Дипломдық ЖҰмыс 5В120100 «Ветеринариялық медицина»



бет7/14
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#11539
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Зерттеулердің материалдары мен әдістері

Алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін қойылған мәселелердің біріншісін орындау барысында осы шаруашылықтардағы мал басын толық ортопедиялық және жалпы клиникалық диспансеризациядан өткіздік. Диспансеризация жүргізу барысында ірі қара малдың физиологиялық жағдайын, жасын, сүттілігін, ауру басталған мерзімін анықтадық.

Зерттеу барысында ақсау дәрежесі түрлі сиырларды анықтап, жүйке салдануының дәрежесін және түрін анықтадық. Осы мәселені шешу үшін ірі қара малдарды зерттеудің келесі кезеңін – толық клиникалық зерттедік және қанын тексердік.

Аяқ ауруларын балау үшін қолданылған әдістер:

Көру – малдың аяқ басуына, аяқтың пішініне, ақсау дәрежесіне, аяқтың қай бөлігіне салмақ түсетінінен қарадық;

Пальпация – аяқтың қызуы бар жоғын, ауырсыну дәрежесін, флюктуация сезілуін және аяқтың көбесі мен ұлтанының ісіну дәрежесін анықтадық;

Пассивті қозғалыс – буындарының қозғалғыштығы, крепитация бар жоғы, контрактур бар жоғын анықтадық;

Жүргізіп көру – қатты және жұмсақ жермен жүргізу, ақсау дәрежесі мен түрін анықтау (тіреулік, аддукциялық, ілмелі және т.б.);

Аяқты тазартып көру – арнайы аяқ пышағымен аяқтың ұлтанын өлі еттен тазартып – түсіне және ақ сызыққа көңіл бөліп қарадық.

Осы шараларды орындағаннан кейін ірі қара малдан қанын алып гематологиялық зерртеулерді жүргіздік.

Жұмысты негізінен асқынған, созылмалы ауруға шалдыққан ірі қара малға жүргіздік, тұяқ ауру басталған кезде шаруашылықта сиырларға бірден некробактерин препаратын 8-12 мл мөлшерде есептеп тұяқ аумағына, тері астына салады.

Және осымен бірге «Нитокс» немесе «Exenel RTU» антибиотиктерін 1 реттен 1 мл/20 кг тірі салмаққа есептеп салады, осы шаралардан кейін ауырған ірі қара малдың 75-80 пайызы жазылады, ал ем нәтижесіз болғанда осы сиырларды арнайы қораға бөліп бағады, кешенді ем жүргізеді.

Екінші мәселені шешу үшін 4 бас ауру сиырлардан тұратын 3 топ құрдық. Бірінші бақылау тобында 4 сиыр – тұяқ ауруының созылмалы, асқынған форма тіркелген, шаруашылықта қабылған ем жүргізілді, екінші топта 4 сиыр - антибиотикті тұяқ аралығына егу әдістемесі, ал 3 топқа 6 сиырды – АСД 2 фракциясын тері астына егу әдісін қолданып емдеуді қолдандық.

Емдеу шараларының тиімділігін анықтау үшін жануарларды арнайы және гематологиялық зерттеулерден емдеуге дейін және емдеу барысының 3,7,14 және 21 тәуліктерінде өткіздік.

Клиникалық зерттеу әдістемесі

Дене қызуы анықтау – термометрия, тамыр соғу саны – беттік артерия немесе құйрық артериясы бойынша, тыныс алу жиілігі - дем алу барысында кеуде қабырғасының қозғалысы немесе танау аумағына мақта немесе дәкеті ұстап тұру арқылы анықталды. Осымен бірге жануарлардың ақсау дәрежесіне көңіл бөлінді.

Осымен бірге қанды зерттеу жұмыстары атқарылды, малдан қан алу үшін қан алынатын жердің жүнін қырқып, немесе қырып теріні спиртпен тазалайды да, тамырды стерильденген арнаулы инемен теседі.

Қан сарысуын бөліп алу. Қан сарысуын алу үшін, қанға антикоагулянт қоспай жүргізеді, онда қан ұйып, пайда болған ұйықтық тығыздалады да, сары түсті сұйықтық – қан сарысуы бөлінеді.

Әритроциттерді анықтау. Меланжерге ең алдымен 0,5 мл меткасына дейін қан аламыз сонан соң барып физиологиялық ертінді меланжер толғанға дейін аламыз. Демек, қанды 200 есе сұйылтады. Осыдан соң жапқыш шыныны Горяев камерасына Ньютон дөңгелектері пайда болғанға дейін үйкелеп жабыстырып, камераны микроскоптың төсенішіне қояды да, оның ортаңғы бөлігін сұйылтылған қан тамшысымен толтырады.

Эритроциттерді камера торының диагоналында орналасқан бес үлкен демек, 80 кіші шаршыда санайды. Ол үшін ең жоғарғы қатардың 1-шаршысын тауып ондағы эритроциттерді санауға кіріседі.

Лейкоциттерді анықтау. Меланжерге 0,02 мл сызықшаға дейін қан алып, қалған бөлігі 3% сірке қышқылының ертіндісімен толтырамыз. Көк метиленмен боялған сірке қышқылы ертіндісімен қан 20 есе сұйылады. Санау камерасына араласқан қанның 1-2 тамшысын тамызып, микроскоптың кіші ұлғайтқышымен 100 үлкен шаршыдағы лейкоциттерді санаймыз. Формулаға салып лейкоцитердің саныны шығарып аламыз.

Гемоглобин мөлшерін анықтау.

Шкалаларға бөлінген гемометр пробиркасының төменгі белгісіне дейін 0,1 н НСL ертіндісін құяды, оған арнаулы капиллярлы пипеткамен 20мм3 қан қосады. Капиллярлы пипетканы сол пробиркадағы НСL ертіндісімен бірнеше рет шаяды. Пробиркадағы ертіндісі мен қанды арнайы шыны таяқшамен араластырады. Ертінді мен қанның өзара әрекетінің салдарынан қоңыр түсті тұз қышқылды гематин қосылысы түзіледі. Пробиркаға тамшылап дис. су құйып, оны шыны таяқшамен араластыра отырып, шкалалы пробиркадағы қосындының түсін гемометрдегі стандартты ертіндінің түсімен теңестіреді. Шкалалы пробиркадағы ертіндінің деңгейі қандағы гемоглобиннің мөлшерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет