Алматы облысының табиғи ресурстары және олардың туризм саласында қолданылуы.
Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:
демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;
аймақтың рельфі;
климаттық жағдайлары;
сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;
су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;
сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы; [5].
Алматы облысында бұл табиғи ресурстардың жиынтьығы басым.
Сонымен бірге туризмді дамытуға ыңғайлы әрі жайлылыға жағынан Қазақстан аймақтарын бөлгенде барынша тартымдылық танытқан Алматы облысының аймағы болды. Туризмді дамытуға жайлы аймақ ретінде танылу үшін оған төмендегідей сипаттамаларға ие болу қажет болады: жаз мезгіліндегі жылылықтың ұзақ сақталуы, жер беті суларының болуы, орманға оранып, көз тартатын көрікті таулардың көп болуы, экскурсиялық нысандардың болуы. Сөз жоқ мұндай сұлулықты дархан табиғат ана Алматының маңайына асқан жомарттықпен тарту еткен [5].
Достарыңызбен бөлісу: |