1.3. Зар-заман ойшылдарының философиясы мен болжампаздық бағдарларының діни астарлары
Зар заман әдебиеті жыр шумақтарының қалыптасу арналары, даму процесі құбылысының өзіндік бастау кезеңдері бастапқы нышандары -заманға көңіл толмастық, дүниеден жеріну, адами қасиеттердің азып-тозуын айтып, дәуірге наразылық білдіру сарындары байқалады. Уақыттың жылжуымен поэзиядағы мұндай көңіл-күй күшейе түседі. Ақыры әр қилы арнамен бір ағымға келіп тоғысады.
Зар заманның негізгі арқауы болып табылатын заманның құбылыстарына көңіл толмаушылық, бейберекет әрекеттерді ақырзаманға телу үрдісінің бастау бұлағы сопылық әдебиеттің ірі өкілі Қожа Ахмет Иасауидің әйгілі ақыл «Диуани хикмет» кітабынан бастау алатыны белгілі. Мұны алғаш атап өткен М.Әуезов бастаған әдебиетшілер: «Заман азды, заманның ұлығы азды, байы азды, атасы мен баласы азды-бұның бәрі ақырзаман нышаны деу ескіден, ХІІ ғасырда тіршілік еткен Қожа Ахмет Иасауиден қалған сарын» [24, 56б.].
Қожа Ахмет Яссауий 1093 жылы туылған Түркістандық ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы «Диуани хикмет, Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді [25].
Құл Қожа Ахметтің «Диуани Хикмет» атты кітабы бүгінде жұртымен қайта табысқан құнды еңбектерінің бірі. Ұлы ойшылдың алпыс тоғыз хикметінде кездесетін «зар» үғымы бар екені анық. Жұрттың жеке адамның және ақынның өзінің зары бұл хикметтерде кездеседі.. Мәселен «Құдайдың сүйген құлы зар илемек» «Зар еңіреумен күні-түні көз ілмей дүр», «Зар жыламай хақ дидарын көрмес, достар», «Зар илеп таңсәріде тұрар достар», «Зар сеңіресең, пендем деп айтам сені», «Таңсәріде зар илеп еңіремедім», «Қырық үшімде хақты іздеп, зар еңіредім», «Барша өлем сұлтаным деп зар жылады»; «Көз жасымды көл қылып бардым міне», «Зар жылаңыз, зар еңіреңіз, рахым келсін», «Зарынан тілім таулар сызып ағар» [26,287б.].
Ақырзаман хақындағы тұжырымдарды өз хикметтерінде былай баяндайды:
Ақыр заман болған дүр, патша залым болған дүр, Арам, шүбә толған дүр, қайран болар Кожа Ахмет [26,271б.]. Ақырзаман ғалымы залым болды [26, 279б.]. Заманақыр болды пейіл кетті 31-хикмет [26, 287б.]. Заман ақыр болғанда ақыл кеткей [26,393б.]. Діни мәтіндерде ақырзаман жақындағанда жер бетінде азғындықтың неше түрлісі жайылып адамдардың күнәлі істерді көбірек істеп жататын баяндалған. Мына бір хадисте сахаба Уқба ибн Амир (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Аллаһтың елшісі, (ақырзаман таяп, ел ішінде бүлік пен бассыздық белең алған шақта) аман қалудың жолы қандай?» – деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Тіліңе ие бол! Үйің саған таршылық етпесін! Істеген күнәларыңды көз жасыңмен жуып-шай», – деп жауап берді», – деген [18,549-550б.]. Осы хадистерден аңғарғанымыздай ақырзаманның орнауы белгілерінен заманның азып тозуы жататындығы. Мысалыға Әнәс р.а жеткен мына бір хадисте: «Жер бетінде Алла, Алла дейтін ешкім қалмайынша қиямет болмайды» [27,148б.]. Адамдардың азғындыққа салынуы Алла деп жалбарынатын адамның жер бетінде қалмағанша бұл ақырзаманның келуі болмайтындығын, ал ақырзман заман азған кезде болатындығын дәлелдейді. Сол сияқты заманның бұзылып азғандығын ақын жыраулар өз пайымдауларымен ақырзаман деп емес ақырзаманның жақын қалғандығын білдіру мақсатында ақырзаман деп жырлаған.
Жалпы ислам дінінде иманның жеті тірегінің бірі Ақырет күніне иман келтіру. Ақыр сөзі араб тілінде «әхир»соң ақырғы «иаумил ахир» соңғы күннің деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік ұғымы дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіреді. Аят пен хадистерде ақырет, қиямет, ақыр заманның күмәнсіз болатыны білдіріледі. Қиямет – дүние тіршілігінің бітуі, яки бітуіне жақын қалуын білдірсе, ақырзаман қияметтің жақындауы деген сөз. Дүние тіршілігі тоқтаған кезде қиямет қайым Исрафилдің (а.с.) бірінші рет Сұрға үрлеуімен басталып, екінші Сұрға үріліп, Алланың құзырына барғанға дейінгі аралықты қамтитын кезең. Қиямет қайымның қалай болатындығын баян еткен аят пен хадистер көп. Бірақ қашан болатындығы беймәлім, оны тек Алла біледі. Ақырет күні болса, Исрафилдің (а.с.) екінші рет Сұр үрлеуімен басталған қайта тірілу, Алланың құзырында есеп беру, жәннәт пен тозақ орындарына бару мен ондағы өмірдің басталуына дейінгі кезең екендігі ислами танымға байланысты еңбектерде келтіріледі [27.289б.].
Зар-заман ақындарыда діни ілімге жетік болғандықтан олардың шығармаларында ақырзамандық сарын орын алды. Олар отаршылдық кезеңді эсхатологиялық-мистикалық түсініктері арқылы Қожа Ахмет Иасауи дәуіріндегідей «ақмазаман орнады» деп Яссауи салған сүрлеумен жырларын жалғастырды. Көшпенді өмірден қол үзіп, өзге жұрттың иелігіне көшкен отаршылдық дәуірде дінінен айырылған қазақ үшін мұндай ахуалдың орын алуы заңдылық еді. Арысы Ахмет Иассауиден, берісі Асан қайғыдан басталған бұл идеяның негізі болжалсыз келешектің кесірінен түңілу, бүгінгі тіршіліктің қамынан туған жан қайғысының ашы зары. Шортанбайдың зар замандарының үлгісі көп сарыны Қожа Ахмет Иассаудың «Диуани хикметіне» ұқсайды. Сондағы сияқты Шортанбай да өз тұсындағы ахуалдардың барлығын «ақырзаман нышаны» деп көрсетеді [29,5б.]. Сауыскан, ала карға — кұстын құлы,
Басталар акырзаман жылқы жылы,-деп Шортанбай ақын жырлаған. Жалпы ислам дінінде ақырзаманның яғни қиямет қайымның қашан орнайтындығын бір Алладан басқа ешкім білмеуі, оның Алланың алдында құпия болып табылады. Құран кәрімде де бес ғайып деп аталатын Лұқпан сүресінің соңғы аятында былай деп баяндайды: «Расында, қиямет-қайымның қай сағатта орнайтындығы жайлы нақты мәлімет бір Алланың құзырында. Жаңбырды да (қалаған уақытында, қалаған жеріне) бір Өзі жаудырады. Құрсақтарда жатқандардың да (барлық қасиеттері мен ерекшеліктері) бір Өзіне ғана мәлім. Бірде-бір жан ертеңгі күні не табатынын нақты білмейді. Сондай-ақ ешбір жан қай жерде өлетінін де нақты білмейді. Анығында, бәрін лайықты түрде білетін, барлық нәрседен толық хабардар болатын бір Алла ғана» [8.414б.]. Алайда хадистер негізінде ақырзаманның белгілері айтылады. Жыраудың дөп басып ақырзаманның болжауыда хадистер негізіндегі белгілерден. Мысалы хадистерде қияметтің жұма күні болатындығын баяндайды, алайда қай жұма екендігі бір Аллаға ғана мәлім болады. Алла елшісі Мұхаммед с.ғ.с: «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ»-деп айтқан [27].
Достарыңызбен бөлісу: |