Табиғат ресурстарынэкономикалық бағалау 2. Экономикалық бағалау көрсеткіштері Нарық жағдайында табиғат ресурстары тауарға айналады. Сондықтан құндылығы бағалануы тиіс. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалаудың қажеттілігі келесі жағдайлардан туындайды:
1) ұлттық байлықты ақшалай есертеу;
2) табиғат ресурстарын игерудің оңтайлы мерзімін, түрін, кезегін, мөлшерін анықтау;
3) ренталық табыстарды, төлмдерді анықтау;
4) өндіруші салалардың өнімдерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу;
5) табиғат ресурсын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық мұмкіндіктерін болжау;
6) жеке аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау; 7) табиғат пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;
8) жеке шаруашылық әрекеттердің жобасын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу;
9) арендалық және концессиялық, т.б. төлемдерді есептеу;
10) табиғи ортаға келтіретін зияндарды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау.
Қорыта айтқанда қандай-да болмасын табиғат пайдаланумен байланысты әрекеттердің тиімділігін анықтау үшін бағалаулар қажет болады.
Табиғат ресурсатарын экономикалық бағалау теориясы көптен талқыланып келе жатқанмен әлі толық шешілмеген күрделі мәселе. Қоғамның әртүрлі даму сатыларында әртүрлі қағидалар, ұстанымдар мен әдістер пайдаланды. Табиғат ресурстарының құндылығын анықтау теориялары мен әдістемелерін шартты түрде: шығындық, нәтижелік, ренталық, балама құндылықтар деп бөлуге болады
Бұл жөнінде бірнеше көзқарастар, қағидалар бар. Олар: нарықтық бағаларға, рентаға, шығындарға, балама құндылығын, жалпы құндылығын анықтауға негізделген.
Нарықтық бағалау табиғат ресурстарын тиімді пайдалануғамүмкіндікбереді. Бірақ табиғат ресурсының нақты құндылығын көрсетпейді, оған жұмсалатын қоғамдық қажетті шығындардыңтиімділігінің дәл өлшемі бола алмайды. Табиғат ресурстарын өндірістік ресурс ретінде бағалағанымен, олардың экологиялық қызметтерін бағалай алмайды.
Шығындар негізінде табиғат ресурстарынбағалау біршама оңай болғнымен, кемшіліктері, қайшылықтары көп. Ең бастысы, сапасы жақсы ресурстар, сапасы нашар ресурстарға қарағанда төмен бғаланады. Өйткені оны игеруге шығын азырақ жұмсалады.
Балама құндылықтарды анықтау арқылы сұранысы төмен немесе жоқ ресурстарды бағалауға қолданылады. Мысалы, қорғалатын территориялардың бағасы алынбаған табыс (пайда) арқылы немесе оның орнын толтыру шығындармен анықталады. Бұл әдіс бір жағынан шығындық әдіске ұқсайды.
Жалпы экономикалық бағалау әдісі таза тиімдермен бірге қосалқы, жанама тиімдерді есептеуге негізделген.ол төрт қосындының жиынтығы = тікелей пайда + жанама пайдалану тиімі + мұмкін пайда + орнын толтыру пайдасы.
Аталған табиғат ресурстарын экономикалық бағалау әдістерінің барлығының да кемшіліктері бар. Қазіргі қолданылатын рента әдісінің негізгі кемшіліктері: 1) болашақ рента шамасын дәл есептеу мүмкін болиайды; 2) дисконттау коэффициенті тұрақты шама деп қарастырылады.
Ренталық теория бойынша табиғат ресурсы оны пайдаланудан алынатын тиімнің мөлшерімен бағаланады. Дифференциялдық рента шамасын есептеу үшін нақты ресурсқа қоғамдық қажетті ең жоғарғы (шеткі) шығын мен нақты шығын (нормалы пайдамен бірге) салыстырылады.