Дипломдық жұмыстың өзектілігі: біздің жұмысымызда қозғауға тырысатын мәселелердің бірі әлемдік қоғамдастықта және Қазақстандағы қоғамның экономикалық жағдайына тікелей әсер беретін шағын және орта кәсіпкерліктің даму стратегиясын қарастыру және оның дамуына қоғамдық қатынастар мамандығының тікелей байланысын анықтау. Мәселенің өзектілігі дағдарыстың экономикаға және елдегі жалпы жағдайға әсерін азайтудың оңтайлы жолдарын табу.
Жұмыстың мақсаты –Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың атқаратын рөлін анықтау, шағын және орта бизнестің маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлге ие екенін және оның әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтайтын маңызды нарық қажеттілігі екенін көрсету, сондай-ақ ШОБ-тың қоғамдағы рөлінің PR-мен тікелей байланысын сипаттау.