Дәріс тезистері №1 дәріс



бет1/9
Дата15.11.2023
өлшемі62,55 Kb.
#122534
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 1 курс 2023


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ № 1 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Ботаника ілімінің даму тарихы, негізгі бөлімдері. Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы үлкен мәселелер аумағын қамтиды: өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылымдық (морфология және анатомия) заңдылықтарын, олардың жүйелерін, геологиялық уақыттар ішінде дамуын (эволюция) және туыстық байланыстарын (филогения), жер бетінде бұрынғы және қазіргі таралу ерекшеліктерін (өсімдік географиясы), қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын (өсімдік экологиясы), өсімдік жамылғысының қалпын (фитоценология, немесе геоботаника), өсімдіктерді шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі мен жолдарын (ботаникалық ресурстану, немесе экономикалық ботаника).
Зерттеу обьектісі бойынша Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы фикологияны (альгологияны) – балдырлар туралы ғылымды, микологияны – саңырауқұлақтар туралы, лихенологияны – қыналар туралы, бриологияны – мүктер туралы т.б. бөледі: өсімдіктер әлеміне жататын микроскопиялық организмдерді зерттейді (бактериялар, актиномицеттер, кейбір саңырауқұлақтар мен балдырлар), ерекше ғылым – микробиологияны бөледі.
Ботаника өсімдіктер туралы ғылымның қалыптасқан жүйесі ретінде 17-18 ғғ. қарай пісіп жетіле бастаған, бірақ та өсімдіктер туралы көптеген мәліметтер алғашқы қауым адамына да белгілі болған, яғни, оның тіршілігі пайдалы, ең бастысы азықтық, дәрілік және улы өсімдіктермен байланысты болған. Грек ғалымдары Аристотель мен оның шәкірті Теофрастың шығармалары өсімдіктерді тек олардың пайдалылығына ғана байланысты сипаттамай оларды ағаштарға, бұталарға, жартылай бұталарға және шөптерге жіктеп бөлуге тырысты; шөптерді көпжылдық, екі - және біржылдық етіп әрі қарай ажыратты. Оның «Өсімдіктер туралы зерттеулерінде» шамамен 480 өсімдік сипатталған.
Дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Жасуша туралы ғылым – ол

  1. Эмбриология

  2. Гистология

  3. Цитология

  4. Физиология

  5. Зоология

2.Жасуша теориясының авторы:

  1. Р.Гук

  2. А.Левенгук

  3. Т.Шван мен Ф.Крик

  4. Д.Уотсон мен Ф.Крик

  5. Ч.Дарвин

3.Жасушалық құрылысы жоқ организмдер :

  1. Вирустар

  2. Бактериялар

  3. Саңырауқұлақтар

  4. Қыналар

  5. Өсімдіктер

4.Микроскоп жасап оны зерттеу жұмысына алғаш пайдаланған, «жасуша» деген терминді ендірген:

  1. Н.Грю

  2. М.Мальпиги

  3. Р.Гук

  4. Ян Пуркинье

  5. Н.Железнов

5. Фотосинтез процесіне қатысатын органоид:

  1. Ядро

  2. Хлоропласт

  3. Митохондрия

  4. Ядрошық

  5. Рибосома

1.Ботаника ғылымы нені зерттейді?
2.Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер
3.Адамға өсімдіктердің қандай пайдасы мен зияны бар?
4.Алғашқы микроскопты құрастырған ғалым
5. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін маңызы бар ма?
2 дәріс Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)
1.Өсімдік жасушаларының құрылымы):Цитоплазма оның негізгі компоненттері химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жасуша – өте майда тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі, бұл тұтас организмнің барлық мүмкіндігін сақтайтын, негізгі бөлшек, қарапайым организм. Жасушада тіршіліктің барлық белгілері бар, олардың арасында маңызды болып саналатындары:
1. Энергияны қорға жинау және қайта құру. Хлоропластарда күн сәулесінің энергиясын химиялық заттар энергиясына мысалы, крахмалға айналдыру жүреді. Митохондрияларда химиялық заттар энергиясы АТФ(аденозинүшфосфорлы қышқылы) энергиясына айналады. Тіршіліктік маңызы бар құрылымдарды жасауға қажетті, молекулалар синтезі, мысалы нәруыздар синтезі, рибосомалардың көмегімен жүзеге асырылады.
2. Алғашқы белгілермен тірі организмдердің қасиеті– энергобағыныштылық - байланысқан. Тірі организмдер тек, оларға энергия және қоректік заттар сырттан түскенде ғана тіршілік ете алады.
3. Көбею (бөліну), тұтастай жасушаға да, оның бөлек органоидтарына, ядросына, хлоропластарға, митохондрияларға тән. Негізіне, ДНҚ салынған, ақпаратқа байланысты, жаңа молекулар және құрылымдардың пайда болу процесі жатады. Дәлірек, тірі организмдердің бұл қасиеті өздігінен көбею деп аталады. Бұл қасиет уақыт бойына тіршілікті сақтауға көмектеседі, яғни организмдердің тіршілік ету ұзақтығы шектелген.
4. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік те тіріні өліден ажыратады. Тұқым қуалаушылық - организмдердің белгілерді, қасиеттерді және ерекшеліктерді беру, ұрпақтан ұрпақа дамыту қабілеті.
5. Саралану, оның нәтижесінде жасуша мөлшеріне ұлғайып қана қоймайды, және де әртүрлі ұлпаларды жасайды. Ал сараланған ұлпалар түрінен өсімдік органдары құрылады, соған қарай, өсімдіктің әртүрлі түрлері құрылады.
6. Қозғалыс (жасушаның ішіндегінің), тітіркенішің пайда болу формасы болып табылады. Тітіркеніш – тірі организмдердің сыртқы әсерге реакциясы.
7. Бейімділік реакциялар, жасушалық құрылымның сақталуын, ауысып отыратын ортаның жағдайында, олардың оңтайлы жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді және жасушаға қалпына келу процесін жүзеге асыруға көмектеседі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
1. Газдармен ерітінділерді жасушаға таңдап өткізуін қамтамасыз ететін жартылай өткізгіш мембрана:
A Нуклеоплазма
B Тонопласт
C Плазмолемма
D Орталық тақта
E Гиалоплазма
2. Лизосоманың қызметі:
A Ферменттердің жинақталуы
B Крахмалдың синтезделуі
C Фотосинтез
D Нуклеин қышқылдарының синтезделуі
E Жеке кристалдардың жинақталуы
3. Тонопластың қызметі:
A Рибосоманы түзу және түзуді реттеу
B Генетикалық хабарлар жинау
C Крахмал синтездеу
D Цитоплазмадан жасуша шырынын ажырату
4 Плазмолиз дегеніміз:
A Цитоплазманың қабықшадан ажырауы
B Цитоплазмаға қабықшаның қысымы
C Ферменттердің әсерінен жасуша іші заттарының ыдырауы
D Су молекулаларының диффузия әдісімен плазмолемма арқылы қозғалуы
5. Жасуша органоидтары мен ядросы бар цитоплазмадағы негізгі заттар:
A Кариолимфа
B Нуклеоплазма
C Гиалоплазма
D Плазмолемма
1.Өсімдіктердің клеткасы құрылысының жануарлар клеткасынан кандай айырмалары бар?
2.Қандай органелалар цитоплазманыңсубмикроскопиялық құрылымын құрайды?
3.Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топқа бөлеміз?
4.Клетка шырыны дегеніміз не,оның құрамы қандай?
5.Хлоропластың пигменттік құрамы атқаратын қызметі қандай?
3 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жасушалық ядролардың бөліну типтері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Митоз. Біржасушалылардың көбеюі, және де көпжасушалы организмдер санының өсуі бөліну жолымен жүреді. Жасуша бөлінуінің алдында жасушалық ядроның бөлінуі жүреді, ол үш тәсілмен жүзеге асырылады: митоз (тікелей емес бөліну), амитоз – тікелей бөліну және мейоз, немесе редукциялық (өзгеру) бөліну жолымен.
Жасушалардың бөлінуіндегі ең көп таралған түрі митоз (гр. митос – жіп) тікелей емес бөліну, немесе эквациялық кариокинез, оны орыс ботанигіИ.Д.Чистяков 1874 жылы алғаш рет ашып, сипаттаған. Митоз, жалпы жағынан алғанда жануарларға ұқсас және аналықтағы сияқты денежасушаларын түзуге әкелетін, көбеюдің әмбебап формасы болып табылады.
Митоз кезіне ядрода ерекшеленген түзілімдер– тұрақты саны, ерекше ұйымдық және жекешелік қасиетке ие, тірі тіршіліктің құрылымдық бірлігі – хромосомалар (гр. хромо - түс, сома -дене) айқын көрінеді.ХромосомаларДНК, РНК және нәруыз-гистондардан тұрадыөздігінен ұрпақ қалдыруғажәне көптеген жасушалық бөліну бойына барлық қасиеттерін сақтауға қабілетті. Өсімдіктердің әрбір түрінде дене немесе сомажасушасында болатын белгілі және тұрақты хромосома саны болады. Осыдан хромосомалардың денелік жиынтығы ұғымы пайда болған немесе кариотип, яғни организмдегі хромосомдар жиынтығы: бидайда хромосома саны– 42, сарғалдақта – 12, қызылшада – 18, тарыда -14, папоротникте – 500 т.б.
Мейоз. Жыныстық жолмен көбейетін организмдердің бәрі де, митоз сияқты әмбебеп, бірақ та бағытталуы мен телімділік аясы өте тар ретінде
сипатталатын ерекше бөліну түрі - мейоздың (гр. мейозис – азаю, жойылу) нәтижесінде, жасушалар–гаметтер түзеді. Мейоз үздіксіз және митоздағы сияқты кезеңдер жиынтығынан тұрады. Бірақ та ұрықтануда аналық және аталық хромосомалар бірігетіндіктен, гамет түзілуде олардың санының екі есе азаюы биологиялық қажеттілік болып табылады, яғни жасуша диплоидтық жағдайдан гаплоидтыққа өтеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
1. Өсу, даму, зат алмасуды реттейтін жасушаның орталық органелласы:

  1. Лизосома

  2. Пироксисома

  3. Ядро

  4. Ядрошық

  5. Диктиосома

2. Жасушада РНК синтезделетін орын:

  1. Ядрошық

  2. Гольджи аппараты

  3. Рибосомалар

  4. Вакуольдер

  5. Хлоропластар

3. Хромосомасыз пайда болатын ядроның тікелей бөлінуі:

  1. Мейозда

  2. Эндомитозда

  3. Полиплоидта

  4. Амитозда

  5. Митозда

4 Генетикалық хабарды тасымалдайтын ядроның құрылымдары:

  1. Хромосомдар

  2. Рибосомдар

  3. Лизосомдар

  4. Сферасомдар

  5. Митохондриялар

5 Митоздағы хромосомалардың ажырауы:

  1. Профазада

  2. Анафазада

  3. Интерфазада

  4. Телофазада

  5. Метафазада

1.Онтогенез кезінде клеткада қандай даму фазалары жүреді?
2.Клеткалардың бөлінуі немен байланысты?
3.Интерфаза кезінде клетка ішінде қандай құбылыстар болады?
4.Митозда клеткалар қандай ретпен өзгерістерге ұшырайды?
5.Митоздың биологиялық маңызы неде?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет