3.2 «Карбонилді қосылыстар» тарауының зертханалық- практикалық сабақтарын саралап оқытудың әдістемелік- дидактикалық моделі
Мұғалімнің сабақтар кезінде саралап оқытуды қолдануы,тақтада түрлі материалдар мен иллюстрацияларды ұсынумен байланысты, мектепте қол жетімсіз болған лабораториялық жұмыстарды арнайы жұмыс дәптері арқылы уақыт шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді, оқушылар ойлауды алгоритмдеуге, логиканы қалыптастыруға, сондай-ақ аса маңызды заңдар мен терминдерді меңгеруге, мінсіз тәжірибе жұмыстарына назар аударуға ықпал ететін саналы және сапалы конспектілеу жүргізе бастады. Саралап оқыту технологиясын қолдану бұрын өткен оқу материалын артық уақыт шығынсыз тексеру және қайталау мүмкіндігін іске асырды, бұл ретте ауызша сұрау электронды оқулықты тестілеудің бағдарламалық блогының көмегімен барлық білім алушылардың материалды игеруін тексерумен тиімді ұштастырылды, бұл мұғалімге нақты уақыт тәртібінде алдыңғы сабақтың мақсаттарына қол жеткізудің табыстылығын бағалауға, ал әрбір оқушыға - өз білімдеріне объективті баға алуға мүмкіндік берді. Оқу ақпараттарын ұсынудың айқындығы мен көрнекілігі, білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес көлемнің дозалануы, осының барлығы лабораториялық сабақтарда белсенділіктің артуына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |