1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 1.1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ курсын оқытудың теориялық негiздерi
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.
Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу орындарында оның программалық қамсыздандырудың негiздерiн оқытатын “Жүйелік бағдарламалау” деп аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен қаруландыруы тиiс.
Қазiргi кезде “Жүйелік бағдарламалау” курсына жоғары оқу орындарында 96 сағат бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:
курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
бiлiм бағалау.
«Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың мақсаттары:
графика, математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.
Курсты оқытудың мiндеттерi:
берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену;
ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк қалыптастыру;
web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;
Кәсiби қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы қолданбалы программалық қамсыздандыру курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.
Жоғары оқу орындарындағы “Жүйелік бағдарламалау” курсының мазмұны түрлi программалық жабдықтармен жұмыс ебдейлiгiн, дағыдысын қалыптастыруға негiзделген.
“Жүйелік бағдарламалау” курсы бiр жағынан курстың информатика пәнiмен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
“Жүйелік бағдарламалау” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
“Жүйелік бағдарламалау” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.
Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.
Жоғары оқу орындарында информатика курсының енгiзiлуiне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.
Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне сай зерттеледi.
Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г.Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы –мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.
Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi (микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз –жергiлiктi (локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.
Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.
Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады. Сол себептi электронды оқулықтарды әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.
“Электронды оқулық” - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес –дейдi Өскемен қаласындағы N10 гимназияның тарих пәнiнiң мұғалiмi И.Плотникова – ол оқушыға өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделi, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажеттi бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасын да өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкiндiк бередi. Оның гипермәтiнi нақты құрлымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негiзде алгаритмдiк ойлау қабiлтiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады”.
Алматы қаласының М.Мәметова атындағы техникалық лицейiнiң директоры Т.Линшевская былай тұжырым жасайды:“Модульдерде берiлген алгаритм оқушыларға өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды.Электронды оқулықты пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми- әдiстемелiк потенциялын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi.”
Өскемендегi “ШЫҒЫС” аймақтық зерттеу орталығының директоры Г.Протасованың пiкiрiнде былай айтылған: “Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде құрастыру оның мазмұнын бiрiңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Оқушылардың танымдық ерекшелiктерiмен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу электронды оқулықтардың кәдiмгi оқу құралдарынан, оның iшiндегi соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екенiне күмән жоқ”.
N73 орта мектептiң мұғалiмi Л. Ким электронды оқулықтарды өз сабағында пайдалану барысында былай дейдi: “Мұғалiмнiң бұрынғы рөлi өзгередi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн кеңесшi әрi әрiптесiке айналып кетедi”.
Қазiргi кезде техникалық (Ж.Түсiпбаева) және агроинженерлiк (А.Қозыбай) бiлiм саласын ақпараттандырудың зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп отыр. Жақында бiлiмдi ақпараттандырудың жаңа тәсiлi –электронды пәндiк цикл әдiстемелiк жүйесiне байланысты Ш. Құрманалиеваның докторлық диссертациясы талқыланды.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бiр жүйеге келтiрiлген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескру керек секiлдi.
-белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуын;
-электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектiсiн қамтитын негiзгi; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерiн қамтуын;
-электрондық оқулықтың кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берiлетiн тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрi қысқа берiлуiн ескеру керек;
-белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиiс. Егер мәтiн көлемi бiрнеше экрандық беттi қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тiк төменгi көлденеңiнен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келедi. Мұның өзi пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледi және мәтiндi жоғары-төмен оңға – солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етедi.
-бiр қатардағы мәтiн 62-65 таңбадан аспауы тиiс. Себебi материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемдi параққа дұрыс түсетiндей болуы керек.
-оқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға керi әсерiн тигiзуi мүмкiн, бiрақ кейбiр пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секiлдi пәндерге қатысты процестердi анимациялап көрсету, тiптi кинофильмдер мен диафильмдер үзiндiлерiн MPEG,AVI типтi файлдар ретiнде сақтап, оларды гипермәтiндi формат арқылы электрондық оқулықа кiрiстiру оқулықтың көркемдiк әдiстемелiк деңгейiн арттырады.
Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесi қарқынды даму ұстiнде; оның көптеген мәселелерi теориялық жағынан зерттеудi талап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрi толық бiр мәндi болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуi керек: мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарында, жоғары мектептерде, информатиканы өз бетiнше оқитындар үшiн және т.с.с.
Бiздiң жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, жоғары мектеп көлемiнде оқытылатын “Жүйелік бағдарламалау” курсының әдiстемесi. Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзiнiң алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды: «Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың мақсатын және жоғары мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұнын анықтау, оқыту түрлерiн ұсыну; «Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың барлық жолдары мен құралдарын қарастыру; оқытушының практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Информатиканы оқыту әдiстемесi жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының iргелi әдiстемесi философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, жоғары мектептiң кеңейтiлген практикалық тәжiрибесiн басшылыққа алады.
Информатика әдiстемiсiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Объектілі бағдарланған программалар” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Бiлiм беру жүйесінiң басты мiндетi – Ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау. Әрине мемлекет зиялы болуы үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл бiлiм беру процесiнiң үздіксіз болуын талап етедi. Бiлiм беру үздіксіз процесс болатын болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы тиiс.
Жоғары мектепке арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм беру стандарты осы мәселенi көздейдi. Ал, стандарт осы пәндi жоғары мектепте үздіксіз бiлiм беру тұжырымдамасына негiзделiп жасалынған.
Жалпы информатика пәнiнiң мазмұны мынадай екi үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) компьютер - оқыту объектiсi; 2) компьютер – универсал таным құралы.
Болашақ информатик маман таным субъектiсi болған кезде Бұл екi мәселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |