Дипломдық ЖҰмыс «Архивтану, құжаттану және құжатнамамен қамтамасыз ету»


Зерттеу жұмысының деректік негізі



бет3/13
Дата10.05.2023
өлшемі1,62 Mb.
#91589
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Айша диплом новый

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Электронды құжаттар мен мұрағаттарға байланысты деректік базаның негізгі шоғыры Қазақстан Республикасының «электронды құжат», «электронды қолтаңба», «электронды сайлау», ұғымдарымен байланысы бар.
Интернет желісінің ішінде электронды құжат және мұрағат жайында мәліметтер жұмысымның деректік негізін толықтырады.
Сонымен бірге соңғы жылдары шыққан мұрағаттық ережелер мен заңдар деректік негіз ретінде пайдаланылды.
Жұмыс тақырыбын ашу үшін үш топқа бөлуге болатын бірқатар ғылыми еңбектер қолданылады:

  1. Электрондық құжат айналымының жалпы теориялық аспектілеріне арналған жұмыстар В.Ф. Янковой, А.Б. Пахчаняна және Д.А. Романова бұл еңбектерден жұмыс тақырыбын ашу үшін қажет электрондық құжат, электрондық құжат айналымы жүйелері ұғымдары, оларды қолдану принциптері, шарттары мен ерекшеліктері қарастырылады.

  2. Электрондық құжат айналымы жүйелерінің функционалдық сипаттамаларына арналған жұмыстар-Е. В. Романченко, А.А. Линева, В. С. Иритикова – өз жұмыстарында электрондық құжат айналымы жүйелерінің негізгі функциялары мен ерекшеліктерін ажыратады. Бұл ақпарат электрондық құжат айналымы жүйелерін сипаттау үшін қажет[2].

  3. Электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізуден туындайтын артықшылықтар мен проблемаларға байланысты мәселелерге арналған жұмыстар – С.К. Байдыбекова , А. В. Полушиной – өз жұмыстарында электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізуден туындайтын артықшылықтарды, сондай-ақ сол енгізудің кемшіліктері мен проблемаларын қарастырады, туындаған мәселелерді шешудің кейбір мүмкін жолдарын анықтайды.

Әдебиеттерді талдай отырып, әртүрлі ғалымдардың электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізуді ұйымдастыру тақырыбы жеткілікті егжей-тегжейлі зерттелмегенін атап өтуге болады. Сондықтан зерттеушілер электронды құжат айналымы жүйесін енгізуге байланысты тақырыпты енді ғана зерттей бастады деген қорытынды жасауға болады. Бұл негізінен электронды құжат айналымы жүйесін енгізетін компанияларда тікелей қатысатын немесе жұмыс істейтін адамдарғада байланысты , яғни ғылыми еңбектер әдетте қолданбалы болып табылады.
Гипотезасы: Жұмысты мұрағаттану саласы бойынша мамандар даярлауда, электронды құжаттар жүйесін одан әрі дамытуға байланысты шаралар аясында, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық тарихи-мәдени реформаларды жүзеге асыру барысында пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет