Сірке қышқылы спиртпен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?
Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Қорытынды
|
|
Оқушылар берілген зертханалық жұмыс барысымен танысып, QR- код арқылы мінсіз зертханалық жұмысты көре алады. Себебі оқушы мектеп зертханасында бұл зертханалық жұмысты орындауға мүмкіндігі жок. Сол себепті арнайы дайындалған QR- код арқылы мұғалім жасаған зертханалықпен танысып, қорытынды жазып, жұмыс соңында берілген сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды. Барлық әдістемелік нұсқаулық тар мен дидактикалық еңбектерде мұғалімнің көрнекі көрсетілімдері өзінің сөзімен сабақтасып отыруы керек делінген. Сол себепті мұғалім мінсіз тәжірибе жұмысын дайындап, оны оқушыларға ұсынғанымен, өз сөзімен тәжірибелік сабақ барысында түсіндіріп өтуі тиіс.
Тәжірибеде, көп жағдайда, мұғалім алдымен қасиеттер, процестер, реакция жүру заңдылықтарын айтады да содан соң ғана тәжірибе жасауға немесе оны көрсетуге кіріседі. Оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып тәжірибе барысымен толық танысып шығады. Сабақты түсінгеннен кейін оқушылар соңындағы сұрақтарға өз бетінше жұмыс дәптерге жауап жазады, тәжірибені қорытындылайды. Мұғалім жасаған жұмыстарына, сұраққа жауап бергеніне, қорытындылау кезеңіне қарап оқушыларды бағалайды. Осыған сәйкес 11 сынып оқушыларымен осындай сабақ негізінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы көрнекі тәжірибені көрсету арқылы (Карбон қышқылының алынуы мен қасиеттері, Күрделі эфирлер алу және оның қасиеттерін зерттеу) оқушылардың білімді игеруі мен қабылдауындағы айырмашылықтар анықталды. Оқушылар мұғалім дайындаған тәжірибені жақыннан бақылап, оның түсіндірулерін зейін аударып мұқият тыңдады. Көрген- білгендерінің қорытындысын жұмыс дәптерлеріне өз сөздерімен жазып берді, QR- коды бойынша берілген тәжірибе оқушылар үшін жаңалық болып, қызығушылық танытып, бар ынталарымен бақылап, не керек бәрін түсінді. Оларға тек сұрақтарға жауап беріп қорытынды жазу керек болды. Берлілген тәжірибені әр оқушы өзі бақылап, түсінгені бойынша мұғалімге айтып берді. Төмен деңгейдегі оқушылар үшін қорытынды жазу қиындық туғызды. Мұны олардың жазған жұмыс дәптерлерінен аңғаруға болады.
Химия сабағында цифрлы зертханалырды жүйелі қолдану химиялық саралап оқытудың мақсаты бола алмайды, себебі алдыға қойған педагогикалық тапсырмаларды басқа жолмен орындауу мүмкін болмаса ғана осы зертханалар қолданылады. Сабақта цифрлы зертханаларды қолдану қажеттілігі ең бірінші химиялық оқу тәжірибесінің сандақ сипатымен, зерттелетін параметрдің өзгеру жылдамдығымен байланысты. Оқу процесінде цифрлы зертханаларды практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерін, зерттеу тәжірибелері мен ғылыми жобаларды ұйымдастыруда қолдануға болады. Бұған қоса цифрлы зертханалардың химиялық- демонстрациялық тәжірибелерді жүргізгенде қолданылуын қарастыру біршама қызықты болып табылады. Ол қойылған мақсатқа сай мынадай жекелеген міндеттерді атқарады: ақпараттық, эвристикалық, түсініктемелік, түзететін, зерттеушілік, қорытындылаушы және дүниетанымдық.
Бұған қоса ақпараттық технологиялардың ғарыштап дамуына байланысты химиялық тәжірибелерге байланысты әр түрлі оқу фильмдері, мінсіз лабораторияық жұмыстар жарық көруде. Бұған қоса оқу фильмдерін көрсетудің әдістемелерін қамтитын журналдар мен арнайы әдістемелік кітапшалардың мөлшері де жеткілікті.
Зертханалық немес сарамандық сабақтарда тәжірибелер қандай жағдайда мұғалім тарапынан көрсетіледі? Бұған негізгі себеп көптеген химиялық тәжірибелер өте қауіпті, улы әрі қопарылғыш болып келеді және реактивтер мен құралдар оқушылардың барлығына толықтай жетпейді. Осындай кемшілік тұстарына байланысты мұғалім зертханалық сабақтың өзінде кейбір тәжірибелерді өзі көрсетуге мәжбүр.
Мұғалім мұндай сабақтарда бағдарламада көрсетілген тәжірибені көрсетіп береді де оқушыларға сол байқалған құбылыс туралы қорытынды жасауын тапсырып, есептер шығартады. Көрсетілген тәжірибе оқушыларға жаңа тарауды меңгеру үшін емес, өткенді қайталап, алған білімдерін бір арнаға тоғыстырып қорытынды жасаулары үшін қолданылады. Қайталау сабақтарында тәжірибелерді көрсетудің негізгі мақсаты- білімді бекіту, нақтылау. Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу шеберлігін дамыту үшін де тәжірибелер көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |