Дипломдық ЖҰмыс батырлар жырын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқыту әдістемесі



бет8/8
Дата14.09.2022
өлшемі122,11 Kb.
#39050
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
батырлар жыры дипломдык жумыс

ҚОРЫТЫНДЫ

Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет кеткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.


Халық өткен кезде батырлар жырын өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін оқулық құрастырушы әдіскерлер бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел. Патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның – халықтық педагогиканың ең жақсы үлгілері деп таниды.
Ауыз әдебиетінің ең үлкен саласының бірі ретінде батырлар жырын педагогика ғылымы саласынан зерттесе, патриоттық тәрбие туралы ұғымдар ашылар еді. Белгілі әдебиетші ғалым Ә.Қоңыратбаев: « Ел, халық санасымен жасалған «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырында ел тәуелсіздігін сыртқы жаулардан қорғау сарыны үстем» деген. Шынында да, батырлар жырында патриоттық сезімді ардақтап, батырлықты мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. «Патриотизм өзінен-өзі келетін қасиет емес. «Отанды сүй» деп жалаң айғайлау жастарды патриотизмге тәрбиелеу боп табыла бермейді, міне мынадай Отанды сүй деп тәрбиелесек, сірә, сол ұғымды болар. Ол үшін ауқымды мемлекеттік бағдарлама, мәдениет жөніндегі заң керек » деген Д.Исабековтің пікірі өте орынды.
Қай халық болсын өзінің батырлар жырында елеулі оқиғаларды көркем бейне арқылы жинақтап, өзінше бағалайды, өзінің көзқарасын білдіреді. Сол бейне - халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күйінің көрінісі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




1. Әрінова Б. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
3. Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
4. Икапова Д. “Оқушыларға батырлар жырын оқыту” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №7 122-бет
5. Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет
6. Көшекова А. “Батырлар жырының зерттелуі” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №6 73-бет
7. Мырзабекова К. “Алпамыс батыр жырының сюжеті мен композициясы” Қазақ тілі мен әдебиеті , 2003, №12 35-бет
8. Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан” Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет
9. Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі , 2002 №11-12 62-бет
10. Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар” Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет
11. Тілешова С. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
12. Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту және тәрбиелеу құралы” Қазақстан мектебі 2003 №5 39-бет
13. Ісләмжанұлы І. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
14. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми –әдістемелік журнал. №12-18 бет, 10-23бет, 5-19 бет. 2009 жыл. Алматы қаласы

    1. .«Ақиқат» ұлттық –қоғамдық саяси журнал №2-28бет, №7-3 бет, №11 бет.2009 жыл. Алматы қаласы

    2. . Қ.О Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы». 2012 Алматы.

    3. . С.Ч Тұрсынғалиева, Ә.С Берекенова. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал. 9 сынып

    4. .Т.Жұртбай. Ұраным- Алаш. Алматы: «Ел шежіре», 2008 жыл

    5. . Д.Қамзабекұлы. Руханият: мақалалар мен зерттеулер. Алматы: «Білім», 1997

    6. .Әрінова Б. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет

    7. .Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы “Рауан”, 1997 131-бет

    8. .Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет

    9. Кеңес Одағының Батыры, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, академик Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Мәлік Ғабдуллин феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция МАТЕРИАЛДАРЫ

Н.05/1-22. Басылым 2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет