Дипломдық ЖҰмыс оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар Алматы 2008 мазмұны кіріспе


Оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған сабак турлері



бет5/10
Дата02.02.2023
өлшемі366,5 Kb.
#64612
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2. Оқушыларды шығармашылыққа баулуға арналған сабак турлері.


1- әдістеме
Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру.
2. Дамытушылық: Халық шығармасының бұл түрлері бір-бірінен ажырату, мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы ұлттық сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Проблемалық және ойын әдісі.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а. Сәлемдесу
ә. Топтарға бөлу
2. Жаңасабақ
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың мақсаты - сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге, ойларыңды ашық айтуға дағдыландыру. Сабақты бастамай сөздерді оқи отырып топтарға бөлейік. Қоржын, Асық, Сандық, Шаңырақ, Қобыз.
Осылайша сыныпты екі топқа бөле отырып, ережесімен таныстыру:
1. Тыныштық сақтау
2. Бірін-бірі тыңдау
3. Қол соғу
Әрбір дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады.
Ә/ Енді эр топ өздерінің:
Топ басшысының
Уақыт есептеушісің
Жазып отырушысын
Көпшілікке таныстырушысын сайлау керек.
Мұғалім: Әрбір топтың топ басшысын, топ мүшелерін сабақ бойына бақылап, соңында еңбегіне қарай бағалайсыңдар.
Мұғалім:
I бөлім - кіріспе бөлім. "Білгенге - маржан, білмегенге - арзан"
1. Әр топқа тапсырмалар таратамын. Ойнануға екі минут беріледі.
Тапсырмалар:
№ 1. Жаңылтпашты қалай түсінесің?
№ 2. Жұмбақты қалай түсінесің?
№ 3. Нақыл сөзді қалай түсінесің?
№ 4. Мақал деген не?
№ 5. Мәтелді қалай түсінесің?
№ 6. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы бар ма?
2. Оқулықпен жұмыс
II бөлім. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты оқу
"Халық айтса, қалт айтпайды" атты бөлімде топ басшылары келіп тапсырма
алады. Орындауға 2 минут, түсіндіруге 2 минут
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру керек.

  1. Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық

  2. Әркімнің өз жері - жұмақ

  3. көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың

4. Білімсіз адамның сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей
5. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ
6. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
Әр топқа беремін тақырыпты, сендер тақырыпқа сай 3 мақал-мәтел айтуларың керек. Ойлануға 1 минут.
1-топ. Туған жер - Отан туралы. Өнер-білім туралы.
2-топ- Ынтымақ - бірлік туралы
Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы.
ІІІ-бөлім. "Ойлан тап"
А. Бұл бөлімнің ережесі бойынша екі топқа жеке-жеке жұмбақ жасырамын. Шешуін екі тілде қазақша, орысша айту керек.

  1. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, бұл үйден көрген болып
    шығасың /мектеп/

  2. Тындырып адам жұмысын, тазартып үйдің жуды ішін. Кейде дауыл
    соғады, кейде ішіне сорады /шаңсорғыш/

3. Ымырт түссе шығамын, таң атқанда батамын. Көк теңізде
шашылып, көзімді ілмей жатамын /жұлдыздар/
4. Ішегіне мұз қатқан, өзін-өзі мұздатқан /тоңазытқыш/
Ә. Сөз жазылған парақшалар таратамын /қайың, кітап, қоян, домбыра/
Әр топ /екі-екіден/ өзіне тиісті сөзге жұмбақ құрастырады.
Ойлануға 2 минут. Құрастырған жұмбақтарын басқа топқа жасырып, шешкен топқа ұпай қосылады.
ІV-бөлім. "Кім жаңылыспайды?"
Ортаға топ басшыларын шақырып, жаңылтпаштар оқимын. Бірден жаңылыспай айту керек:
1. Тарғыл итім талға оралды,
Талға тағы барып оралды
2. Тау дәу болады,
Дәу тау болады

  1. Аңқау жалқауды жалқаусың депті

Жалқау аңқауды аңқаусың депті

  1. Шүрегей сүңгігіш пе,

Сүңгір сүңгігіш пе?

  1. Дәптермен жұмыс

  2. Кодоскоггаен жұмыс

  3. Сабақты бекіту, қорьпу

- Трениг сабақ ұнай ма?
- Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма:
Өнер-білім туралы мақал-мәтел жаттау .
Мұғалім ешуақытта балаларға дайын тұжырым, дайын қорытынды ұсынбауы тиіс. Әсіресе балалардың ана тілі сабағыңда өз бойынша ойланып, әр түрлі фактілерді, адамгершілік қасиеттерді кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын салыстырып білуге, қоғамның моральдық принциптеріне сүйене отырып, өмірдегі қарам-қайшылықтарды адамгершілік тұрғыдан бағалай білуге үйренуі керек. Бұл өте маңызды. Егер балалар өз бетінше қорытынды жасауға қиналып жатса, онда мұғалім адамгершілік ережені қорытып шығаруға көмектесетін иллюстрациялар тірек-сызбалар, көрнекіліктер ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет