Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жоба) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды. Кіріспенің көлемі 2-3 беттен тұрады
Тапсырма Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықты талдау
Практикалық сабақ 11 Дипломдық зерттеу жұмысының теориялық бөлімін талдау Зертту жұмыстары бойынша эксперимент жүргізу Диплом жұмысының (жоба) негізгі бөлімінде мазмұны, әдістемесі және зерттеу жұмысының қорытындысы беріледі және бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Диплом жұмысы екі немесе үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің соңында зерттеудің нақты кезеңін қорытындылайтын қысқаша нәтижелер келтірілуі керек. Бұл жағдай жұмыстың қосалқы тұстарын баяндауды болдырмау мүмкіндігін туғызады. Аралық және соңғы қорытындылар объективті, маңызды және нақты дәйектелген болуы қажет.
Бірінші бөлім - 2-3 параграфты қамтитын теориялық бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде зерттеу мәселесінің теориялық аспектілері, яғни ғылыми, құқықтық, статистикалық және басқа да әдебиеттер қарастырылады. Әдебиеттерді қарастыру барысында отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нысанына көзқарастары салыстырмалы түрде зерттеліп, зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі анықталып, зерттеушінің өз қөзқарасы мен қойылған міндеттерді шешуде өзіндік бағыты айқындалады.
Екінші бөлім – аналитикалық. Бұл бөлімде 2-3 параграф қамтылуы мүмкін және арнайы ақпарат (ғылыми, техникалық, практикалық, шығармашылық, технологиялық, графикалық және т.б.) негізінде зерттеу нысанының жан жақты, күрделі талдау жүргізіледі және мамандық бойынша шығарманы материалда, визуалды бейнелер арқылы көрсетеді. Бұл бөлімнің соңында жүргізілген талдаудың нәтижесі қорытындыланып, тиімді болып табылатын ұсыныстар берілуі керек.
Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.
5.11 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сай рәсімделеді. Дереккөздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дереккөздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30 сілтемеден кем болмауы тиіс
Лекция 10 Зерттеу жұмыстарының кезеңділіктері
Проблеманы анықтау, негіздеу және болжамды ұсыну (1 кезең).
Зерттеу кезеңдері
Проблеманы анықтау, негіздеу және болжамды ұсыну (1 кезең). Ізденіс жоспарын күрастыру, мазмұнын ашу жолдарын іздеу (2 кезең). Ізденіс нәтижесін қорытындылау (3 кезең).
кезең - Зерттеу жүргізуде ең маңыздысы – мәселені түсіне білу. Олар түрлі жағдайларда туындауы мүмкін. Оның мән-жайын анықтау мәселеге қатысты іс-шаралар ұйымдастырды талап етеді. Сондықтан қызықтырған құбылыстар мен жағдайларды анықтау үшін сұрактар қойып үйренгенің жөн.
Тақырып зерттеу мәселесінің сипатын аңғартады. Зерттеу тақырыптары алуан түрлі болуы мүмкін. Ең бастысы бұл тақырып қызықтыруы тиіс. Зерттеудің мақсатын анықтау үшін бұл зерттеуді не үшін жүргізіп отырғаны жөнінде сұрақ беруің қажет. Тақырыпты таңдаған соң, болжам жасауға үйрену қажет (ұсыныс жасалуы тиіс). Болжам жасау - жағдайды алдың-ала көре білу. Бастапкыда ол аныкталмағанмен, оны айкындап алу қажет, таңдаған мәселені шешу үшін бір немесе бірнеше болжам жасалуы мүмкін. Болжам-ұсыныстарды анықтап алған соң, оларды маңыздылығына қарай рет-ретімен жазба түрде түсіру.