Қапшағай суқоймасы Іле өзенінде орналасқан. Қапшағайдағы ГЭС тұрғызу құрылысымен байланысты. 1970 жылдан бастап толған. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, ені 23 км. Оң жақ жағалауы төмен толтырылған, жайқап, сазды. Оның үстінде көптеген демалыс зоналары орналасқан. Қапшағайда 26 түрлі балық түрлері мекендейді: ақмарқа, мөңке балық, тұқы, табан балық және т.б.
Алматы облысы аумағындағы демалыс орындарында бірнеше емді қайнар көзді жерлер орналасқан.
Алакөл көлі. Көл Тарбағатай және Жоңғар Алатауы арасындағы Алакөл шұңқырында орналасқан. Сасықкөл , Ұялы, Жалаңаш және т.б. кішігірім көлдермен бірге Алакөл көл жүйесін құрайды. Көлдің ауданы 2200-2650 км² шамасында. Көл шипалы суымен және мемлекеттік “Реликтілік шағала” қорығымен ерекшеленеді, тек осы жерде ғана бүкіл әлем бойынша реликтілік шағалалар мекендейтіні анық.
Алакөлде мекендейтін балық түрлері: осман, губач, сазан, көксерке, алабұға, маринка. Өзен сағасында ондатрлар мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |