Кітаби-жазба стильдер.
Кітаби-жазба стильдер өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып
танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы
атқаратын қызметіне қарай іс-қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық
стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі.
Кітаби-жазба стильдер жалпы халықтық тілдің жазбаша формасының,
негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады. Бұл стильдер қатынастың
жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан, мұнда тілдік сұрыпталып
қолданылады.Кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас
жасауда көрінбейді.Сондықтан , онда қаралатын –ғылым, заң, жобалары, іс-
қағаздары, ресми құжаттар және басқа да қоғамдық маңызды мәселелер жан-
жақты толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бұзатын қажетсіз детальдар
болмай, нақтылы дәл жазылуы керек. Мұндай талап кітаби-жазба
стильдердің бәріне бірдей қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |