Дипломдық ЖҰмыс 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



бет10/17
Дата20.03.2022
өлшемі1,63 Mb.
#28477
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Жуиелие багдарлама

OnClick – тышқан тұймесiн бiр рет шерту;

OnDblClick – тышқан тұймесiн екi рет шерту;

OnKeyDown – клавиштi басу;

OnKeyUp – басылған клавиштi босату;

OnMouseDown – тышқан тұймесiн басу;

OnMouseUp – тышқан тұймесiн босату;

OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа мәтiнi про­граммалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiл­ге­нiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle Form/Unit ко­мандасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.

Код терезесiнiң сол жақ бөлiгiнде Code Explorer (Код Зерттеушi), ал оң жағында программа мәтiнi терiлетiн жұмыс аумағы орналасқан. Код Зерттеушiде ағымдық проектiдегi объектiлердiң құрылымдық ағашы көрiнедi.

Код терезесiнiң тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келедi. Терезенiң жұмыс аумағындағы программа коды синтаксистiк мағынасына қарай түрлі стильде жазылып көрсетiледi. Мысалы, Object Рascal тiлiнiң кiлттiк сөздерi (мысалы, type, class, т.с.с.), қалың шрифтпен, ал түсiнiктемелер (мысалы, {Private declarations}) көк түстi көлбеу (курсив) шрифтпен жазылған. Терезенiң төменгi жағында үш элементтен тұратын кұй қатары бар. Оның бiрiншi элементi – курсор позициясын анықтайтын жол және баған индикаторы, екiншiсi – программалық кодтың өзгеруiн бақылайтын модификация индикаторы, үшіншiсi – кiрiстiру режимiнiң индикаторы.

Код терезесi ашылғанда, он­да процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атаула­рынан тұрады (2-сурет).

Процедура дайындама­сы­ның жазылу түрі:

Procedure <атау> (Sender : TObject);



<сипаттау бөлiмi>

begin


<процедура денесi>

end;


мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай клас­қа тиiс­тiлiгiн анықтайды.

Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шы­ғу­ға болады.



2-сурет. Редактор терезесiндегi процедура дайындамасы

Delphi-де компоненттер панелiнен формаға түрлі компо­ненттер орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуiш процедуралар құру ви­зуальды программалаудың негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және шығару үшін компоненттер панелi­нiң Standard қосымша бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit (енгiзу өрiсi), TLabel (шығару өрiсi) және TButton (коман­да­­лық тұйме) компоненттерi жиi пайда­ланылады.

Формаға Edit1 енгiзу өрiсiн орнатып, оның Text қасиетi арқылы не iске қосу командасын берген соң оған курсорды енгiзiп, клавиатура арқылы бiр жолдық мәтiн ен­гiзуге және оны редакциялауға болады.

Формада орнатылған ТLabel, ТEdit компоненттерiнiң Cap­tion, Text қасиеттерiнiң мәндерiн программа арқылы динамикалық түрде өзгертуге де болады. Ол үшін программада объект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi.

Проектiнi дайындап болған соң оны сақтау ұшiн File – Save Project As не File – Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульдi сақтауды сұралатын Save Until1 As атаулы терезе көрiнедi.

Проект сақталу ұшiн арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects (c:/Program Files/Borland/Delphi5/Projects) бумасында сақталады. Бiрақ пайдаланушы Сақтау терезесiнде жаңа бума құрып, проектiнi сонда сақтағаны жөн. Ол оны iздеп табуды жеңiлдетедi. Жаңа бума құру тәсiлі:

- сақтау сұралатын терезенiң Жаңа бума құру тұймесiн шерту. Бума белгiшесi терезеде орналастырылып қойылады;

- клавиатурадан бума атын енгiзу;


  • буманы екi рет шертiп, ашу;

  • терезенiң Файл аты өрiсiне модуль атауын енгiзiп, Сақтау тұймесiн шерту.

Модуль .pas кеңейтiлуi бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрiнедi;

3-сурет. Модульдi сақтау терезесi




Файл аты өрiсiне проект атын енгiзiп, Сақтау тұймесiн шерту. Проект файлды .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады да, Негiзгi модуль атауы осы атауға өзгертiледi. Ол программа атауы ретiнде қабылданады.

Мұндағы ескертетiн жайт: модуль мен проектiнi бiрдей атау бойынша сақтауға да болады, Мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бiрақ модульдi басқа проектiлерде де пайдалану мұмкiн. Сондықтан оларды тұрлi атаулар бойынша сақтау керек.

Сақтаулы проектiнi ашу ұшiн File – Open Project командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген проект атауын екi рет шертсе болғаны.

Жаңа құрылған программманы (проектiнi) сақтаған соң, оны iске қосу үшiн компиляциялау қажет. Ол үшiн берiлетiн команда: Project – Compile Project (Проект- Пректiнi компиляциялау). Жүйенiң сәйкес күйге келтiрiлуiне байланысты, iске қосу командасы берiлген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесiнде көрiнiп тұрады.

FrontPage web-беттер мен web-түйiндер құруға арналған Micro­soft Office 2000 құрамына кiретiн программа. FrontPage пайдалану­шыға HTML тiлiне қарағанда көптеген жеңiлдiктер бередi. Дегенмен HTML тiлiнде программалай бiлу Электрондыте web-құжаттар құруда, оларды тиiмдi ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi. Ортаның программалау режимiнде HTML тiлiндегi құжаттар құруға болады.

FrontPage ортасын iске қосу Пуск-Программы-Microsoft FrontPage командасы арқылы орындалады. Орта Windows стилiндегi терезе болғандықтан ондағы негiзгi элементтер де стандартты: яғни ортаның аспаптар панелi мен мәзiрiндегi командаларды пайдаланып бетке мәтiндiк және графикалық информациялар, навигациялар панелi мен гиперсiл­темелер жүйесін пайдаланып, web-қҰжаттар арасында түрлі байланыстар орнатуға болады. Front Page ортасында сонымен қатар кестелердi, фреймдердi, жұгiртпе жолдарды, түрлі мультимедиялық эффектiлердi, т.с.с. қолдануға болады.

Ортада Microsoft Office құрамына енетiн MS Word, MS Excel, MS Access, MS PowerPoint сияқты қосымшалардан OLE техно­логиясының көмегiмен информация тасымалдап енгiзуге болады.

FrontPage басқа қосымшалардан ерекшелiгi онда құжаттың құрылымдық негiзiн түрлі режимде көрумен қатар, ондағы құжаттың программалық кодын, яғни HTML кодын көруге мүмкіндiк бар. Ол үшін арнайы көру және редакциялау режимдерiн iске қосу жеткiлiктi.

Сонымен бiрге құрылған web-беттiң iске қосылуын да алдын-ала көруге болады.

Ортада web-бет құру ең алдымен web-құжатқа енгiзiлетiн мәтiндi теру мен форматтаудан басталады. Мәтiндi теру мен форматтау Word мәтiндiк редакторындағыдай.

Орта терезесiнiң төменгi жағында орналасқан Көру және редакциялау режимдерiн пайдаланып, web-құжаттың HTML кодын және оны iске қосып көруге мүмкіндiк бар.

FrontPage ортасында Кесте (Tables), Сурет (Picture) аспаптар панелдерiн пайдаланып, web-құжатқа кесте, иллюстрациялар кiрiстiруге болады. Кесте және сурет кiрiстiрумен қатар web-құжатқа анимация, баннер, басқару элементтерi бар форма, т.с.с. объектiлер орнатуға болады. Бұл объектiлердiң барлығы Кiрiстiру (Insert) мәзiрiнiң көмегiмен кiрiстiрiледi.

Web-құжат iске қосылған кезде кесте iшiндегi файл iздеу анимациясы орындалып тұрады, ал формадағы 1-баннер не 2-баннер таңдалып, Iске қосу түймесi басылса сәйкес баннер орындалады. FrontPage ортасында гиперсiлтемелер жүйесін құру да тиiмдi Ұйымдастырылған. Гиперсiлтеменi мәтiн не графикалық объект ретiнде алуға да болатыны белгiлi. Тек қажет объект таңдалып мәзiрдiң Кiрiстiру (Insert) пунктiнен Гиперсiлтеме (Hyperlink) командасы орындалса болғаны. Гиперсiлтеменiң мәтiнi әдеттегiдей асты сызылған көк түстi етiп көрсетiледi.



Гиперсiлтемелер арасындағы байланысты Жұмыс режимi панелiнiң Hyperlinks режимi арқылы көруге болады. Мысалы 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi 4-суретте келтiрiлген. Мұнда 1-web құжатының қандай объектiлермен қарапайым байланыстырылғаны (схемадағы 1-web құжатының оң жағындағы объектiлер) және қандай web-құжаттармен гиперсiлтемелер жүйесi арқылы байланысқаны (схемадағы 1-web құжатының сол жағындағы объектiлер) схема түрінде көрсетiлген.


4-сурет. 1-web құжатының гиперсiлтемелер жүйесi


Delphi ортасында «Жүйелік бағдарламалау» курсының компьютерлiк оқыту жүйесін жасаудың алгоритмi:

  1. Оқыту жүйесінiң бас мәзiрiнiң интерфейсiн жобалау;

  2. Курс мазмұнын даярлау;

  3. Тапсырмалар жүйесін даярлау;

  4. Тест жүйесін даярлау;

Оқыту жүйесінiң интерфейсiн жобалау технологиясы:



1. Delphi ортасын iске қосып, 5-суреттегi форма дайындамасын жасау керек. Суретте келтiрiлген компоненттердi форма бетiне орнатып, олардың қасиеттерiне мәндер меншiктеу керек.

5-сурет. «Жүйелік бағдарламалау» курсының

компьютерлiк оқыту жүйесінiң интерфейсi


2. Негiзгi программаны ашып, бас мәзiрдегi командалық түймелер шертiлген кезде шақырылатын сәйкес процедураларды жариялау керек.

procedure TForm1.TreeView1Click(Sender: TObject);

begin

ClickTreeView(TreeView1,WebBrowser1,'data\teor\t');



end;
procedure TForm1.TreeView2Click(Sender: TObject);

begin


ClickTreeView(TreeView2,WebBrowser1,'data\taps\l');

end;


procedure TForm1.TreeView1Expanded(Sender: TObject; Node: TTreeNode);

begin


ExpandedTreeView(TreeView1);

end;
procedure TForm1.TreeView2Expanded(Sender: TObject; Node: TTreeNode);

begin

ExpandedTreeView(TreeView2);



end;

3. Форманың onCreate оқиғасын өңдеуiш процедура құру:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

var i:Shortint;j:word;

begin

sum:=0;


Findfirst('data\teor\*.teor',0,tf);

repeat


j:=FindNext(tf);

sum:=sum+1;

until j<>0;

Findclose(tf);

Gauge1.MaxValue:=sum;

ii:=0;
HLIst:=TStringList.Create;

historyIndex:=-1;

if fileexists('data\taps\tap.mzm') then TreeView2.LoadFromFile('data\taps\tap.mzm')

else

begin


showmessage('Áèáëåîòåêà íå íàéäåíà. Ðàáîòà áóäåò çàâåðøåíà');

halt;


end;
if fileexists('data\teor\neg.mzm') then TreeView1.LoadFromFile('data\teor\neg.mzm')

else


begin

showmessage('Áèáëåîòåêà íå íàéäåíà. Ðàáîòà áóäåò çàâåðøåíà');

halt;

end;


if fileexists('data\term\ter.mzm') then ComboBox1.Items.LoadFromFile('data\term\ter.mzm')

else


begin

showmessage('Áèáëåîòåêà íå íàéäåíà. Ðàáîòà áóäåò çàâåðøåíà');

halt;

end;


for i:=0 to TreeView1.Items.Count-1 do

begin


if TreeView1.Items.Item[i].Count=0 then

begin


TreeView1.Items[i].ImageIndex:=1;

TreeView1.Items[i].SelectedIndex:=1;

end;

end;


for i:=0 to TreeView2.Items.Count-1 do

begin


if TreeView2.Items.Item[i].Count=0 then

begin


TreeView2.Items[i].ImageIndex:=1;

TreeView2.Items[i].SelectedIndex:=1;

end;

end;


if FileExists(WebBrowser1.Path+'data\teor\t0.teor')then

WebBrowser1.Navigate(WebBrowser1.Path+'data\teor\t0.teor');

4. Бас мәзiрдегi Мазмұны, Тапсырма, Тест, Оқытушы, Баспа және Автор командалық түймелерiнiң басып қайта жiберген кезде орындалатын өңдеуiш процедураларды жазу керек:

procedure TForm1.bt_mazmunMouseUp(Sender: TObject; Button: TMouseButton;

Shift: TShiftState; X, Y: Integer);

begin


Splitter2.Hide;

TreeView2.Hide;

Splitter1.Visible:=not Splitter1.Visible;

TreeView1.Visible:=not TreeView1.Visible;

bt_share_mouseup(bt_mazmun,x,y);

end;


procedure TForm1.bt_tapsirmaMouseUp(Sender: TObject; Button: TMouseButton;

Shift: TShiftState; X, Y: Integer);

begin

Splitter1.Hide;



TreeView1.Hide;
Splitter2.Visible:=not Splitter2.Visible;

TreeView2.Visible:=not TreeView2.Visible;


bt_share_mouseup(bt_tapsirma,x,y);

end;


procedure TForm1.bt_okutishiMouseUp(Sender: TObject; Button: TMouseButton;

Shift: TShiftState; X, Y: Integer);

begin

bt_share_mouseup(bt_okutishi,x,y);



Notebook2.ActivePage:='root';

Notebook2.Show;



end;

  1. Бас мәзiр даярланып болған соң оның әрбiр пунктiнiң қызметiн сипаттайтын форма терезелерi мен программалық кодтарды жазып шығу қажет. 6-суретте компьютерлiк оқыту құралының мазмұны және Тапсырмалар беттерiнiң интерфейсiнiң дайындамасы келтiрiлген.



6-сурет.Бас мәзірдегі тапсырмалар тізімі.


WebBrowser1



TreeView1

7-сурет. Компьютерлiк оқыту құралының Негізгі бет интерфейсiнiң дайындамасы


5. 7-суреттегi TreeView компонентiне шерткен кезде орындалатын және Мазмұн пен Тапсырмалар мазмұнын шақыратын проце­дураларды жазып шығу:

procedure TForm1.TreeView1Click(Sender: TObject);

begin

ClickTreeView(TreeView1,WebBrowser1,'data\teor\t');



end;
procedure TForm1.TreeView2Click(Sender: TObject);

begin


ClickTreeView(TreeView2,WebBrowser1,'data\taps\l');

end;
procedure TForm1.TreeView1Expanded(Sender: TObject; Node: TTreeNode);

begin

ExpandedTreeView(TreeView1);



end;
procedure TForm1.TreeView2Expanded(Sender: TObject; Node: TTreeNode);

begin


ExpandedTreeView(TreeView2);

end;



  1. Мазмұн және Тапсырмалар бөлiмiн аяқтағаннан соң, Тест тапсыру бөлiмiне көшемiз. Тест тапсыру бөлiмiне кiру терезесiнiң түрі 6-суретте келтiрiлген.



8-сурет. Тест тапсыру терезесі

Тест тапсыру бөлiмi күрделі бөлiмдердiң бiрi болғандықтан оған толығырақ тоқталғанды жөн көрдiк. Сонымен тест тапсыру бөлiмi бiрнеше интерфейстiк терезелерден тұрады. Бас мәзiрдегi Тест командалық тұймесi шертiлген кезде тест жүйесіне кiру терезесi ашылады.



Тест жүйесінiң ерекшелігі мұнда оқытушы түймесі арқылы өзі тест енгізеді, редакциялайды. Мұнда пәнге байланысты тест сұрақтарын өзгертіп ендіруге болады. 9-суретте көрсетілген.

9-сурет. Тест сұрақтарын енгiзу терезесiнiң дайындамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет