1.4 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бiз даярлаған «Жүйелік бағдарламалау» курсының жалпы құрылымы 2-схемада келтiрiлген. Схемадан көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес келедi. Ол келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде «Жүйелік бағдарламалау» курсының құрылымданған және информация-логикалық байланыстырылған оқу материалдары, тест тапсыру жүйесi, терминдер сөздiгi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетекшiлiкке алып құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы тапсырмалар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма, әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.
Бүгiнде жүргiзiлiп жатқан зерттеулер компьютерлiк оқыту программаларының тиiмдiлiгiн көпшiлiк жағдайларда оның интерфейстiк жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендiрiлуi үйренушiлердiң ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткiштерге тiкелей әсерiн тигiзедi. Сондықтан оқыту программасының интерфейсiн жобалау мәселесiн ғылыми негiзде, әбден ойластырылған жүйелi түрде қарастыру қажет
1-схема. «Жүйелік бағдарламалау» курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосымшалары ашылады. Олардың көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады. Қосымшаларды шақыру тек оқытушы бiлетiн пароль көмегiмен ғана орындалады.
Шет ел психологтарының еңбектерiнде компьютерлiк програм-малардың безендiрiлуi жайлы көптеген зерттеулер жүргiзiлген. “Жақсы интерфейс - ыңғайлы аяқ киiмге ұқсас, - деп жазады атақты безендiру маманы М.Донской. – Оған ешкiм көңiл бөлмейдi. Көңiл аударған кұнде де, “Мұнда тұрған не бар” – дейдi. Ал нашар интерфейс барлық жүрттың назарында. Шындығында жақсы ұйымдастырылған интерфейстi пайдаланушы байқамайды, өйткенi ол программаның ажырамас функционалдық бөлiгi ретiнде қабылданады”.
“Қазiргi кездегi компьютерлiк программалар мен олардың безендiрiлуi адамның қабiлетi мен қызығушылығын ескермей құрылуда, ал бұл адам-машина қатынасының көптеген облыстарын зерттелмей қалуына себеп болуда-, дейдi, шет ел психологтары С.Эллиот пен Дж. Брзезинский ”.
Де М.Верней мен З.Л.Бердж интерфейс жөнiнде былай деп жазады: “Оқыту программасының интерфейсi нашар болса, өте жақсы жазылған курстың мазмұны да игерiлмей қалады. Себебi пайдаланушы өзiнiң көп уақытын интрфейспен танысуға жұмсайды. Сондықтан алдымен интерфейстi дұрыстап құру қажет, үйренушi мен программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет”.
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулерi негiзiнде компьютерлiк оқыту құралдырының интерфейсiн құруда келесiлердi ескерген жөн:
Безендiруде жүйелiк бағытты қолданудың ерекшелiктерi. Жүйелiк бағыт жүйелiк безендiрудiң негiзi, ол құрылып жатқан үлгiнi жобалау мен жасау процесiне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс iстеуiне әсерiн тигiзетiн факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл бағыт программаны безендiруде дәстүрлі кiтаптық әдiстерден басқа, информатика, семиотика, құрылымдық, лингвистика, документалистика, функционалдық, коммуникативтiк, компоненттiк, құндылық т.б. сияқты бағыттарды пайдалануға мүмкіндiк туғызады.
Семиотиканы (таңбалар мен таңбалық жүйелер жайлы ғылым) пайдалану информацияны түрлі құрылымдарда құруда оның жалпы мағынасының жоғалып кетпеуiн қамтамасыз етедi. Негiзгi оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды анықтау. Үйренушi жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезiнде материал мәтiнi мен осы материал жайлы өзi бiлетiн информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиiмдiлiгiн арттырады және Бұл оқу материалының психологиялық негiзiн, логикалық байланыстарын көрсету деңгейiне тәуелдi анықталады.
Электронды оқу материалына және оның берiлуiне қойылатын талаптар үйренушiнiң жаңа информацияны қабылдау қабiлеттiлiгiн және қызығушылық деңгейiн анықтауға да тiкелей байланысты.
Оқу материалына қойылатын негiзгi талаптар:
мазмұндалу мәтiнi өте қысқа және максимум жаңа информация қамтуы керек. Үлкен көлемдегi мәтiндi компьютер экранынан оқып, түсiну өте қиын;
үйренушi бiлетiн сөздер мен қысқартуларды пайдалану. Бұл үйретушiнiң жаңа сөздердi үйрену және есте сақтауын жоғарылатады;
семантикалық байланыстағы информациялық элементтердi топтастыру қажет. Мұны құрылымдық принцип арқылы жұзеге асыруға болады;
өте маңызды информация экранның сол жақ жоғары бұрышында орналасуытиiс. Себебi зерттеулер көрсеткендей адамның назары алғашқы болып, экранның осы бөлiгiне аударылады;
абзацтың негiзгi идеясы оның алғашқы жолдарында берiлуi керек. Бұл абзацтағы алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына байланысты;
графикалық материал мәтiнмен ұйлесiмдi түрде құрылуы тиiс.
күрделі модельдер мен құрылымдарды бейнелейтiн иллюстрациялар ( схемалар, карталар т.с.с) подсказкамен қамтамасыз етiлуi тиiс;
оқыту материалының мәтiнi дыбыстық эффектiлерiмен толықтырылуы керек. Бұл информация қабылдау қабiлетiн жоғарылатады.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында бағдар алу оның мазмұндық, көрсеткiштiк, жылжу, ауысу, сiлтемелер жүйесінiң қаншалықты тиiмдi ұйымдастырылғанына тәуелдi.
“Бiрде-бiр үлкен кiтап сiлтемесiз болмауы керек. Сiлтемесiз кiтапты терезесi жоқ ұймен, көзi жоқ денемен салыстыруға болады. Ал Бұларды қолдану оңай емес”,-дейдi, Я.А.Коменский.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесi келесi талаптарды қанағаттандыруы тиiс:
Электронды оқулықтың оқытудың негiзгi этаптарын бейнелейтiн
графикалық схема орналасқан кiлттiк экраны болуы тиiс. Бұл үйренушiге өзiнiң оқытудың қай кезеңiнде екендiгiн бiлiп отыруға мүмкіндiк туғызады;
гиперсiлтемелер оқулықтың қай түсына алып баратынын дәл және анық көрсетiп тұруы керек;
гиперсiлтемелердiң асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты сызылған мәтiн бөлiктерi болмауы тиiс;
оқу материалы бiр немесе екi беттен аспауы керек;
гиперсiлтемелер тiзбегiнде олардың келесi қадамы қатаң логикаға сүйенiп құрылуы керек (Қайда алып барады? Ненi көрсетедi? Қажет пе?).
программаның мiндеттi түрде iздеу жүйесi болуы қажет және кiлттiк сөздер мен мазмұн элементтерi арасындағы мета-тэгтер дұрыс қойылуы тиiс.
Информацияны құрылымдау процесiн, жылжуды және гиперсiлтемелердi ұйымдастыруды бiлiмдi бейнелеудiң автоматтандырылған құралдарын қолданғанда тиiмдi болады.
Түстер мен формаларды қабылдаудың физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру. Адам көру сезiмiнiң көмегiмен 180 түрлі түстi қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендiру мүмкіндiгi шексiз. Түрлі түс адамның көңiл-күйiне түрліше эмоциялық әсер ететiнi белгiлi.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Сонымен түстер комбинацмясы да адамға түрлі әсер бередi.
Оқыту программаларын жобалағанда түстер мен формаларды қабылдаудың келесi физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру керек:
қызыл, қызғылт, сары түстер адамға тiтiркендiргiш ретiнде әсерiн тигiзедi. Мұндай әсер адамның нерв клеткаларын белсендiрiп, информацияны қабылдау қабiлетiн жоғарылатады;
көк, көгiлдiр, жасыл дем алдырушы, ұйқы келтiргiш түстер;
қоңыр,ашық-қызыл, сұр, жасыл-сарғыш түстер нейтрал түстер;
екi түстiң қосылысы, фон мен таңба түстерi көру ыңғайлылығына әсер етедi. Кейбiр түстер жұбы тек шаршатып қоймай, стресс жағдайына дейiн жеткiзуi мүмкін (мысалы, қызыл фонда жасыл түспен көрiнген әрiптер);
программада қолданылатын шрифттердi таңдауда келесілердi ескерген жөн: бас әрiптер кiшi әрiптерге қарағанда ауыр қабылданады; тұзу сызықтар арқылы жазылған цифрлар жеңiл қабылданады; т.с.с.
шрифт пен фонның ең жақсы қабылданатын жұптары: қара-көк фонда ақ әрiптер, ақ фонда қара әрiптер, көк фонда сары әрiптер;
ақ фон түр-тұрпаттың ең күштi құралы болып табылады;
кез-келген фондық сурет пайдаланушының көзiн тез шаршатып, материалды қабылдау тиiмдiлiгiн төмендетедi.
адамның санасына мультипликация да қатты әсер етедi, анық, ашық түстi сутетер жылдам ауыстырылып отырса санада оңай сақталады;
құрамында қозғалып тұратын объектi (анимация) бар оқу материалын қабылдау өте қиын, себебi қозғалып тұрған объект адамның назарын өзiне аударады. ”Анимациялық интерфейс – өте күштi қару, сондықтан оны аса сақ қолдану қажет. Әлемдi таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда, пайдаланушының тез шаршауына соқтырады да, Бұл өз тарапынан бұкiл жүйенiң жұмысын қабылдамауға әкеледi”,- деп жазады М.Донской.
Ендi Электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрiнетiн элементтерiн қарастырайық. Электронды оқулықтың қүндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы тиiс пәннен болса, онда бiр материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т.с.с. түрінде берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн – график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу мазмұнды ассоциативтi түрде есте сақтауда үлкен көмек бередi.
Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм деңгейiн тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады. Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.
Оқу материалының бұлай үш түрде берiлуi, пайдаланушының бiр оқу материалын бiрнеше рет қайталап шығуына мүмкіндiк туғызады. Бұл оқу материалын есте сақтауды жақсартады.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшін оның түрлерiнiң мүмкіндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОҚ түрлерi келесi белгiлерi бойынша топтастырылады:
пән мазмұнына бойынша;
жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша;
оқу материалын қамту көлемi бойынша;
телекоммуникациялық пайдалану мүмкіндiгi бойынша;
оқыту деңгейi бойынша;
информацияны бейнелеу формасы бойынша.
Пән мазмұны бойынша КОҚ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшін алдымен КОҚ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар: пәндi оқудың мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен тұжырымдарын түсiну; түрлі деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау; пәннiң практикалық есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн қадлыптастыру; эксперименттiк жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру; стандарты емес жағдайлардағы есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру; зерттелетiн объектiлердi, процесстердi игеру; бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру; бiлiм мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкіндiгiне қарай КОҚ-рi келесi топтарға жiктеледi:
теориялық және техникалық дайындық құралдары;
практикалық дайындық;
көмекшi құралдар;
кешендi құралдар.
Бiрiншi топқа келесi КОҚ-ры кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi бiр курс бойынша базалық Ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық материалдар қамтылған КОҚ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) – белгiлi пән бойынша студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОҚ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОҚ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған лабораториялық жұмыстар жинағы; Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша ұғымдарға, терминдерге, анықтамаларға қысқаша түсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОҚ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген түрде қарастырылатын белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары; Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін берiлетiн стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген курс мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды емес КОҚ-рi бар. Интегралды КОҚ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз байланыста құрылады. Интегралды емес КОҚ-рi студенттiң кейбiр жеке қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОҚ-рi телекоммникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндiгi бойынша жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОҚ-рi есептеу техникасының түріне қарай жергiлiктi желiге бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОҚ студенттердiң өзара байланысын қамтамасыз ету мүмкіндiгiне қарай да екi түрге бөлiнедi: өзара байланысты және өзара байланыссыз.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және мультимедиялық емес КОҚ-ры бар.
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайдаланушылармен байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. Құрылым жүйенiң негiзгi программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейдi. Программалық компоненттердi (модульдердi) жiктеу функционалдық принцип бойынша орындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар, берiлгенде қоры, т.с.с.) қызметi, пайдаланылуы, берiлгендердi бейнелеу форматтары, қол жеткiзу тәсiлдерi т.с.с. белгiлерi бойынша бөлшектенедi.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесi ақпараттық және программалық объектiлерге сiлтеме жасауы мүмкін. Оқу материалының құрылымдық компоненттерi тапсырмалар жүйесіне және сыртқы КОҚ-дарға сiлтеме жасайды, ал тапсырмалар жүйесінде оқу материалына және сыртқы КОҚ-не сiлтемелер болады. Ендi оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесiмен байланысын қарастырайық.
КОҚ-де оқу материалдарына қол жеткiзудiң негiзгi үш тәсiлi қарастырылады:
элементтерi оқу материалының сәйкес құрылымдық бiрлiктерiне сiлтеме жасайтын мазмұн блогы арқылы;
көрсеткiштер арқылы (анықтамалық сөздiк, терминдер жинағы, тезаурус, глоссарий, т.с.с.);
оқу матриалының iздеу жүйесi арқылы;
Iздеу процесiн оқу материалдарын iздеу модулi (ОМIМ) толық мәтiндiк, не кiлттiк сөздер көмегiмен орындайды. Екiншi жағдайда кiлттiк сөздер индекстелген болуы қажет.
КОҚ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. Бұл ақпараттық компоненттiң бiр бөлiгi баспа кiтаптың титул бетiнiң қызметiн атқарады. Мұнда КОҚ-ның қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы мәлiметтер келтiрiледi.
Екiншi бөлiгiнде жүйенiң орнатылуы, КОҚ конфигурациясының пайдаланушы өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша нұсқаулар блогы болады.
Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер. Мұнда оқушылар модулi мен олардың КОҚ-сiнде жұмыс iстеу барысының хаттамалары сақталады. Хаттамаларға пайдаланушының КОҚ-мен байланысын бейнелейтiн мәлiметтер енгiзiледi. Оқу материалымен жұмыс iстеу барысы оны оқуға кеткен уақытпен, анықтамалық жүйелерге сiлтеме жасау бiрлiктерiмен, өтiп кеткен оқу материалдарына қайта көңiл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модулiне оқушының игерiп жатқан пән бойынша ағымдық бiлiм деңгейi, оқу процесiнде анықталған негiзгi дербес ерекшелiктерi жайлы мәлiметтер кiрiстiрiледi.
Ендi КОҚ-ның құрылымдық схемасындағы негiзгi модiльдердiң атқаратын қызметтерiн сипаттап өтелiк:
А.Оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтамасыздандыру модулiнiң (ОМЖҚМ) атқаратын негiзгi қызметтерi:
мазмұн, сiлтемелер, анықтамалық сөздiк, терминдер сөздiгi, тезаурус көмегiмен оқу материалының бiрлiктерiне қол жеткiзудi қамтамсыз ету;
оқу материалының белгiлi бiр бөлiгiн баспадан шығарып алуға мүмкіндiк жасау;
оқу маетриалының мазмұны толық болу қажеттi демонстрациялық, иллюстрациялық маетриалдарды шығаруды қамтамасыз ету;
оқу материалында гиперсiлтемелер жүйесiмен жұмыс жасауды ұйымдастыру;
оқу материалының құрамына енгiзiлген таспырмалар жүйесін орындау және нәтижесiн талдау жұмыстарын жүргiзу;
°. Оқу материалын iздеу модулiнiң (ОМIМ) негiзгi қызметi ОМЖҚМ-мен жұмыс iстеудi толықтыру.
Б. Тапсырмалар жүйесi модулi (ТЖМ) келесi функцияларды атқарады:
пайдаланушыға орындауға арналған тапсырмалар тобын тапсырмалар жиынынан кездейсоқ не жүйеленген түрде берудi ұйымдастыру;
тапсырмаларды бiртiндеп, кезеңдерге бөлiп беру;
тапсырмаларды орындау нәтижелерiн талдау және дұрыс орындалмаған тапсырмалар үшін оқу материалының сәйкес бiрлiгiне сiлтеме жасау;
пайдаланушының тапсырмаларды орындау барысы туралы хаттамаларды ұйымдастыру;
пайдаланушының бiлiм деңгейiн тексеру және бағалау.
В.Тапсырмаларды тiркеу модулi (ТТМ) ТЖМ-нiң қосымша қызметтерiн атқарады.
Г.Оқу процесiн басқару модулi (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-педагогикалық стратегияны тиiмдi iске асыруды қамтасыз етуi тиiс. Ол келесiлерден тұрады.
оқушының оқу материалымен және тапсырмалар жүйесiмен байланыс деңгейiн тiркеу;
жоғарыдағы мәлiметтерге сүйене отырып оқушының моделiн құру;
оқушының бiлiм деңгейiн бағалау;
оқушының моделiне сүйене отырып, оқыту процесiнде оқу материалдары мен тапсырмалар жүйесін беруге өзгерiстер мен реттеулер енгiзу;
оқытушыға оқушының оқу барысы мен нәтижелерi жайлы мәлiметтер беру;
Оқушыларды тiркеу және анықтау модулi (ОТАМ) КОҚ-нi орнату және алғашқы рет iске қосқан кезде оқушы жайлы мәлiметтердi тiркеуге алады. Ол мәлеметтер оқушының аты-жөнi, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесi, т.с.с.
Д.Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi (ОЖХМ) – пәндi игеру барысы жайлы оқушыға не оқытушыға мәлiметтер берудi ұйымдастырады.
Е.Оқытушы интерфейсi модулi (ОИМ) – оқушының оқу барысы, тапсырмаларды орындау барысы, оқушының белсендiлiгi, психологиялық-педагогикалық стратегияның iске асуы туралы мәлiметтер модульдерi мен оқытушы интерфейсiнiң арасындағы байланысты қамтамсыз етедi.
Ж.КОҚ-ның конфигурасын сипаттау модулi (КОҚКСМ) – пайдаланушыны КОҚ-мен жұмыс жасау туралы нұсқаулармен қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |