Электрическая цепь



бет1/3
Дата29.03.2023
өлшемі227,67 Kb.
#77174
  1   2   3
Байланысты:
10-тақырып


Пәннің атауы:

Электротехника және электроника негіздері

Тақырып: Үш фазалы электр тізбектері
Инженерлік пәндер кафедрасы
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
АО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
Инженерлік пәндер кафедрасының
ассистенті: Курманова Г.З.

Жоспар:

  • Жоспар:
  • Үшфазалық электр тізбектері туралы ұғымдар.
  • Электр тізбектері және оның касиеттері.
  • Жұлдызшалап, үшбұрышпен қосылған электр тізбектері.
  • Қорытынды

Кіріспе

  • Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін алуды орыс инженері М.О.Доливо-Добровольский 1891 жылы ұсынып, үш фазалы генератордың алғашқы жобасын жасаған.

Үш фазалық жүйе деп, бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін, үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фазасы бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзімен қосылған жүйені атаймыз.

  • Үш фазалық жүйе деп, бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін, үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фазасы бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзімен қосылған жүйені атаймыз.

Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фазалар деп аталады. Үш фазалық жүйе симметриялы, себебі оның фазаларының (орамалардың) парамертлері ,яғни материалдары бір, ұзындықтары мен көлденең қимасының ауданы өзара тең етіп жасалады, осыған байланысты орамаларда әсер етуші ЭҚК – өзара тең болады.

Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фазалар деп аталады. Үш фазалық жүйе симметриялы, себебі оның фазаларының (орамалардың) парамертлері ,яғни материалдары бір, ұзындықтары мен көлденең қимасының ауданы өзара тең етіп жасалады, осыған байланысты орамаларда әсер етуші ЭҚК – өзара тең болады.

Үш фазалық жүйенің бір фазалық жүйеге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:


Үш фазалы жүйе
қарапайым және арзан, қосқыш сымдары аз, сымдардағы қуаттың шығындары төмен.
Генератордың орамаларын жұлдызша сұлбасы бойынша қосқанда кернеуді таңдаудың мүмкіндігі бар, ол сызықты немесе фазалық кернеу.
Үш фазалық ток айналамалы магнит өрісін тудырады. Айналмалы магнит өрістерін қолдану өнеркәсіпте ең көп тараған үш фазалық асинхронды электр қозғалтқыштарының пайдалануға мүмкіндік береді
  • Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесін (үш фазалы тоқты) алу үшін үш фазалы синхронды генератор қолданылады.
  • Оның қозғалмайтын бөлігі - статорында бірі - бірінен 1200-қа ығысқан және өзара оқшауланған үш фазалық орама орналасқан. қозғалмалы бөлігі - ротор айналғанда осы орамаларда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш э.қ.к.-тер пайда болады.
  • Олардың біріншісі еА (ЕА), одан фаза бойынша 1200 кешігіп отыратын екінші фазасы еВ (ЕВ), ал екіншіден фазасы бойынша 1200 озып отыратын э.қ.к.- еС (ЕС) белгілейміз.

Генератордың орамаларын оның фазалары деп атайды да, А,В,С латын әріптері арқылы белгілейді, ал аяқтары Х,У, Z деп белгілейді. Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет ЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.
Генератордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген,яғни роторды қандайда бір механикалық күш арқылы қозғағанда, осы роторға бекітілген тұрақты магнит (электромагнит) полюстері арқылы пайда болған магнит өрісінің күш сызықтары, статордағы орамаларды қиып өтіп,онда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш ЭҚК –терді туындатады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет