Дипломдық ЖҰмыс 6В05101 «Биология»


Кіріспе Биологиялық ресурстарға



бет2/19
Дата10.05.2023
өлшемі90,43 Kb.
#91665
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дипломка 3

Кіріспе


Биологиялық ресурстарға микроағзалар, жануарлар және өсімдіктер жатады. Биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғауының негізгі міндеті - олардың биологиялық потенциалының ұлғаюы мен сақталуы, сонымен қатар шаруашылық қауіпсіздік мәселелердің шешілуі.
Аталған мәселені келесі шаралар арқылы шешуге болады:
- генетика және селекция, яғни жануарлар түрлері мен өсімдіктердің жаңа сорттарын өсіру, өсімдіктің өсуі мен даму процесіне араласып, вегетативті дәуірді қысқарту, аяз бен құрғақшылыққа төтеп беретін өсімдіктерді алу, ағза эволюциясын қалаған бағытта тездететін тәсілдерін зерттеу, гибридты жануарлар мен өсімдіктерді алу үшін арсенал құралдарын ұлғайту;
- өнімділіктің атмосфералық факторларға (жылу, ылғал, жарық, суық және т.б.) тәуелдігінін азайту;
- аурулар мен зиянкестермен тиімді күрес;
- популяцияның даму реттеу. Бұл дегеніміз, ауру қоздыратын микроағзалар мен зиянкестер санын және даму динамикасын ғылыми басқару болып табылады;
- кәсіпшілік балық, құс, жәндіктер акклимитизациясы;
- биік тау, шөлдала, экстремалды жағдайларда тұрақты популяцияны шығару;
- микробиологиялық резервтерді пайдалану. Микроағзалардың қатысуымен жер қыртысында көптеген үрдістер болады. Микроағза фармацевтикалық, азық-түлік, парфюмерия кәсіптігінде қолданылады. Микробиологиялық іс әрекеттің маңызы биосфераның экологиялық өзгеруінде, әсіресе топырақ жамылғысы, өсімдіктер, жануарлар әлемінде жеке элементтер концентрациясын өзгертуде, ағынды суды тазартуда үлкен маңызға ие;
- тұқым қуалаушылық механизмін, ДНҚ құрылымын, тіршілік әрекетінің ішкі үрдістерін зерттеу;
- фотосинтез тиімділігін өсіру;
- микроэлементтер мен минералды тынайтқыштарды орнықты пайдалану. Сонымен қоса, өсімдіктердің дамуы, өсуі және көректенуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Биосферадағы микроэлементтердің таралуын зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, өсімдіктердің дамуына, топырақтың физико-химиялық қасиеттеріне ұтымды әсер етуге, жерлердің құнарлығын көтеруге, тұрақты және жоғары өнімге қол жеткізуге болады;
- эрозияға қарсы шаралардың (орман мелиорациясы, ағын суларды реттеу, топырақтың агротехникалық өңдеуін жақсарту және т.б.) көмегімен биосфераны су және жел эрозиясынан қорғау.
Барлық жоғарыда аталған шаралардың мақсаты бір - тұрақты азық-түлікті қамтамасыз етуді кепілдендіру, сондай-ақ азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімінің көлемін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
БҰҰ ауылшаруашылық және азық-түлік мекемесімен (ФАО) "Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық міндеттер" құрылды. 1996 жылы жоғары дәрежеде өткен азық-түлік мәселелері бойынша Әлемдік кездесуде әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Римдік декларация қабылданды. Аталған декларацияда азық-түлік қауіпсіздігі «мемлекет халқының деңсаулық пен кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету, тұлғаның әлеуметтік және физикалық дамуына қажетті және жеткілікті, сапалы түрде әр азаматқа жеке азық-түлік, ауыз су және басқа да өнімдерге қол жеткізуге қамтамасыз етуді кепілдендіру бойынша экономика жағдаймен» анықталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - аграрлық сектор салаларының табыстығы және өнімділігі арттыру негізінде отандық агроөнеркәсіптік өндірісті тұрақтандыру болып табылады.
Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің үш құрамдас бөлігі басым болып табылады:
- өнімділіктің физикалық қол жетімділігі: кез келген уақытта және қажетті сұрыптамасында мемлекеттің барлық аймағында азық-түліктің бар болуы;
- өнімділіктің экономикалық қол жетімділігі: әр қазақстандықтың табыс деңгейі азық-түліктің минималды жинағын алуға жеткілікті болуы қажет;
- тамақтану қауіпсіздігі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесі шикізат өнімділігі және азық-түлік қауіпсіздігі минималды талаптарын кепілдендіру қажет.
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жартылай қамтамасыз етілгендігін айтып өту қажет:
- өнімділіктің физикалық қол жетімділігі ФАО қабылдаған 84% халықаралық дәрежеге жетпеген. Мемлекет халқы отандық өнім азық-түлігімен шамамен 80% қамтамасыз етілген;
- азық-түліктің экономикалық қол жетімділігі әлеуметтік топтар мен аумақ тұрғысында біркелкі жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Азық-түлік бағалары мемлекет тұрғындарының негізгі жұмыскер массасына қол жетімді;
- экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы азық-түлік 50%-ды ғана құрайды;
- мемлекеттегі өндірістік қуат азық-түлік өндіруді арттыруға мүмкін береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет