Дипломдық жұмыс: Қазақ күресі арқылы жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері



бет2/3
Дата22.06.2022
өлшемі22,86 Kb.
#37193
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
баяндама

Зерттеудің болжамы: егер қазақ күресі мәдениетінің жетістіктері мен мүмкіншіліктеріне ғылыми педагогикалық тұрғыдан сипаттама берілсе, «патриотизм», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «отаншылдық» анықтамалары, «спорттық потриотизм», «отансүйгіштік» ұғымдарымен толықтырылса, оны жүзеге асыру әдістері мен нұсқаулары дайындалса, онда оқушылардың отанға деген жауапкершілігі мен отансүйгіштік қасиеттері қалыптасып,ел намысын қорғауда қиындықтарға мойымайды және материалдық құндылықтан ел намысын,ер намысын жоғары қоятын қасиет қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:

  1. Қазақ күрес мәдениетінің жетістіктері арқылы жасөспірімдердің отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздерін айқындау;

  2. «патриотизм», «әскери патриотизм», «ұлтжандылық», «ұлттық патриотизм», «отаншылдық» ұғымдарымен қоса, «спорттық патриотизм»,«отансүйгіштік» ұғымдарына анықтама беру, олардың тәрбиелік мәнін қалыптастыру.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, физологиялық, педогогикалық тарихи мәдениет, ұлттық спорт, әлемдік спорт, арнайы спорт мектеп-интернат оқу-жаттығу бағдарламаларын зерттеп, қазақ күресі жетістіктері балуан бабалар туралы сауалнама жүргізіп, үлкен спорттық жарыс жеңімпаздары мен бапкерлерден сұрақ-жауап алу мақсатында сауалнама жүргізіп, алған мәліметтерді зерделеп, мерзімді басылымдардағы ғылыми-әдістемелік мақалаларға шолу жасау, нәтижелерін қортындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мен теориялық мәнділігі:

  1. Қазақ күрес мәдениетінің жетістіктері арқылы отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері айқындалады;

  2. Жасөспірімдердің бойына отаншылдық қасиетті қалыптастыру негізінде «патриотизм», «әскери патриотизм», «ұлттық патриотизм», ұғымдарымен қоса, «отансүйгіштік» және «спорттық патриотизм» ұғымына өз тұрғысынан анықтама беріледі;

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы :

  1. Зерттеу нәтижелерін спорт мектебінің ұстаздары, бапкерлер оқу-тәрбие жұмысына ұйымдастыруда және оқушыларға бойына мақтаныш отаншылдық қасиетті жетілдіруде спорттық жарыстарда жаттығуларда пайдалануына болады;

  2. Зерттеудің нәтижелерін дене-тәрбиесімен байланысты жоғары оқу орындарында, арнайы спорт мамандарын дайындауда, семинар, тәжірибелік сабақтарын өткізген уақытта пайдалануға болады.

  3. Намыста өткен Балуан Шолақ (Нұрмұхамбет), Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов, Жақсылық Үшкемпіров пен А.Айқанов, Дәулет Тұрлықановтардың балуандық іс-тәжірбиелерін семинар сабақтарында, оқу-жаттығу барысында және халықаралық жарыстарда қолдану.

Диплом жұмысы. Диплом жұмысы кіріспеден,екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеу жұмыстың аппараты, көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері және практикалық мәні, мен зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет