Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»


Қорытынды……….........................................................................................25-26 Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет2/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
5- сыныпта сын есімді оқытуда

Қорытынды……….........................................................................................25-26


Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................27


Қосымша ..............................................................................................................28


Кіріспе


Жұмысының өзектілігі: Тіл біліміндегі жетістіктер мен әдістемелік өзгерістер қоғам дамуымен байланысты. Еліміздің егемендік алуы, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, соның нәтижесінде оның ғылым мен техниканың әр саласына дендеп енуі қазақ тілін зерттеушілер мен ұстаздардың алдына зор міндет қойып отырғаны белгілі. Ана тілімізді әр қырынан зерттеп, табиғатын айқындай түсуге мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта әлеуметтік сұраныс қазақ тілін оқытып үйретудің қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабын қойып отыр. Ана тілінің қоғамдағы қатысымдық рөлін күшейту үшін оны оқытудың сапасын көтеру қажет. Бұл қазақ тілін оқытуды жаңаша қырынан қарауды қажет етеді. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны көптеп және ұтымды қолдану сабақтың сапасын арттырады. Заттың әр түрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, сөз таптарына ұйытқы бола алатын сын есімдер зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, Ғ. Мұсабаев, М.Балақаев, Ж.Шәкенов, Р.Әмір, Ә.Төлеуов, Ф.Оразбаева, Г.Мамаева т.б. еңбектерді ерекше атауға болады. Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметіне біршама көңіл бөлінді. Тіліміздегі сын есімдердің мағына жағын сөз еткенде оны сапалық және қатыстық сындарға бөледі. «Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазак халқы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру»- делінген. Педағогиканың тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие және оған мұғалімдерді дайындау туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, X.Досмұхамедов т.б. болған. Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени-ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту мұғалімдерге жаңа талаптар кояды. Қазақ мектептеріне сын есімдерді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеу - ел болашағының негізі. Оқушыларға білім берумен қатар ұлттық тәрбие беру де бүгінгі күннің басты галабы. Зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу-құралдары мен оқу-әдістемелік құралдарға талдау, сараптау жасау барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жеткілікті дәрежеде жүзеге аспай жатқандығы байқалады. Осы мәселелердің шешімін табу үшін қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында оқушылардың бойына ұлтжандылықты қалыптастыруды нысана етіп алдық. Зерттеу нысанасы. Сын есімді оқыту барысында ұлтжандылыққа тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерін айқындау, оны оқушыларға меңгерту болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет