1.3 Психологиялық және педагогикалық ғылымдардағы логикалық ойлаудың мәні мен мағынасы
Айнала қоршаған ортаны танып, білу адамның ойлауы арқылы орындалады. Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, сезіну, қабылдау, елестету сияқты жолдарымен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану – бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды. Сезімдік тану материалды жолмен емес тәжірибелік жолмен өрісі кеңие береді. Дүниеде танудағы тәжірибенің кеңеюі адамның ойлауының ептілігіне таңқаларлық әсер етеді. Адамның ойлауы туралы И.М.Сеченов: «Адамның ойында тануға әсер ететін серпіліс бар және ойлаудың өзі процесс» деген. Барлық құбылыстармен салыстырғанда адамның ойлауы өте күрделі және танып, білу өте қиын. Ойлауды зерттеуде көптеген психологтар детерминизм принципін басшылыққа алады. Ол сыртқы құбылысты тану ішкі шартты рефлекс арқылы жүзеге асады деген ережеге сүйенеді. С.Л.Рубинштейн бұл туралы тек осы принципке ғана сүйене отырып психологиялық құбылыстардың заңдылықтарын анықтауға болады және тек осы көзқарас психологиялық ереже бола алады дейді. Мұнда ойлаудың ішкі құрылысы деп отырғаны – ойлау операциялары. Ойлау операциялары сыртқы әсерге бірдей жұмыс істейді. Ойлау операцияларының ішінде анализ (талдау), синтез (жіктеу) және жалпылау (басыңқы) болады. Білім ойлау процесі арқылы алынатын болса, ойлау процесі де қандай да бір білімге сүйенеді.
Баланың физикалық, генетикалық қанқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі, даму заңдылығы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады. Ал оның психикасының дамуы ше ? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішік мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы психологиялық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды. Психология тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір бар. Бірі – жаратушының күштілігін, тұқым құалаушылық факторды құаттаса, екіншісі – барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады. Қазіргі күні ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуі, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу, білім алу деген сөз.
Оқу адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берлі деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Ойлаудың ішкі жағдайлары жабық түрінде емес, оған көрсетілетін сыртқы ықпалдармен тікелей байланысты. Оның өзіне тән жағдайлары түрінде көрінеді. Олар белсенділік деңгейімен және таным үрдісіндегі талдау, жинақтау және қорыту сияқты ойлау операцияларының өзара әрекеттестігімен анықталады. Ойлаудың сыртқы жағдайлары ретінде (ойлау қажеттілігінде туындайтын жағдайлар) бәрінен бұрын ойлау нысанының өзі, сондай-ақ обьект пен субьект өзара әрекеттесетін орта да көрінеді.
Ойлауды үрдіс ретінде баяндау бәрінен бұрын ойлау әрекетінің детерминациясының өзі үрдіс ретінде жүзеге асырылатындығын білдіреді. Шындығында проблеманы шеше отырып, адам барлық жаңа, бұған дейін оған белгісіз болған жағдайларды айқындайды және сонымен бірге осы жаңа жағдайлар мен міндет талаптары арасындағы себептік байланыстарды орнату қажеттілігімен ұшырасады. Осылайша, «ойлау детерминациясы бастапқыда абсолютті дайын бірнәрсе түрінде емес, аяқталған түрінде беріледі, ол жасалады, бірте-бірте қалыптасады және міндетті шешу барысында дамиды, яғни үрдіс түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда, ойлау нысанды танудың бір актісіне жинақталмайды, белгісіз нәрсе бірден ашылмайды. Ойлаудың бір бөлімінің нәтижелері ойлау үрдісінің ары қарайғы барысына енгізіледі, нысанды тану барынша тереңдетіледі. Бұл ойлау мәселенің бастапқы қойылуын өзгертеді, ал осы өзгермен мәселе біздің ойымыздың ары қарайғы барысына ықпал көрсетеді, оны түзетеді, жаңа мәселелерді туындатады, таным нысаны жөнінде жаңа болжамдар жасайды деген сөз.
Осылайша, ойлау үрдісінің маңызды механизмі келесіден тұрады: «ойлау үрдісінде нысан барлық жаңа байланыстарға енгізіледі және осының арқасында өзінің барлық жаңа қасиеттері мент сапаларына кіріседі, осылайша, нысаннан барлық жаңа мазмұн айқындалады; ол әр ретте өзінің басқа қырына аударылады, одан барлық жаңа қасиеттер айқындалады. Ойлаудың көрсетілген механизмі жинақтау арқылы талдау деп аталады, өйткені нысандағы жаңа қасиеттерді белгілеу (талдау) зерттелуші нысанның басқа заттармен арақатынасы, яғни оны басқа заттармен жаңа байланыстарға қосу арқылы жүзеге асырылады.
Дегенмен «...егер білімге ойлау үрдісінде қолжеткізілсе, онда ойлау үрдісінің өзі өз кезегінде қандай да бір білімнің болуын қажет етеді». «Ойлау мен оған зерттеу жүргізу жолдары деген кітабында С.Л.Рубинштейн ойлау – білімді маңыздыландыру мен қолдану, бұл тұтас үрдіс болып табылады деп жазады. Маңыздыландыру үрдісі дегенде бұрынғы тәжірибеден қажетті мағлұматтар мен әдіс-тәсілдерді сұрыптап алу мен оларды жаңа жағдайларда пайдалану ұсынылады.
Ойлау өнімді үрдіс ретінде қайта қалпына келтіруші үрдіс ретіндегі жады дамуының белгілі деңгейі негізінде ғана дамиды. «Ойлау әрекеті жүзеге асырылуы үшін адам жадысы мағлұматтардың (білімдердің) қажетті көлемін дер кезінде алуы, ұстауы және маңыздыландыруы қажет. «Жады мазмұны, - дейді П.П.Блонский, - бұрынғы әсерлер; айлау мазмұны - әлі шешілмеген мәселе». Ойлауды білімге қарама-қарсы қойған және ойлау білімсіз дами алады деп санаған педагогтарды сынай отырып, П.П.Блонский егер де білім болмаса, «ойлауды дамыту үшін негіз де жоқ» деп баса көрсетеді. «Білім психолог А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша бастапқы түрткі, ойлаудың негізгі құралы және соңғы нәтижесі». Білім және онымен әрекеттесу арасындағы ажырамас байланысты көрсете отырып, П.П.Блонский «Қауақ бас талқыламайды; бұл бас қаншалықты тәжірибе мен білімге ие болса, соншалықты талқылауға қабілетті болады» дейді.
Дегенмен «ақыл-ой әрекеті әдіс-тәсілдерін меңгеру білім жүйелерін игеру бойынша дербес ой белсенділігі үрдісінде ғана мүмкін.
«К.Д.Ушинский білім жүйелерін оқырман өзіне қажетті кітапты оңай тауып алатын жақсы ұйымдастырылған кітапханамен салыстыра отырып, оның айрықша ролін баса көрсетеді. Егер де тіпті мұндай кітаптар саны өте көп болса да, бірақ олар ретсіз үймеленіп жатса, оларды пайдалану мүмкін емес. Жүйелендірілген білімдер ғана қозғалмалылыққа ие».
Оқушылардың ойлауын дамытуға арналған көптеген жұмыстарда негізгі назар білім жүйелілігін, оқушылардың деректер мен заңдылықтардың үлкен көлемімен қалай жарақтану жолдарын қалыптастыру жағдайларын айқындауға аударылады. Бұл жерде оқушылардың білімдерді, әсіресе заңдылықтарды игеруінің өзін логикалық ойлау қалыптастыратындығы және оқушылардың ақыл-ой дамуын қамсыздандыратындығы болжанады. Дегенмен бұл жерде екі дербес, дегенмен өзара тығыз байланысқан міндеттер: терең және берік білімді қалыптастыру мен оқушыларды дұрыс ойлау шеберлігіне үйрету міндеттері шектелмейтіндігін атап өту қажет. С.Л.Рубинштейн осы себеп бойынша ойлауды дамыту мәселесін білімді меңгерту проблемасына бағынышты ету дұрыс еместігін жазады.
Шындығында, іс жүзінде екі міндет те (оқушыларды білім жүйелерімен жарақтандыру және олардың ақыл-ой дамуын қалыптастыру, оның ішінде ойлауын дамыту) бірге шешіледі, өйткені ойлауды қалыптастыру білімді игеру және қолдану үрдісінде ғана жүреді, олардың әрқайсысы бәрібір дербес мән-мағынаға және өзіндік жүзеге асырылу жолдарына ие.
Біз оқушыларды ақыл-ой белсенділігінің тиімді әдіс-тәсілдеріне, көбінесе, логикалық ойлау тәсілдеріне (салыстыру, талқылау, нақтыландыру және т.б.)үйрету ақыл-ой дамуының маңызды құралдарының бірі болып табылатындығы мен оның білімді қалыптастырумен бір мезгілде жүзеге асырылуы тиістігі тұрғысынан сүйенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |