Дипломдық ЖҰмыс кварцты автогенератордың сұлбасын қолданбалы бағдарламаның көмегімен талдау



бет5/8
Дата15.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#122921
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
11-сурет – Пассивті элементтер тақтасы

Пассивті элементтер тақтасы 11-суретке сәйкес көрсетілген элементтер:


1) тармақталу нүктесі;
2) резистор;
3) конденсатор;
4) индуктивтілік катушкасы;
5) түзетуге болатын мүмкіндіктері бар трансформатор (трансформация коэффициенттері; шашырау индуктивтілігі; бірінші орамның индуктивтілігі; бірінші орамның кедергісі; екінші орамның кедергісі);
6) электромагниттік реле;
7) батырма арқылы басқарылатын кілт;
8) уақыт релесі;
9) кернеу релесі;
10) ток релесі;
11) бір ұшы +5 В кернеумен берілген тұрақты ток көзге жалғанған резистор;
12) потенциометр;
13) 8 бірдей кедергілердің қорабы;
14) кернеумен басқарылатын кілт;
15) электролиттік конденсатор;
16) айнымалы конденсатор;
17) айнымалы индуктивтілік катушкасы;
18) индуктивтілік модельдерін құрастыруға арналған элемент.
«Диодтар» кітапханасы 12-суретте келтірілген.



12-суретДиодтар тақтасы
Диодтар кітапханасында 12-суретке сәйкес көрсетілген элементтер:
1) жартылайөткізгішті диод;
2) тұрақтандырғыш;
3) жарық диоды;
4) түзеткіш көпір;
5) Шокли диоды;
6) тиристор;
7) симметриялы динистор;
8) симистор немесе симметриялы тринистор.
«Өрістік транзисторлар» кітапханасы 13-суретке берілген.





13-сурет – Өрістік транзисторлардан тұратын тақта


Өрістік транзисторлардан тұратын кітапханада 13-суретке сәйкес көрсетілген элементтер:
1) мен 2) n-p-n және p-n-p биполярлық транзисторлар;
3) басқарылатын p-n ауысудан тұратын n-каналды транзистор;
4) басқарылатын p-n ауысудан тұратын р-каналды транзистор;
5) үш электродты тиекті оқшауланған n-каналды транзистор;
6) үш электродты тиекті оқшауланған р-каналды транзистор;
7) төрт электродты тиекті оқшауланған n-каналды транзистор;
8) төрт электродты тиекті оқшауланған р-каналды транзистор;
9) үш электродты тиікпен байытылған n-каналды транзистор;
10) үш электродты тиікпен байытылған р-каналды транзистор;
11) төрт электродты тиікпен байытылған n-каналды транзистор;
12) төрт электродты тиікпен байытылған р-каналды транзистор;
13) арсенид-галийлі n-каналды өрістік транзистор;
14) арсенид-галийлі р-каналды өрістік транзистор.
«Аналогтық микросұлбалар» кітапханасы 14-суретте берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет