Жоспар . Кіріспе бөлім. Наурыз мерекесінің халық ауыз әдебиетіндегі алатын орны.
II. Негізгі бөлім: а) Наурыз - қазақтың жыл басы.
ә) Наурыз мерекесіндегі халықтық әдет-ғұрыптардың көрінісі.
ІІІ.Қорытынды бөлім. Наурыз - халық мейрамы.
Амансыз ба? Ұлыс оң болсын! Ақмол болсын! Қалайда барсаң жол болсын! Әдеби шыәармаларәа күрделі жоспар улгісі: Шығармашылық бағыттағы күрделі жоспар үлгісі: Соңғы кезде мектептерде шығарманы жоспарсыз жаздырып жүр. Ол оқушылардың жұмысын жеңілдеткенімен, көптеген қиындықтар туғызады: жүйелі жазылмайды, тақырыптан ауытқиды. Ал, төменгі сыныптардағы (шығармашылық бағыттағы еркін тақырыптарға) шығармаларды жоспарсыз жазса да болады.
Шығарманың мазмұнын аңғару үшін оның алдына қысқаша үзінді немесе нақты сөз келтіреді. Ол - шығарманың эпиграфы, Эпиграф шығармаға өң беріп, оның идеясын алдын-ала білдіріп тұрады. Эпиграф етіп, көбінесе, халыққа танылған адамның нақыл сөздері, шығармасы талданып отырған ақын-жазушылардың өз сөзі, өлең шумақтары және мақал-мәтелдер алынады. Мысалыға, «Абай өлеңдеріндегі өлөң-жыр, ән-күй тақырыбы» деген шығарманың эпиграфы етіп Абайдың мына өлеңін алса болады;
Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй!