Дипломдық ЖҰмыс 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»



бет3/17
Дата20.03.2022
өлшемі1,63 Mb.
#28477
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жуиелие багдарлама

КIРIСПЕ

Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Жүйелік бағдарламалау” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.

Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы.

Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.

Қазіргі кезде жүйелік бағдарламалау курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т.с.с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.

Әрине, Бұл құралдардың барлығы бiрдей нашар деген пiкiрден аулақпыз. Дегенмен қазiргi кезде шығарылып жатқан компьютерлiк оқу құралдарының көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде оқытудың компьютерлiк программалары дәстүрлi оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып, оны жаңа сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс. Бұл компью­терлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол себептi компьютерлiк оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады.

Жұмыстың мәселесi: жоғары оқу орындарында жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарын сай етiп дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен оқыту әдiстемесiн жасау.

Қазiргi кездегi көптеген зерттеулерге талдау жасай отырып, жүйелік бағдарламалау курсын оқыту әдiстемесiнiң ғылыми-теориялық тұрғыда негiзделгендiгiне сүйене отырып және болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарына сай етiп даярлау мақсатында дипломдық жұмыс тақырыбын «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен электронды оқулық құру» таңдап алдық.



Зерттеудiң мақсаты: Информатика пәнiнiң жүйелік бағдарламалау курсын компьютерлiк технология негiзiнде оқыту әдiстемесiн ұсыну.

Зерттеудiң обьектiсi: ретiнде жоғары оқу орындарында жүйелік бағдарламалау курсын оқыту процесi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет