1. Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды.
Саяси режим- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Ал мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз – қоғамдағы мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің бары немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.
Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты.
Тоталитаризм (лат.totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы мен сипатталады.
Тоталитарлық саяси режимнің белгілері: - азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;
- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы;
- террористік полицейлік бақылау жүйесі;
- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;
- қарулы-әскери күшпен бақылау және т.б.
- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық саясаттанушылар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде жоғарда аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.