Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары



бет6/16
Дата29.05.2022
өлшемі364,24 Kb.
#35871
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ДОМБАЕВА Г ПРАВ

Әдет-салт айтыстары. Мұндай айтыстар жеке адамдардың сөз сайысы емес. Олар белгілі бір дәстүр бойынша топ-топ болып, екі жақтың алма-кезек сөз қайыруы, ой жалғастыруы түрінде болады. Олардың тақырыбы – сол әдет-ғұрыпқа қатысты, яғни шектеулі болады. Ондағы ой-пікірлер, сөз орамдары алдын-ала белгілі, қай топ нені айтатыны мәлім болады. Топ болып айтқандықтан сөздері жаттаулы болады және әні де көпшілікке аян, хормен айтуға бейім болады. Демек, мұнда фольклорлық дәстүр айқын көрініс береді. Мәселен, әдет-салт айтысының тамаша үлгісі "Жар-жардың" орындалу мезгілі мен мазмұны дәстүрден шықпайды, олар ел білетін шартқа жауап беруге тиіс. Сол сияқты "бәдік" те екі топтың жатқа білетін сөзінен әрі әуенінен тұрады. Оның да өзіндік орындалу шарттары мен мақсаттары бар.
Қайым айтыс. Халықтың өте қызық көріп, тамашалайтын сөз өнері. Мұнда ешқандай ғұрыптық белгі жоқ. Бұл айтыс, негізінен, екі жастың, көбінесе бойжеткен мен бозбаланың арасында болады, сол себепті оны "қыз бен жігіт айтысы" деп те атайды. Мұндай айтыс, әдетте, кездейсоқ болады: жігіт пен қыз жиында, немесе оңашада кездесіп қалады да, сөз сайысына түседі. Сол себепті мұнда тақырып кең болады, жастар өздерін еркін сезінеді. Айтыстың бұл түрінде ең әуелі тапқырлыққа мән беріледі, сондықтан айтысушылар бірін-бірі сөзден, уәжден ұту үшін тапқырлық танытып қана қоймайды, олар алуан түрлі әдісті қолданады, тіпті дөрекі сөздерге дейін барады, бірақ бұл сөкет деп саналмайды. Қайым айтыстың көлемі үлкен болмайды, мазмұны өте қызғылықты болады. Айтысқан жастар жеке басының мәселесімен қатар әлеуметтік те проблемаларды қозғайды, этикалық әрі эстетикалық тұрғыдағы тақырыптарға барады. Айтыстың формасы қарапайым болады. Көп жағдайда қыз бен жігіт бір шумақпен ғана шектеліп отырады, сондықтан олар қара өлең формасын жиі қолданады.
Мысал айтыс. Бізде айтыстың ерекше бір түрі бар. Ақиқатында, бұл классикалық формадағы, яғни өз мағынасындағы айтыс емес, яғни мұнда адамның сөз сайысы жоқ. Мұнда екі жақтың атынан бір кісі сөйлейді. Мысалы, біреу астындағы атымен, немесе тау-таспен, я болмаса аруақпен айтысады. Әрине, бұл жерде екі адамның айтысы жоқ, бірақ екі кейіпкер бар: бір адам екі кейіпкердің атынан сөйлейді. Бұл – нағыз өнер. Басқаша айтқанда, бір адам екі рольде көрінеді, екі адамның ролін атқарады. Демек, ол әрі автор, әрі кейіпкер, яғни автор басқа бір кейіпке түсіп, бөтен рольде ойнайды. Ендеше, бұл – театр өнерінің әдісі. Сол себепті біздің ұлттық фольклор туралы ғылымда мұндай шығармаларды айтыс жанрына енгізіп, шартты түрде "мысал айтыс" деп атау орныққан. Бұл айтыстың да тақырыбы әр алуан, бірақ соған қарамастан ортақ белгі бар: ол – адам, яғни автор – субъект, ал екінші кейіпкер (тау, аруақ, қой, т.б.) – антисубъект болып көрінеді. Міне, осы жағдай бұл шығармаларды айтыс деп есептеуге негіз болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет