Қорытынды
Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі, қоғам дамуының бағытында жан –жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Жүргізілген зерттеу жұмысымыз педагогика мен мектеп практикасындағы көкейкесті мәселелердің бірі болып табылатын оқушылардың танымдық дербестігін дамыту мен шығармашылық тапсырмалар арқылы ой -өрісін дамытуды қалыптастыруға арналған.
Әлеуметтік және ғылыми – техникалық прогресті дамытудағы басты мәселелердің бірі адамдардың белсенділігі, сапалы және терең білімі мен іскерлігі сонымен қатар кәсіптік дайындығы болып табылады. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Осы мақсатты бетке ала отырып төменгі сынып математикасын оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік қызметін қалыптастырудың әдістемесін жетілдіру жолдары мен тәсілдеріне байланысты бірқатар мәселелер қарастырылды. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында логикалық ойлауын дамыту: бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары; баланың ойлау қабілетін арттыруға арналған ойындар; оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту; есеп шығаруда баланың логикалық ойын дамыту жолдары көрсетілді.
Қорыта айтқанда оқытудың жаңа - тәсілдерін қолдану арқылы балалардың кішкентай кезінен бастап дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Бала қиялын дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға, өзінің болашағын болжауға және идеяларымен еркін әрекет жасауға үйренеді. Балалар өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін шығармашылық ойындармен, тапсырмалармен көп жұмыс жүргізу керек. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық қабілетін, ой - өріс белсенділігін дамыту қажеттілігі жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |