2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын
қателер:
1) Бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр
сілкінді». «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің құдіретін терең меңгеріп қана
қоймай, санамызда мәңгілікке жатталады».
а) Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп
келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда»; «Ол болашақта өз мүдделері
және күллі адамзат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы
үміттеміз»; «Менің барынша құрметіме сендіруімді қабыл алғайсыз»;
ә) Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен
теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере
жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы».
2) Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде ауызекі, кітаби
тілге тән лексиканы себепсіз қолдану: «Студентгерді қорқытып қойса
болғаны екен. Көрмеген кітапхананың есігін ашып, өмірінде ұстамаған
кітапты ұстап көреді»; «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша
тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер
өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім».
Достарыңызбен бөлісу: |