Дипломдық ЖҰмыс 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»


ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСlН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет9/17
Дата20.03.2022
өлшемі1,63 Mb.
#28477
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Жуиелие багдарлама

2 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛlК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСlН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.

Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.

«Жүйелік бағдарламалау» курсының электронды оқулығын жасауда бiз Delphi программалау ортасы мен FrontPage веб-беттер құру ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.

Windows жүйесінде Delphi программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland Delphi 5  Delphi 5 командасы арқылы iске қосылады (1-су­рет).

Delphi ОБП ортасы төрт құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер инспекторы (Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).

Негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар па­нелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген. Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол түрлі командалар орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр пункттерiнiң құрамында түрлі типтегi командалар бар. Мысалы, Kоманданың атауынан кейiн үш нүкте тұрса, онда Бұл команда диалогтық терезе шақырады. Егер мәзiр командасының

1-сурет. Delphi объектiлi-бағдарлы программалау ортасы


соңында клавиштер комбинациясы жазылса, онда Бұл команданы сәйкес клавиштер комбинациясы арқылы орындауға болады. Мәзiр пункттерiндегi кейбiр команданың белсендi болмай көрiнуi, оның осы уақытта орындалмайтынын бiлдiредi.

Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, програм­ма­ның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрiнедi (1-сурет). Экранда форма көрiнбесе, негiзгi мәзiрден View-Forms командасын беру жеткiлiктi.

Форма Delphi ортасының негiзгi объектiлерiнiң бiрi. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне бастапқы мәндер мен­шiк­телiп тұрады.

Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнде орналасады. Мысалы, 1-суретте Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiнiң тiзiмi және сәйкес бастапқы мәндер енгiзiлген терезе көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қа­сиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – қа­сиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар – олар­дың мәндерi. Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын немесе Ғ11 клавишiн басу жеткiлiктi.

Форманың кейбiр қасиеттерi:

Name (Атау) – формаға берiлген атау. Ол Delphi объек­тiлерiнiң (компоненттердiң) негiзгi қасиеттерiнiң бiрi. Delphi-дiң формаға авто­мат­ты түрде ал­ғашқы рет меншiктеген атауын (Form1) өзгертiп, басқа атау беруге бо­лады.

Ол үшін қасиеттер терезесi­нен Name атауын таңдап, жаңа атау клавиатура арқылы терi-ледi.

Font (Шрифт) – формаға енгiзiлетiн мәтiн шрифтiн ор­нату қасиетi. Оны таңдап, оң жағында көрiнген көп нүкте (…) тұймесiн шерткен кезде сҰх­баттық Шрифт таңдау терезесi кө­рiнедi. Терезеден, әдеттегiдей, қажеттi шрифт ти­пiн, өл­шемiн таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), ОК тұймесiн шерту керек.

Caption (Тақырып) – форма терезесiнiң тақырыбына енгiзiлетiн мәтiн. Алғашқы кезде қасиеттер терезесiнiң Caption қасиетiне тақырып үшін Form1 сөзi енгiзiлiп қойылған. Оны басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетiне мән меншiктеу тәсiлi сияқты (қасиет мәнi енгiзiлген соң Enter клавишiн басып қойған жөн).

Color (Түс) – форманың түсiн орнату қасиетi. Ол таң­далған кезде оң жағында тiлсызық тұймесi көрiнедi.

Тiлсызық түймесi – қасиет мәнiнiң бiрнеше екенiнiң белгiсi. Тiлсызық белгiсiн шерткен кезде мәндер (түстер) терезесi ашылады. Тiзiмде көрiнген қалаған түстi шерт­кен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (ұзындық), Height (Биiктiк) – пиксель өлшем бiрлiгiмен берiлген форманың ұзындығы мен биiктiгiн орнату қасиеттерi (мәндер форманы тышқан арқылы кеңейту не сығу кезiнде авто­матты түрде меншiктелдi).

Delphi-де программалар оқиғалар ар­қы­лы басқарылатыны белгiлi. Ал объектiлерге қатысты оқиғалар тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнiң Events қосымша бетiнде орналасқан.

Олар қасиеттер тере­зесiнiң екi бағаннан тұратын Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атау­ларының алдына On префиксi тiркес­тiрiлiп жазылған. Ол – атау­дың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi. Формаға байланысты оқиғалар саны – 35.

Delphi-де программа мәтiнi про­граммалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiл­ге­нiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle Form/Unit ко­мандасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.

Delphi ортасында жиi кездесетiн оқи­ғалар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет