Ақшалай қаражаттар есебі



бет1/7
Дата14.12.2022
өлшемі281,5 Kb.
#57275
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АҚ аудиті


Ақшалай қаражаттар есебі

Сұрақтар

Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.

  • Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
  • Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.
  • Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,овердрафт, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
  • Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі.

1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:

  • 1010 – «Кассадағы ақшалар»;
  • 1020 – «Жолдағы ақшалай қаржылар»;
  • 1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»;
  • 1040 – «Карт шоттардағы ақшалай қаржылар»;
  • 1050 – «Жинақ шоттарындағы ақшалай қаржылар»;
  • 1060 – «Электрондық ақшалар»
  • 1070 – «Басқа да ақшалай қаржылар».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет