Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Ақша қаражаттары есебі мен аудиті Студент: 4 курс сыртқы бөлім



бет5/6
Дата09.05.2022
өлшемі378,5 Kb.
#33608
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Қорытынды

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында кіріспе бөлімінде қарастырамын деген сұрақтар толық ашылды деп ойлаймын.

Дипломдық жұмыстың «Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» атты жұмысты жазуыма себеп болған жағдай, бұл қандай да бір кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы көрсеткіштерді көрсете алудың негізі ақша қаражаттарын дұрыс және тиімді пайдалануындаболып табылады, сонда ғана сол кәсіпорынның жұмысы және басқарушының жұмысы нәтижелі екенін көре аламыз. Сондықтан қандай да бір кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың қызмет түрлерін, қаржылық жағдайын, тұрақтылығын, өтімділігін, төлем қабілеттілігін және тағы басқа да көрсеткіштерін біз қаржылық есеп беру нәтижесі негізінде көре аламыз. Мысалы кәсіпорынның балансы – бұл сол кәсіпорынның айнасы деп айтуға болады деп ойлаймын. Сонымен, осы акционерлік қоғамның баланс көрсеткіштері қоғамның жағдайының жақсы және жаман әсерлі жақтарын талдай отырып, кәсіпорынның, жаман жақтардағы қателіктерінің қайталанбауы үшін, ол жақсы жақтардан айырылмауға тырысатын болу керек.

Осы сияқты аудиттің атқаратын қызметі өте зор деуге болады және осыған көз жеткізіп отырмыз. Мысалы, акционерлік қоғамның төлем қабілеттілігі ақша қаражаттар мен қысқа мерзімді міндеттемелердің қатынастары негізінде көрінеді. Бұл дегеніміз ақша қаражаттар көп болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді жаба алатынымыз аннық емес пе. Сондықтан да қандай да шаруашылық қоғамның мақсаты табыс табуды көздейді.

Сондай-ақ ақша қаражаттар есебін ұымдастыру және дұрыс жүргізудің маңызы зор екенін көреміз. «Оптика» акционерлік қоғамы өз ақша қаражаттар есебін жақсы ұйымдастырған. Оған дәлел ақша қаражаттар аудиті тоқсан сайын жүріп отырады.

Бұл дипломдық жұмыс тараулары толықтай ашылды деп ойлаймын.

«Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» тақырыбына дипломдық жұмыс. Оқулықтар мен «Оптика» АҚ мәліметтеріне сүйене отырып жасалынды. Бұл жұмыста ақша қаражаттарына түсініктемелер берілді. Ақша қаражаттары қалай және қандай заңдарға сәйкес жүргізілетіні анықталды.

Бұл тақырыпты қарастыра отырып ақша қаражаттар есебінің үздіксіз және шынайы жүргізіліп отыруының маңызы зор екендігін білдік.

«Оптика» АҚ жұмысын бақылай келе мынаадй қорытынды жасадық:

1. «Оптика» АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының соңғы версиясын (7,8) қолдануын қажет деп есептейміз.

2. «Оптика» АҚ ақша қозғалыстары күнделікті болып жатқаннан соң кассир кассалық есепті күнделікті жасап отыру қажет.

3. Банктегі шот көшірмелерін мұқият тексеріп, табылған қателерді банкке дер кезінде хабарлап отыруы керек.

4. Бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін тексеру үшін және де ақша қаражаттарының мақсатты пайдалануын қадағалап отыруға АҚ аудитті жыл сайын дәстүрлі түде өткізіп отыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет