест сұрақтарын неше рет тапсырғаны, онда қандай нәтижелер болғаны жайлы хабар бередi;

  • Тiркелу. Егер оқушы тест жүйесіне бiрiншi рет енiп тҰрса, онда Тiркелу тұймесiне шерту арқылы өзi жайлы мәлiметтердi берiлгендер қорына енгiзуi тиiс;

  • Тұзету пунктi оқушы паролiн өзгерткiсi келген жағдайда қолданылады;

  • Мәзiрдегi Жою түймесi оқушы жайлы мәлiметтердi берiлгендер қорынан өшiредi;

Сонымен қатар тестке кiру терезесiнде Пароль енгiзу өрiсi бар. Бұл өрiске әр оқушы өзiнiң жеке паролiн енгiзу арқылы басқа оқушылардың оның тест жүйесіне кiру әрекетiнен қорғайды.

Тест жүйесіндегi тестiк тапсырмалар көбiне Ұғымдық деңгейде болып келедi. Алгоритмдiк деңгейдегi тапсырмаларды Тапсырмалар жүйесінде толық қарастырғандықтан мұнда осы деңгейдегi сұрақтармен шектелуге болады. Тест сұрақтары Windows операциялық жүйесінiң Ұғымдары мен ондағы объектiлердiң сипаттамаларына қысқаша анықтамалары беру арқылы келiтiрiлген. Арнайы терезеге сұрақ шығарылғаннан соң арасында дұрыс жауабы бар бiрнеше жауап нұсқалары көрiнедi. Оқушы сұрақты оқып болғаннан соң, өзi дұрыс деп тапқан нұсқаны таңдап ОК түмесiне шертедi. Соңынан келесi сұрақ шығарылады. 16-суретте Тест сұрақтары терезесi келтiрiлген.


16-сурет. Тест жүйесi

4.Оқытушы пунктi оқытушыға арналған ол мұнда тест сұрақ­тарын енгiзуге және оқу материалдарына өзгертуiне және оқушы­лардың тест тапсыру нәтижелерiн өңдеп шығуына болады. Оқытушы пунктiне кiру үшін негiзгi мәзiрден сәйкес пункт таңдалады. Нәтижеде экранда парольдi енгiзу терезесi пайда болады.

Оқытушы паролiн енгiзiп болғаннан соң, тест сұрақтарын енгiзу терезесi ашылуы тиiс. Мұнда суреттен көрiнiп тұғандай SurakMemo өрiсi сұрақты енгiзуге, ал қалған Memo өрiстерi сұраққа жауап нұсқаларын енгiзуге арналып ұйымдастырылған. Сұрақтың дұрыс жауабы әрқашанда Memo1өрiсiне енгiзiлетiн етiп жасалған. SurakMemo өрiсiнiң ұстiнде орналасқан бағыттауыштары бар командалық тұймелер келесi және алдыңғы сұрақтарға өту үшін қажеттi. Ал олардың жанында “+” және “–“ таңбалары арқылы берiлген тұймелер сұрақтарды өшiруге және жаңа сұрақтар қосу үшін қажеттi. Терезедегi Нәтижелер командалық тұймесi осы тест бойынша барлық студенттер тiзiмiн экранға шығарады. Және мұнда паролдi ауыстыруға да мүмкіншiлiк бар. Терезенiң төменгi жағында орналасқан Берiлетiн сұрақ саны өрiсi мен Берiлген уақыт өрiстерi сәкесiнше қызмет атқарады. Ал Timer компоненттерi тестке берлетiн уақытты басқаруға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет