Дипломдық ЖҰмыс батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту әдістемесі



бет2/8
Дата14.09.2022
өлшемі122,11 Kb.
#39050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
батырлар жыры дипломдык жумыс

Практикалық негізі: теориямен практиканы ұштастырып батырылар жырын оқытудың жолдары көрсетілді.
Қорғауға ұсынатын қағидаттар:


Құрылысы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.


\

I.БАТЫРЛАР ЖЫРЫ.
1.1 БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУ
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.  Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум.қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі.
Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

  • 1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”,  Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

  • 2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

  • 3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).

Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған. Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеуметтік түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз. Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ғ.Мүсіреповтің «Әдебиет деген- адамгершілікке сүйіспеншілік деген сөз. Өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет- азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеялардан, биік парасаттан туады»- деген сөздері әдебиеттің ізгілік пен адамгершіліктің жолындағы асыл құрал екенін айшықтай түскендей. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халқымыздың рухани байлығы саналатын- әдебиетті жан- жақты игерту, сол арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Мектепте оқылатын қай пәнді алсақ та, ол білім мен тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Соның ішінде әдебиет пәнінің ауқымы, мүмкіндігі, маңызы да ерекше болып келеді. Әдебиет пәні-тұлғаны жан-жақты танудың пәні, оқушыны жан- жақты дамытудың, терең ойлантудың пәні. Оқушылар әдебиет сабағында сезімге беріледі. Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі. Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір ән мен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сияқты қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті.

1.2 МЕКТЕПТЕ "АЛПАМЫС" БАТЫРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.


Жалпы білім беретін мектептің әдебиет пәнін оқыту бағдарламасында " Алпамыс батыр" жыры 6-сыныпта оқытылады. Жырды талдамас бұрын "Алпамыс батыр" жыры туралы оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарымен таныс боламыз. Әдебиетті оқыту барысында Қ.Бітібаеваның "Әдебиетті оқыту әдістемесі", З.Қабдоловтың "Сөз өнері", Қ.Мәшһүр - Жүсіптің "Көркем сөздің құдіреті", Н.Оразақынованың "Әдебиеттен сатылай кешенді талдау " атты әдістемелік еңбектерін пайдаланамын. Аталмыш әдістемелік еңбектерді пайдалана отырып, "Алпамыс батыр" жырын былайша әдеби талдауға болады.
Мақсаты:
1. Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау . Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан-жақты ашу,меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.
2.Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке,батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың білімін бағалау. Батыр қай кезде де бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс.
Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі. Қазақ халқының бірнеше ертегілерінде “Алпамыс батыр” жырының оқиғалық сарыны кездеседі.Осы жыр сарындас тақырыптарды талдаған кезде Қ.Бітібаеваның жоспар, аннотация, жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу, салыстырулар, бір кейіпкер туралы екінші кейіпкердің пікірін тыңдауды қолданамын. Кейіпкерлер бейнесін ашуда Қ.Мәшһүр -Жүсіптің "Көркем әдебиет тілінен мысал теруге басшылық" әдісін пайдаланамын. Әр оқушыға 2-3 мысалдан бөліп беруге болады. Мәселен, кездесу-келісім түрлері: а/ кездесу: ұшырасу, кез болу,тап болу, орайласу,, жолығу, тоғысу, тоқайласу, түйісу,жүздесу, беттесу,табысу,, қауышу т.б. ә/ келісім: икемге келу, ризаласу, бітімге келу, бітуана жасау, байлау/сөз байласу/, мәмлеге келу, жығылу,ұйғару, бәтуаласу, ауқымдасу,түйілу, ымыраласы, сөзді пісіру т.б. Осы әдіс –тәсілдерді кеңінен қолдану, жүзеге асыру - өмір талабынан туып отырған мәселелер. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады, болашақ маманның кәсіби шеберлігі қалыптасады.
Ұстаз- өз білімін жетілдіріп, толықтыра отырып қана оқушыға білім бере алады. Қазіргі заманғы ұстаз -уақытпен бірге жаңарып, толықсып келе жатқан, озық технологияларды жан-жақты меңгерген білікті ұстаздар. Олардың алдындағы үлкен мақсат- оқушы бойына өзінің бойындағысын сіңіру. Сондықтан да, мен де өз мамандығымның шырқау биігіне жету үшін үнемі ізденуді қажет етемін. Әдебиетті оқыту жолдарының қыр - сырымен танысамын. Менің тәжірибемде 9-11 сынып оқушыларына үлкен көлемді шығармаларды қалай оқыту керек? -деген қиыншылықтар көп кездесетін. Бұл сұрағыма жауапты ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Қазақ әдебиеті тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы еңбегі» -нен алдым. Менің еңбек ететін ортам -орыс тілді мектепте мемлекеттік тілді үйрету. Қазақ тілі немесе әдебиет сабағын берерде мен қатты қиналамын. Өйткені мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Мен ертең өресі биік тұлға даярлағым келеді. Менің шәкірттерім қазақ тілінің құндылықтарын еліміз бен жеріміздің әдеби, мәдени құндылықтарын терең білген шәкірт болуы тиіс. Сондықтан да мен қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың санасына ұлттық қадір қасиетті, салт-сана, әдет-ғұрыпты мейлінше сіңіруге тырысамын.
Қазіргі заман -жаңалықтың заманы. Сондықтан оқушы бойына білімді қажетінше сіңіру үшін жаттанды әдістерден тыс, жаңа оқыту әдістерін түрлендіріп оқытуға тырысамын. Өзім ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасын меңгеріп келгеннен кейін, мен өз тәжірибеме көптеген өзгерістерді енгізуді қолға алдым. Соларға тоқтала кетсем: Оқушылардың бойына отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында, мемлекеттік тілді үйретуде өз жұмысымда үнемі мыналарды басшылыққа аламын: оқушының күнделікті ауызша, жазбаша тілдік қорларын дамытып отыру, нақыл сөздерді қолдану, мақал-мәтелдерді үйрету, антоним, омоним, синоним сөздерді қолдана білу т.б/ , сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыстары.
Мен оқушылармен жұмыс жасауда шағын топтармен жұмыс жасауды қолға алдым.
Бұл әдіс оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар бірі- бірімен қатынас жасау арқылы өз пікірлерін, көзқарастарын айтып үйренеді. Өзінің айтқанын дәлелдеуге тырысады. Олар бір-бірімен кеңесе отырып, ортақ шешімге келеді, бірлесіп талқылайды. Мысалы: 9 сыныпта «Қамбар батыр» жыры берілген. 1-2 сағат аясында бұл шығарманы толық оқушы бойына сіңіру мүмкін емес. Сондықтан да Қанипа Бітібаеваның «Батырлар жырын оқыту» туралы кеңесін басшылыққа алып, кіріспе жұмыс ретінде «Батырлар жыры» туралы алғашқы әдеби –теориялық ұғым бердім. Оқушылар батырлар жырындағы халықтың арманы, халықтың тарихы туралы мәліметтер алды. «Қамбар батыр» жырының мазмұнын меңгерту үшін жырға шағын сюжеттік- композициялық жоспар жасадық. Бұл жоспар арқылы оқушыларға жырдағы басты оқиғалар туралы мәлімет бердім. Өзім жырды оқып беріп, жырдың оқылу мәнерімен таныстырдым. Жырды оқушыларға тізбектетіп, мәнерлетіп оқыттым. Эпизодтардан сұрақтар қоя отырып, негізгі оқиғаларды мазмұндаттым. Аннотация жаздырттым. Жырмен толық танысып шыққан соң, жетелеу сұрақтарын қою арқылы жырдың толық мазмұнын сұрадым. Ал жетінші сыныптарда «Батырлар жырын» оқытуда топтағы оқушыларды 3 топқа бөлдім. Оларға «Ой шақыру стратегиясы» арқылы «Батырлар жыры» ұғымын ашатын сөздерді жазу арқылы батырлық, ерлік, қаһарман, жекпе-жек, жүйрік ат, ер, намысшыл, батыл елін сүйетін т.б сөздерді жазды. Батырлар жырының мазмұнымен танысып, жаңа сөздермен сөздік жұмыс жасадық. Түсініксіз сөздерді синонимдермен алмастырдық. Жырды үш бөлімге бөліп, әр топ өз бөлімдеріне жоспар құрды. Сабақты бекіту кезеңінде кубизм әдісін пайдалану арқылы 1-ші топ батырлар жырының жанрлық ерекшелігін анықтаса, 2-ші топ батырлар жыры мен лиро эпостық жырларды салыстырды. 3-ші топ зерттеу: «Батырлар жырының» зерттелуі туралы мәліметтермен таныстырды. 1-ші топ қолдану кезеңінде жырдан үзінділер оқыды. 2-ші топ талдау кезеңінде жырдың көркемдік ерекшелігі, тілін талдады. 3-ші топ талқылау кезеңінде батырлар жырының маңызы туралы айтты. Сабақты қорытындылау кезеңінде жырдың тақырыбы мен идеясын аштық. Жырда сөз болған мәселелерді анықтадық. Батыр бейнесіне топтастыру әдісін қолдану арқылы сөздерді іріктедік. Топта атқарылған жұмыстар бойынша оқушылардың білімдері бағаланды. Үй тапсырмасына жырдан үзінді жаттауға және осы жыр бойынша сызба құру, жобалау жұмыстары берілді. Рефлексия кезеңінде оқушылар топ болып жыр мазмұны туралы ойларымен бөлісті. Осы жұмыстарды орындату арқылы мен оқушыларға қажетті білім бере алдым деп ойлаймын. Өйткені, үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушылардың сызба жұмыстары, жобалау жұмыстары арқылы оқушылар жыр туралы толық мәлімет алып шыққанын байқадым. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушы бойына ерлік, батырлық, намысшылдық елін сүю т.б қасиеттерді меңгертуге болады. Осы сабақтарды өту арқылы мен мұғалім ретінде Қ.Бітібаеваның тәжірибесінен өзіме қажет нәрселерді алдым деп ойлаймын. Енді оқушыларға ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын, көркем туындыны т.б қалай жеткізу керек екендігін білемін.
Адам баласының бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін орнықтыру өте ерте заманнан адамзаттың мұрат- мақсаты болған. Осы орайда халық фольклорындағы адамгершілікке негізделген шығармалар зор маңызға ие. Бұл ретте ғалым Ә.Нысанбаев атап көрсеткендей: «...қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиеті жоғары бағаланған. Кез- келген батырлық жырларды немесе халықтың мақал- мәтелдерін сүзіп шығыңыз. Бәрінде де негізгі рөл тұлғаға беріліп, жігіттің батырлығы, дарқандығы адамгершілігі, жомарттығы т. б асыл қасиеттері насихатталады». Олай болса, оқушыларға ұлттық әдеби құндылықтарымыз саналатын - батырлар жыры болсын, мақал- мәтелдерді т.б оқытуда оқушы бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра білу қажет. Адамның рухани әлемінің нығаюы мен кемелденуіне білім жүйесінің қосары көп. Батырлар жырын оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ойлары өрістеп, терең ойлай білуге үйренеді. Жан-жақты ойлау мүмкіндіктерінің артуы алынатын білімімен бірге дами бермек. Білім жақсы мен жаманды айыруға кең мағынадағы имандылық, адамгершілік дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі. Мұғалімнің адамгершілік тұрғыдағы жауапкершілігі оның гуманитарлық мәдениетінің деңгейіне байланысты қалыптасатыны даусыз. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаев атап көрсеткендей: «Біз әркімнің ар-ожданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз» деген. Олай болса, біз ұстаздар қауымы- еліміздің негізгі іргетасын қалаушылар болғандықтан, біздің қолымыздағы абыройлы міндет- өскелең ұрпақты адамгершілікті, парасатты етіп тәрбиелеу. Бойларында адамгершілік қасиеттер қалыптасқан тұлға – ол- ертеңіміз. Тіл қадірін, ел намысын қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу- біздің қолымызда. Ұлттық құндылықтардың қасиетін сезіндіру арқылы оқушыларызды саналы, парасатты етіп тәрбиелейік. Ал біздің алдымызда жол көрсететін «Білім кемесінің- ұстазы», жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы тұрғанда, ол кісінің мемлекеттік тіл мен әдебиетті тереңдетіп үйретудің жолдары көрсетілген сара жолы тұрғанда, біз еш адаспауымыз қажет. Тіл мәртебесін бірге көтерейік!

1.3 СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТОЕРИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТУ.


.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тараған түрлерінің бірі – батырлар жыры. Әр батырлар жыры – батырдың әр кезеңдегі ерекше қайрат, асқан ерліктерін жырлаған туынды. Батырлар жырының тақырыбы – Отанын қорғау, халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын дәріптеу. Әр оқиға бір-бірімен тұтас байланыста суреттеледі. Батырлар жырының тақырыбында да, композициялық құрылымында да, оқиғаларды баяндау әдістерінде де өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Батырлар жырында бір тапқа не бүтін бір халыққа тән ең қызықты деген оқиғалар бейнеленеді. Кейіпкерлері – даңқы жер жаратын батырлар, елін, жерін жаудан қорғаған ер жүрек ерлер, ұлттық қасиеттерді бойына сіңірген халық қаһармандары.
VI сыныпта «Қобыланды батыр» жырын оқытар алдында дарынды, таланты балалармен жұмыс модулін жүзеге асыру барысында оқушыларға алдын ала жырды зерттеуге тапсырма беріп, жырды оқытудың бірінші сағатында оқушылардың зерттеп, жинақтап келген материалдарынан бастаған жөн. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет