Зерттеудің мақсаты. Мектеп оқушыларына сын есімді оқыту барысында ұлтжандылық тәрбне беруді жетілдіру, дамыту. Сын есімдердің сөз тіркесі синтаксисі тұрғысынан зерттелу тарихына шолу жасау; Сын есімдердің семантикалық топтарын бере отырып, олардың сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктерін көрсету; Қазақтың ағартушы-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беру және оған мұғалімдердің ой-пікірлерін және ғалым-педагогтардың этнопедагогикалық еңбектерін мазмұндық талдау арқылы мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориялық негіздерін жасау;
Зерттеудін міндеттері
-Сын есімнің зерттелу тарихы мен Сын есімнің лингвистикалық негіздеріне тоқталу;
- Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары;
- Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру;
- Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдарын ұсыну.
I Тарау
Сөз таптарының шығуы және сын есімнің қалыптасуы
Сын есімнің сөз табы ретінде қалыптасуы
Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарында бойына жинаған грамматикалық құбылыс болды.заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілерімен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір сондай сөздермен саластырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынырақ білдіретін болады. заттардыөзара салыстыру жолымен, бір – бірінен айырым белгілерімен салыстыра артық-кемдігін байқауарқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын, сапаны білдіргензер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа басқа бір сондай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынрақ, анығырақ білдіретін болады. айталық, қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып тас жер, жұмсақ, сусыма жерді құммен теңестіруден барып құм жер, т.б. Сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі сөздердің тобы қалыптасады. Синтаксистік анықтауыш категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге негізделген қолданыстан басталды. Мұндай қолданыстың барысында бірсыпыра сөздер лексикалық шектеліске түсті: сөз әрі зат ұғымында, әрі сын, сапа ұғымында тұрақтады. Қазақ тіліндегі ақ, көк, қара тәрізді сөздер сондай жіктелістің нәтижесі: ақ және зат атауы, әрі түстің атауы, көк – зат есім, әрі түстің атауы, қара – зат есім, әрі түстің атауы. Қазақ тілінде, жалпы түрік тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. байырғы сын есімдерді салыстыра қарастырғанда, олардың дамуындағы екі түрлі ерекшелікті байқауға болады: біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мән, әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздедің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі түрлі қолданысы бар. кейбір сын есімдердің зат есім тобына, керісінше кейбір зат есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы – о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.
Сын есімдердің дамуының екінші бір ерекшелігі – байырғы түбірдің мағынасыныпң кеңеюі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы, көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәнерді, сонан соң аспан мәнін берсе, кейін көк шөп мәнін де беретін болған. Жарық – түс – сәуле, сонымен қоса бір заттың жарығы, т.б. сөз мағынасының кеңеюі, жіктеліп саралануы сын есімдердің қолданылу сферасын, икемділігін арттыра түскен.
Қазіргі қазақ тілінде сын есім жасайтын аффикстердің едәуір тобы бары мәлім. Сын есім жасайтын осы аффикстердің көпшіліг –ақ қазіргі басқа түрркі тілдерінде де, ескі жазбалар тілінде де ұшырасады. Белгілі бір аффикстердің шығу негізгі жайлы мәселені былай қойғанда, аффикстердің көпшілігі бұрынғы семантикасы мен фонетикалық пішінін аса көп өзгертпей сақтаған.
Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстер: -лығ (-ліг, лық, лік). Көне түркі тілінде әрі зат есім, әрі сын есім жасаған қосымша. Алайда –лығ және –лық аффикстерінің арасында айырмашылық болған, -лық тек қана зат есім жасайтын қосымша болса, -лығ тек сын есім жасайтын қосымша болған дейтін пікір бар. солай бола тұрғанмен, тіпті Қашқари сөздігінде де –лық пен –лығ аффикстері осы жүйені сақтамайды. Қазақ тілінде –лық аффиксті сөздердің бірде зат есім тобында, біразының сын есім реінде қалыптасуы алғашқы дәуірдегі олардың тұлғалық бірлігіне ғана емес, семантикалық орайласытығына да негізделген.
Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер. Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер тобына жатқызылып жүрген қосымшалар о баста таза есім мәніндегі сөздер жасамағаны айқын. Бір кездерде етістік түбірлерге қосылып есімше не қимыл есімін жасаған аффикситер түбірмен бірігіп, контекстте қолданылу ыңғайымен бірде зат есім, бірде сын есім қызметінде қалыптасуы түркі тілдерінің даму барысында тоқталмаған процес. Сол процестің нәтижесінде бүгінгі түркі тілдерінде, соның бірі қазіргі қазақ тіліндегі арғы негізі етістік, адъективацияға ұшыраған сөздердің едеәйір тобы пайда болды. Мұндай сын есімдерге негіз болған байырғы түбірлердің біразы қазіргі тілде де еркін қолданылатн етістіктер. Ал қосымшалардың көпшілігі қазіргі тілде сөз жасау қасиетінен айырылып «өлі» тұлғаларға не өнімсіз тұлғаларға айналып кеткен. мұндай реттерде сын есім жасайтын аффикстер жайлы айтудан гөрі түбір мен қосымшаның кірігуі, сөйтіп бүкіл сөздің адъективациялануы жайлы әңгімелеу тілдік фактілерге, тіл құрамында болған процеске орайлас болатынына сөз жоқ..
Сын есімдердің біразы –қ (ық, ік, к) аффиксімен келеді. батық, жырық, жарық, арық, ашық, бұзық, шірік, жатық, бітік, сирек, ширақ, бөлек т.б. сын есімдер бат, жыр, жырт, жар – көне түркі тілінде жарық беру, жарықтандыру, жарық түсіру» мәніндегі етістік, ары-ар – көне түркі тілінде «шаршау, азу» мәнінде қолданылған етістік, аш, бұз, шірі, жат, біт, сире, жала шира, бөл етістік түбірлері мен –қ (ық, ік, к) аффиксінің бірігуінен қалыптасқан. Бұл аффикс те көне түркі ескерткіштерінде қимыл есімін, зат есім және сын есім жасайтын тәсіл есебінде жиі кездеседі.
(-ыл, іл) –л. әбден көнерген, сондықтан жаңа сөздер құрамынан ұшараспайтын аффикстің бірі осы – ыл аффиксі: қызыл, жасыл, батыл т.б. қазіргі тілде де, көне тілде де қызыл сын есімімен түбірлес мынандай сөздер бар: қыз, қыздар, қызу барлығына ортақ түбір –қыз. Жасыл сөзін көне түркілік йаш сөзімен салыстыруға болады. С.Е.Малов мынандай мысал келтіреді.: йаш йі – шөп же. Соған қарағанда жасыл сөзінің құрамында да жас-ыл деп қарауға болады. ал батыл, жеңіл сөздері бат, жең және –л аффиксінен құралғандығы айқын.
Сын есімдердің бір бөлігі (-ын, ін) – н аффиксті болып келеді: бүтін, жатын, жегін, ұзын т.б. Бұл сөздерді бүт, жат, жатық, жек, жегу, ұзақ, бүткіл сөздерімен салыстыру олардың о баста құрама екендігін көрсетумен бірге, қимыл есім стадиясын да бастан өткізгендігін көрсетеді. А.Н.Кононов Дениге сүйеніп, бұл аффиксті –қын аффиксінің өзгерген түрі деп қарайды. (-ыр, ір) – р тұлғалы сын есімдер: бікір, жұмыр, шымыр, обыр. Бұл сөздердің бастапқы түбірлері бүк, бүгү, жұм, жұму, -р аффиксі қазіргі түркі тілдерінің біразында –ыр түріндегі есімше қызметінде қолданылады. Кейбірінде –ар мен –ыр арасындағы грамматикалық мән тұрғысынан айырмашылық та бар. қашқари сөздігінде, басқа да бірсыпыра ескеткіштер тілінде бұл аффикс –ыр түрінде ұшырасады. –мыс (-міс, мыш, міш) аффиксті сфын есімдер: жасамыс, алдамыш, қартамыш т.б. мұндай тұлғалы сын есімдер көп емес. бұлар тұрмыс, болмыс тәрізді зат есімдермен тұлғалас. –мыс морфемасы қазіргі кейбір түркі тілдерінде өткен шақты білдіретін есімше тұлғасы. –қын, (-кін, ғын) тұлғалы сын есімдер көп емес: қашқын, тосқын, шапқын, қуғын, жойқын, тұтқын, босқын т.б. осы тұлғалас зат есімдер де бар. А.Н.Кононов бұны –қан есімшелік тұлғаның фонетикалық варианты деп қарайды. Оның айтуынша, Анатолий түріктерінің тілінде бұл тұлға (-қан, -ған)өзіні бұрынғы грамматикалық мәнімен ажырап, түгелдей сын есімге айналып кеткен.
Зат жайлы ұғым мен қимыл жайлы ұғым бір – біріне қарама – қарсы полюстар болса, сын мен сапа жайлы ұғым осы екеуіне де қатысты. Заттың сыны мен сапасы жайлы түсінік ең алдымен заттың өзіне ғана қатысты болады. сын есімдер нақ осындай ұғымды білдіретін сөздер. Сын мен сапа қимыл — әрекетке қатысты болса ондай ұғымды білдіретін сөздер – үстеулер. Сондықтан ең әуелі зат, құбылыс атауы, сонан соң ғана оның сынын білдіретін сөздердің қалыптасуы әдеттегі жай.
Достарыңызбен бөлісу: |