Дипломдық ЖҰмыс орындаған: Қолы: Ғылыми жетекші: Қолы



бет9/17
Дата07.04.2022
өлшемі116,41 Kb.
#30154
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
The research object of the thesis is the development of SMEs in the modern economy and ways of solving its problems in crisis situations.

The structure of the work: the work consists of an introduction, two chapters, consisting of several sections, a conclusion, a list of sources used.

Кіріспе

Жаһандану жағдайындағы қоғамның әл ауқаты тікелей оның табыс көзімен байланысты, қазіргі таңда қоғамда кез-келген елде шағын және орта бизнесі кең таралғаны бізге мәлім. Шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасында маңызды рөл атқарады, өйткені ол халықтың жұмыспен қамтылу проблемаларын шешуге ықпал етеді, экспорттық әлеуеттің өсуін және ішкі нарықты тұтыну тауарлары мен қызметтерімен толықтыруды қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікті туғызады. Дамыған елдердің ШОБ қызметіне арналған ғалымдарының зерттеулерінде олар жұмыссыздық мәселелерін шешіп, саланың да, жалпы ұлттық экономиканың да экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігі атап өтілді. Көптеген дамыған елдер экономикадағы ШОБ тиімділігін сезінді және шағын көлемде жұмыс істейтін фирмалармен байланысты мәселелерді шешуді үйренді.

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және дамытуға, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Заманауи бизнесте компания қызметін әртараптандыру маңызды талаптардың бірі болып табылады, жалпы PR ағылшын тілінен алғанда «public relation», яғни «қоғамдық қатынас» деп аударылады. «Паблик рилейшнз» тіркесінің тікелей мағынасы жұртшылықпен байланыс дегенді білдіреді. Қазіргі басқару қызметінде онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Әсіресе басқару, ұйымдастыру, қоғаммен тікелей байланыс жасау салаларының қызметкерлері үшін оның маңызы зор. Өйткені серіктестерімен, тұтынушылармен өзара түсіністікке қол жеткізіп алмай басқару қызметін жүргізу мүмкін емес. PR шын мәніндегі стратегиялық коммуникация болып табылады. Онда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралар ұзақ уақытқа жоспарланады, қандай да бір ұйымның немесе жеке тұлғаның мүддесін көздейтін ақпараттық басымдықтар айқындалады. Қоғамдық қатынастар саласы коммуникативті мәселелерді шешу қабілеті ретінде адамзатқа барлық жерде және барлық уақытта бірге жүреді, ал дағдарыс - бұл күтпеген жағдай немесе бақылаудан тыс бірқатар оқиғалар, ұйымның қалыпты жұмысын тоқтататын, зиян келтіретін, қоғамдық назар аудартатын қаупі бар, ұйымның беделіне тән ерекше дағдарыстық жағдай болып табылады. Көптеген әлемдік шағын, орта немесе ірі компаниялар дағдарысқа тиісті түрде жауап бере алмағандықтан жоғалып кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет