2.2 Кварцты автогенератор сұлбасын қолданбалы бағдарламаның көмегімен талдау
Electronics Workbench бағдарламасының көмегімен кварцты генератордың типтік сұлбасына талдау жасайық.
21 және 22 суретте Колпитца нұсқаулығы бойынша құрастырылған кварцтық генератордың типтік сұлбасы көрсетілген.
21-сурет – Кварцты генератордың типтік сұлбасы
ZQ кварцтының анықтамалық белгісінің жанында оның түрі (HC-49 / U) және жұмыс жиілігі (11 МГц) көрсетілген. Төменде келтірілген автогенераторлар транзистордың негізіндегі тербелістерді және генератордың шығысын бейнелейді. Тербеліс жиілігін L 1 тізбегінің индуктивтілігін өзгерту арқылы, белгілі бір шектерде реттеуге болады.
22-сурет – Кварцты генератордың шығыстық сигналының осциллограммасы
Electronics Workbench бағдарламасының көмегімен кварцты автогенератордың типтік сұлбасына талдау жасайық.
Кварц тізбектей және параллель резонанс жиілігінде қоздырылады, яғни
(1)
(2)
Кварцты резонатордың беріктілігі
(3)
Кварцты автогенератордың сұлбасы 23-суретте келтірілген. Сұлба бойынша автотербелістер тізбекті резонатордың жиілікпен пайда болады. Осындай жағдайда кері байланыс тізбегі тұйық болады. Ал жиіліктен ерекше болатын жиіліктерде автотербелістер болуы мүмкін емес, себебі мұндай жиіліктерде кварцтың кедергісі үлкен болады. индуктивтіліктен және мен сыйымдылықтардан тұратын автогенератордың резонанстық жиілігі жиілікке жақын болу керек.
23-сурет – Кварцты автогенератордың типтік сұлбасы
24-сурет – Кварцты автогенератордың осциллограммасы
23-суретте келтірілген кварцты автогенератордың сұлбасына сәйкес тізбекті резонанстың жиілігі 712 кГц тең болғанда ғана автогенераторда тербелістер пайда болады.
Қорытынды
Зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне байланысты келесі қорытындыларды жасауға болады:
Біріншіден, жұмыс барысында автогенераторлардың типтері мен түрлерімен ерекшеліктері айқындалды.
Екіншіден, кварцты автогенераторларын модельдеудің қолданыстағы әдістері мен құралдарына жүйелік талдау жасалды.
Үшіншіден, ғылыми-әдістемелік материалдардың негізінде кварцты автогенератордың негізгі мүмкіндіктеріне шолу жасалынды.
Төртіншіден, Electronics Workbench бағдарламасының көмегімен кварцты резонатор, кварцты автогенератордың типтік сұлбаларына талдау жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |